Реферат: Органикалық химия және оның даму тарихы

XIX ғасырдың ортасына дейін органикалық химияны өсімдіктер мен жануарлар организмінде түзілетін заттарды зерттейтін ғылым деп келді. "Организм" деген сөзге сәйкес органикалық химия деген атау пайда бодды. Ғылымның дамуына сәйкес, бұл атаудың мағынасы түбірлі өзгеріске ұшырады, солай бола тұрса да, осы тарихи атау сақталып, бүгінге дейін жетіп отыр.
Қазіргі кезде органикалық химия деп, көміртек қосылыстарын және олардың туындыларын зерттейтін ғылымды, ал органикалық заттар деп, құрамында көміртек элементі бар заттарды айтады.
Өте ерте кезден-ақ адам баласы кейбір органикалық заттарды ала білген және оларды өздерінің тұрмыстық қажетіне пайдаланған. Мысалы, қантты заттарды ашыту арқылы шарап ішіщцктерін дайындаған. Индияда қант қамысынан қант ала білген, ертедегі Римде өсімдік текті бояулар-индиго, ализарин және т.б. тұрмыста пайдаланған. Сол кезде-ақ жағымды иісті эфир майлары, сірке суы және т.б. органикалық заттар белгілі болған.
Орта ғасырда жаңадан дамып келе жатқан химия ғылымы алхимиктер еңбектерінің арқасында біршама ілгері жылжыды. Мысалы, айдау әдісін тауып, оны жетіддіру нәтижесінде, араб алхимиктері 900 жылдарда таза шарап спиртін алды.
ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында М.В.Ломоносов пен А.Лавуазье материя сақталу заңын ашып, химиядағы зерттеулердің сандық-мөлшерлік әдісіне жол салды. Химияда осы кезден бастап химиялық анализ, яғни заттың сандық және сапалық құрамын анықтау пайда болды. Химиялық анализ саласының дамуы химиялық заттарды тазарту әдістерін жетілдіруге ықпалын тигізді. Соның нәтижесінде, ХҮІІІ ғасырда бірқатар органикалық заттар (мочевина, шарап, лимон, алма, галл қышқылдары және т.б.) бөлініп алынды.
Химия ғылымының алғашқы даму кезеңдерінде ғалымдар органикалық және бейорганикалық заттардың арасындағы айырмашылықтарды байқамады. Тірі және өлі табиғаттан алынатын заттардың түзілу жолдарының әр түрлілігі және қасиеттерінің өзгешелігі химияны органикалық жөне бейорганикалық деп екіге бөлуге негіз болды.
Сонымен, XIX ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктер организмінде түзілетін заттарды зерттейтін "органикалық химия" деген алғашқы ұғым қалыптасты. Бұл кезең виталистік көзқарастың кең тараған кезеңі еді. Көптеген ғалымдар, соның ішіңце, әйгілі швед ғалымы Берцелиус те, "органикалық заттар тек тірі организмде ерекше бір "тіршілік күшінің" әсерінен түзіледі" деген пікірде болды. Органикалық заттардың пайда болуы туралы бұл көзқарасты витализм деп атады (Vita латынша тіршілік). ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Ордендер мен Медальдар пайда болуы

ОРДЕН (нем. orden, лат. оrdo — қатар, дәреже)—ерекшелік белгісі, ерекше еңбек сіңіргені үшін берілетін құрметті наград. Ерекшелік белгісі ретінде Орден Бат. Европада 12 ғ-дан өмір сүрген рухани-рыцарьлық Олдендерге (қауымдармен) байланысты пайда болды. Бұл қауымдардың мүшелері өзгеден ерекше киім кпіп, оның омырауына белгіленген түрлі түстегі крестер тағып жүрген. 14—16 ғ-да монархтар дворяндарды көтермелеу үшін белгіленген сарайлық. Орден кеңінен тарады. Бұл қауымдардың қауымдық әшекейлі костюмдері, қауымдық ерекше белгілері болды, бұл белгілер кейініректе наград ретінде берілетін болды мыс, Англияда Аспалы Орден 1348 ж. немесе 1350 ж. белгіленген, Бани Ордені (1399), Австрия мен Испаниядағы Алтын бөрте Ордені (1429), француздың қасиетті Рух Ордені (1579) т. б. Наградтық 0. Азияның кейбір елдерінде, соның ішінде бұрын Орден болмаған елдерде 18—19 ғ-да көптеп шығарыла бастады. Мыс, Түркияда Жарты ай Орден (1799), Иранда Арыстан мен Күн Ордені (1808), Жапонияда Күн шапағы Ордені (1875), Қытайда Қос Айдаһар Ордені (1882). 0. әдетте лентаға немесе шынжырға тағылатын белгілерден (крестер, жұлдыздар т. б.) арнаулы түстегі иыққа асатын жалпақ лентадан (жоғары дәрежелі Ордендер үшін) тұрады. Орденнің бір немесе бірнеше дәрежелісі болады. Кейде Орденнен наградтау ұрпағына немесе жеке өзіне дворяндық атақ алу правосын т. с. с. артықшылықтар бөрді. Россияда алғашқы Орденді Петр I белгіледі, олар: жоғары наград болып саналатын қасиетті апостол Андрей Первозванный Ордені (1698), қасиетті Екатерина Ордені (1714). Кейініректе әскери қызметте үздік шыққан офицерлер мен генералдарды наградтау үшін қасиетті Александр Невский (1725), қасиетті Георгий (1769) Ордені т. б. белгіленді. 1 1917 ж. Окт. соц. революциясынан кейін Бүкіл росс. Орт. Атқару комитеті мен Халкомсов 1917 ж. 10(23) ноябрьде «Сословиені және азаматтық шендерді жою туралы» декрет қабылдап, патша Ордені жойылды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Оркестірдің құрылуы мен қалыптасуы тарихынан

Қазақ халқының мақтанышына айналған, ұлттық профессионалдық музыка өнерінің қарашаңырағы атанған, бойына, бар жаратылыс тылысым табиғатына ұлылық рухын ұялатқан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұжымы, Дүниежүзілік және Халықаралық конкурстардың лауреаты, халықтар достығы орденді Қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі шын мәніндегі ұлы оркестр.
Дүниенің төрт бұрышын түгел шарлап қазақтың ұлттық музыка өнерінің мәртебесін жоғары ұстап, абырой- даңқын айдай әлемге танытты.
Ұжымның сонау қаз тұрып, қадам басқан алғашқы кездерінен бастап, биік белестерге көтерілуіне дейін баға жетпес мол үлес қосқан оркестірдің тұңғыш ұйымдастырушысы көркемдік жетекшісі және бас дирижеры-Қазақстанның халық әртісі, композитор, ғылым-академик, ұстаз профессор Ахмет Куанұлы Жұбановты даралай айтсақ, аяулы Аханның тәлім алып, ізін жалғастыра 40 жылдай тер төгіп, қалтықсыз аянбай еңбек еткен, ұжым г^ыройын асырған кеңес Одағының халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және "Парасат" орденің иегері, профессор Шамғ©н Қажығалиевтің өзі оркестр өмірбаянындағы жеке бір төбе дерлік.
Орекстрдің іргетасын қалаған Ахмет Жұбановтың музыканттар алдында дирижер таяқшасын күннен бергі өткен ұзақ жылдар бойында қаншама көп ұлттық және әлемдік классикалық шығармалар орындалды десеңізші. Құрманғазы, Тәттімбет, Дина, Глинка, Шуберт, Чайковский ,Пракофьевтердің небір шоқтығы биік жұлдызды шығармалары әрқашан да үлкен ақындық шабытпен, шынайы сүйіспеншілікпен орындалып жүр.
Ұлттық музыка мәдинетінің мақтанышы- оркестрдің мағыналы да маңызды, шын мәніндегі өрелі де өркенді қызметі жалғасып келеді. Ол үлкен тағдырды бастап кешірген ұжым, оны миллиондаған адамдар жақсы түсінеді, сүйеді, оған шексіз риза. Онсыз қазіргі Қазақстан өмірін көзге елестеу мүмкін емес. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: ОРМАН РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

Өткен 2003 жылы Қазақстан территориясында көктем-жаз ауа райының құрғақтылығына байланысты ормандардың жану салдарынан 8 млн 842 мың тенге шығын түскен. От жалынына 5195 га жер баулыса, оның 2748 га орман алып отыр. Қазақстан территориясында орман алқаптарының көп еместігін ескерсек, республикаға бұл біршама шығын түсірді.
Болған өрттердің мәліметтерін жинақтасақ, көп жағдайда ауа райының салдарынан өрт болғанын және өртті сөндіруге қарсы дайындықтың жоқтығы не әлсіздігі, оны алдын ала ескеру жұмыстарының нашар жүргізілуі және жанар-май жоқтығы көзге түсті.
Қаржының жеткілікті түрде бөлінбеудің салдарынын өрт сөндіру техникасы навшар жағдайда, орман шаруашылығындағы құралдар мен қосалқы бөлшектер соңғы 5 жылда алмастырылмаған, авиациялық қадағалаудың жоқтығынан уақытылы өртті байқау мен
Тақырыптың мақсаты.
 Орман ресурстарын сипаттау
 Орман ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын көрсету
 Қазақстан мен шетел орман алқабын белгілеу және салыстыру
 Ормандардың экологиялық маңызы
 Ормандардың көміртегіне қатысты кызметі.
 Ормандардың ауа тазартудагы қызметі.
 Антропогенді қысым жағдайында ормандардын турактылығын сақтау мәселесіне назар аудару
 Ормандарға рекреациялык қысымнын әсері
Тақырыптың зерттелу деңгейі
Қазіргі таңда бұл тақырып зерттеуді талап етеді. Қазақстан Республикасында орман қорының азаюыына байланысты оны қорғау мен тиімді пайдалану жолдарын белгілеп, оны жүзеге асыруды қолғау алу керек, сол себепті бұл тақырып жан-жақты зерттелуі аса маңызды.
Методологиялық негіз
Бұл тақырыпты орындау барысында мына әдістер қолданылды:
- зерттеу
- талдау
- салыстыру
Жұмыстың құрылымы
Курстық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Құқықтың формалары

Мемлекет билік жүргізу барысында қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларынан қабылдайды. Құқықтың формасына, (қайнар көздеріне) құқық жасаушылық барысын¬да қабылданған, бекітілген нормативтік құқықтық кесімдер кіреді.
Заң әдебиеттерінде құқықтың қайнар көздерін екі мағынада айқындап, түсінік береді. Біріншісі, материалдық, екіншісі формальдық. Материалдық мағынада алып қарағанда құқықтың қайнар көздері қалыптасқан материалдық жағдайлардың жиынтығынан туындайтын мемлекеттің құқық жасау барысындағы қызметі. Бұл жерде материалдық жағдайлар құқықты тікелей қалыптастырмайды, керісінше, құқықтың қайнар көздері мат¬риалдық мағынада мемлекеттік билік болып қабылданады. Қазіргі уақытта құқықтың қайнар көздерін материалдық мағы¬нада қабылдау, оны мойындау өте сирек кездеседі.
Құқықтың қайнар көздерін формальдық мағынада мемле¬кеттік биліктің мінез-құлық ережелерін бәріне бірдей екендігін құқық нормалары арқылы бекіту. Бірақ, қазіргі құқықтық мемлекет құру барысында құқықтың қайнар көздерін тек қана мемлекеттік-биліктік қызметтің нәтижесінде болатын көрініс дептанымай, керісінше, әдет-ғұрыптарды мойындау құқықтың жаңа қайнар көздерін қалыптастыруда. Қазіргі кезде нарықтық қатынастардың Заңдары құқықтық қатынастардың субъектілері «іскерлік қатынастарды орнату» сияқты көріністерді заң талаптары бекітпеген позитивтік әдеттік құқық деп бағалауға құлшыныс таныту көрінісі байқалады.
Мемлекет және құқық теориясында құқықтың қайнар көз¬деріне талдау жасап, баға бергенде ең алдымен халықтың мүддесі қалай заңнан шешімін табады? Құқық нормалары қалай бекітіледі? - деген сұрақтарға нақтылы
жауап беруі тиіс. Халықтың еркі, тілек-талаптары, қажетті мүдделері құқықтық нормаға айналу үшін бұл көріністер объективтендірулері тиіс. Оған дейін тек идея жүзінде болады, құқықтық норма санатына ие емес. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Құнды қағаздар нарығы

Құнды қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат кезін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Грудзон бүғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар құндықағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуда. XVI—XVII ғғ. Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.
ХІХ ғасырдың 60-жылдары тағы да бір маңызды оқиға болды. Германияда ауыр өнеркәсіпті дамытуға шығарылған құндықағаздармен делдалдық операцияларды жүргізуді универсалды инвестициялық банктер өз қолдарына алды.
Ресейге брокерлік бизнес осы Гермаииядан келді (аз мөлшерде Франциядан) "Маклер", "биржа", "акция" деген үғымдар осындай финанс инвестициясының тәжірибесімен бірге санаға енді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Құндық категория ретінде қаржының ұғымы оның мәні мен қажеттігі

Қаржы(қолма-қол ақша,табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан)-тауар-ақша қатынастарымен және мемлекеттің өмір сүруімен байланысты тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің қаржы ресурстарына қажеттіліктерімен тығыз байланысты болды. Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577жылы «Республика туралы алты кітабың деген жұмысың бастырып шығарған француз ғалымы Ж.Боденге жазып қоюға болады.»
Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының кірістері туралы») алғашқы авторы Ксенофонт(б.э.д.430-365ж.ж.)болды.Аристотельдің(б.э.д.384-322ж.ж.)қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афинның мемлекеттік құрылысы»атты жұмысында баяндалған.Қаржының мәні ,оның даму заңдылықтары, тауар ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және оның ішкі ерекшеліктерімен,сонымен бірге ұдаиы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және оның құндық экономикалық катигорияға қатыстылығын баса көрсетеді. Қаржы экономикалық катигория ретиінде эканомикалық заңдардың (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіктердің жоғарлау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипатымен даму денгейіне сәйкестік заңының, уакытты үнеидеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Құрлықтағы географиялық белдеулер

Жер шарында климат жағдайларының экватордан полюстерге қарай өзгеруі бүкіл табиғат кешенінің ендік зоналар бойынша өзгерісін тудырады. Зоналық заңдылық – табиғат кешенінің барлық компоненттеріне тән құбылыс.
Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес келеді және солардың атымен аталады. Әр географиялық белдеу климат жағдайларының тұтастығымен ерекшеленеді. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың әрқайсысы 4 негізгі географиялық белдеуге бөлінеді. Олар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық белдеулер.
Негізгі географиялық белдеулердің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп жатады. Өтпелі белдеулерге «суб» (латынша – кіші, таяу) деген сөз қосылып айтылады.
Субэкваторлық – экваторлық пен тропиктік белдеулердің; субполярлық (субарктикалық, субантарктикалық) – қоңыржай мен полярлық белдеулердің аралығын бөледі.
Экваторлық белдеу. Экватордың екі жағын бойлап созылып жатады. Белдеудің климат жағдапйлары жыл маусымдарына бөлінбей, температура бүкіл жыл бойы біркелкі таралуымен ерекшеленеді.
Жазда да, қыста да температура үнемі жоғары, яғни 25-30°С. Жауын – шашын жыл бойы біркелкі таралады (жылына 2000-3000 мм-ден , тауларда 10 000 мм-ге дейін). Белдеудің көп жерін экваторлық (тропиктік) ұдайы ылғалды, мәңгі жасыл ормандар зонасы алып жатыр.
Орман қалың өсетін алуан түрлі мәңгі жасыл өсімдіктерден тұрады. Ең биік ағаштар 50-60 м-ге дейін барады. Ағаш діңдерінін аралықтарында аз ғана саңылауды шырмалып, өрмелеп өсетін лианалар алады. Жуандығы адам білегіндей ғана кейбір лианалардың ұзындығы 300 м-ге дейін барады. Ағаш діңі мен бұтақтарын эпифиттер (грекше эпифит - өсімдікке жабысқан) басып жатады. Олар қоректі ауадан алады не ағаштың сөлін сорып күнелтеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ тілі | Құрмалас сөйлем

Қазақтың халық болып қалыптасқанына, оның қазақ тілінде сөйлей бастағанына талай ғасыр өтсе де, осы тілдің ғылыми тұрғыдан баяндалуы, зерттелуі XX ғасырда қазақ тіл білімі ғылымын зерттеуге және қазақ тілі грамадатикаларының алғашқы үлгілерін жасауда көп еңбек сіңірген түрколог ғалымдар мен орыс халқының зерттеушілер болады.
1894 жылы Петербург университетінің профессоры, Шығыс зерттеушісі, көрнекті түрколог П.М.Мелиоранскийдің «Қазақ-қырғыз тілдерінің кысқаша грамматикасы» деген еңбегі жарық көрді. Ол екі бөлімнен, екі кітаптан тұрды. Біріншісі - фонетика мен морфологияға арналса, екіншісі - синтаксиске арналған (1897ж).
Автор осы еңбегінде синтаксисті екі салаға бөлген: бірі - жай сөйлем синтаксисі, екіншісі - құрмалас сөйлем синтаксисі. Грамматикалық еңбектер-дің ешқайсысында «құрмалас сөйлем» деген тақырып қозғалмаған, сөйлемнің бұл түрі туралы айтылған ешқандай пікір де жоқ болатын. Бұл мәселе алғаш рет осы еңбекте көрініс тапты. Әрине, бұнда құрмалас сөйлем қазіргі түсінігіміздей сипатталған жоқ. П.М.Мелиоранскийдің жоғарыда аталған қазақ тілі грамматикасында «сложное предложение», «подчиненные предложение» деген атауларды кездестіреміз (51, 92).
В.В.Катаринский «грамматика киргизского языка» деген еңбегінде құрамында екі етістік келетін сөйлемдерді құрмалас сөйлемдер деп атаныған (42, 85).
Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі
ғылыми тұрғыда толық сөз бола қойған жоқ. Солай бола тұрса да бұл зерттеу
еңбектері қазақтілінің басқа салалары сияқты, құрмалас сөйлемнің ғылыми
тұрғыда зерттелуіне, оқулықтар мен бағдарламалар жасалуына себепші болды.
А.Байтұрсынов өз еңбегінде құрмалас сөйлемдерге: «Ішкі жақындық - мағына жүзіндегі жақындық. Мағына жақындығынан басқа қисын жақыидығы бар сөйлемдер құрмалас деп аталады»,- деп анықтама бере ( -келе, құрмалас сөйлемдер түрін сыйыса құрмаласу және қиыса құрмаласу деп 2-ге бөледі....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ

Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Күй атасы.
Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары.
Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды.
Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті, Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер — халықтың азатгығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында XIX ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі "Кішкентай" күйін арнаған. Одан кейінгі "Ақбай", "Ақсақ киік", "Түрмеден кдшкдн", "Адай" күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0