Қазақша өлең: Несіпбек Айтұлы (Ана тілім)

Қазақша өлең: Несіпбек Айтұлы (Ана тілім)

Қыран құстай аспандап ана тілім,
Көтерілсе, қауырсын-қанатымын.
Шалатұғын қиырдан не болмаса,
Жарқылдаған көзінің болатымын.

Самғау ғана жарасар көк құсына,
Тегеуріні менмін ғой, топшысы да.
Уа, Тәңірім, бар болсаң шыныменен,
Жолатпа оны атылар оқ тұсына.

Жерге түссе қонатын тұғырымын,
Тұғыр болар тамырдың түбірімін.
Не болсам да болайын тілім үшін,
Керегіне жарасам ғұмырының.

Тұлпар болса алысқа арындайтын,
Тынысымын ешқашан тарылмайтын.
Тұяғымын немесе көк темірдей,
Тасқа соқса сынбайтын, жарылмайтын.

Үйлесімін табамын, жарасымын,
Тілімдікі бойдағы бар асылым.
Тұра шапса көк мұзда тайдырмайтын,
Табандағы немесе тағасымын.

Түскен кезде тағдырдың егесіне,
Тағасының боламын шегесі де.
Қасиетіңнен, ана тіл, айналайын,
Халқым менің көтерген төбесіне!

Тұлпарым да өзіңсің, қыраным да,
Намысым да өзіңсің, ұраным да!
Көз жұмылып, қараңғы көрге кірсем,
Сенің үнің жатады құлағымда!

Иманым да өзіңсің, құраным да,
Жағылатын басыма шырағым да.
Өлген соң да сен үшін күресемін,
Аруақ болып орнымнан тұрамын да!…
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
несипбек айтов Ана тілім стихи на казахском языке несіпбек айтұлы өлең олен, несіпбек айтұлы өлеңдері, несіпбек айтұлының өлеңдері, стихи на казахском языке несипбек айтов, Ана тілім, несіпбек айтұлы ана тілім

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]