Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Күз әуені)

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Күз әуені)

Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.

Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.

Жұлдыз туып таң алды,
Әнге орап ғаламды,
Сазды әуен шаттыққа
Бөледі бар адамды.

Әуенге еріп сиқырлы,
Айтылды ән боп сыр қилы.
Күзгі әуен жастардың
Жүрегіне нұр құйды.

Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
күз туралы өлең, күз туралы өлеңдер жинағы, ғабиден қожахмет Күз әуені өлең олен стихи на казахском, габиден кожахмет өлең олен стихи на казахском, ғабиден қожахмет, габиден кожахмет олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]