Реферат: Медицина | Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу

Медициналық генетика адамда болатын түрлі тұқым қуалайтын ауруларды, оларға диагноз қоюдың және емдеудің жолдарын зерттейді. Бүкіл дүниежүзілік статистика бойынша дүниеге келіп жатқан сәбилердің шамамен 7—8%-ы түрлі тұқым қуалайтын аурулармен ауырады. Сондықтан сол ауруларды жан-жақты зерттеу, олардан алдын ала сақтандыру және емдеу жалпы адам генетикасының, соның ішінде, медициналық генетиканың негізгі проблемасы болып табылады. Генетиканың бұл саласы бойынша зерттелетін келесі маңызды бір мәселе — адамда тұқым қуалайтын өзгерісті қандай факторлардың тудыратынын және адамзатты көптеген ауыр зардаптардан құтқару үшін оларға шара қолданудың жолдарын зерттеу.
Медициналық генетиканың негізінде хромосомалардың өзгеруіне байланысты болатын бірнеше тұқым қуалайтын аурулар анықталды. Олар хромосомалық арулар деп аталады. Ондай ауруларға Клайнфельтер, Шершевский-Тернер, Даун аурулары және т.б. жатады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Өңдірісте

Өңдірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және т.б. салаларда түрлі берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі.
Оларды сақтаудың көп тараған әдісі – компьютерде деректер қоры түрінде сақтау. Деректер қоры (ДҚ) – құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл (деректер қорын кейде берілгендер қоры деп те атайды). ДҚ-да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады. Яғни дискілік файл – деректер қоры, оған енгізілетін кесте – ДҚ құрамында сақталушы объект. Деректердің байланысты элементтер тобын жазба деп атайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | МББЖ Access

Мәліметтер базасында жобалау кезендері.
Мәліметтер базасында белгілі – бір пәндік облыс туралы ақпарат көрінеді. Пәндік облыс (ПО) деп нақты зертеу үшін қызығұшылық білдіретін реалды әлемнің бөлігі аталады. Автоматтандырылған ақпараттық жүелердепәндік облыстың көрінісі мәліметтердің бірнеше деңгейлерінің модельдерімен ұсынылады. Модельдердің деңгейлерінің саны МББЖ – нің ерекшеліктеріне тәуельді болады. Әрі қарай біздер МББЖ - ге деректер базаларын жобалауда сұрақтарын қарастырамыз, құрылымдық деректер модельдерін қолдаймыз. Модельдер логикалық және физикалыһ деңгейде бөлек түрінде қолданатына қарамастан, методологиялық көзқарастан мөдельдердің деңгейлерін және деректер базаларының жобалау кезендерін бәрі – бір белгілеуге болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Мәтіндік информацияны

Көкейкестілігі: Ms Word – мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша бағдарламасы. Ол – мәтіндік және графиктік мәліметтерді өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.
Мәтіндік информацияны енгізу, теру және өзгерту үшін мәтінді өңдеудің арнайы жүйесі қолданылады (оларды әдетте мәтіндік редакторлар деп атайды).
ЭЕМ мәтінге қолданатын амалдарды автоматтандыруға мүмкіндік береді, мысалы, бүкіл мәтіндегі бір сөзді басқа сөзбен ауыстыруға, мәтіннің қажет үзіндісін немесе белгілі бір суретке сілтемелердің барлығын оңай табуға мүмкіндік береді.
Мысалы, мәтінге қосымша бір – екі сөз қосып жазу керек болсын, онда бүкіл мәтін қалқып кетеді, бұрын бір жолдан екінші жолға тасымалданып жазылған сөздер енді жолдың ортасында болуы мүмкін, ал жол ортасындағы сөз – жолдың шетіне ауысуы мүмкін. Жаңа сөздер қосылғаннан кейін «тегіс» мәтін алу үшін сөздердің жаңадан орналасу жағдайын есептеп, олардың жолдары бойынша орналастыру қажет. Осындай шығармашылық емес, техникалық жұмысты қазіргі заманғы мәтіндік өңдеу жүйелері ешқандай қиындықсыз орындай алады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Мәтін

Бұл тарауды жазудағы мақсат функционалды стиль мәтіндерінің интонациялық құрылымын, әр стиль мәтінін түзудегі кідіріс, қарқын, әуен, үдемелілік тәрізді просодикалық тәсілдердің рөлін анықтау болып табылады. Негізгі мәселе төңірегінде сөз қозғамас бұрын мәтін туралы түсінікті айқындап алуды жөн көрдік. «Қазақ тілінің энциклопедиясында» мәтін туралы және мәтін лингвистикасы туралы жазылған негізгі тұжырымдарды келтіре отырып, сонда айтылған басты қағидалар негізінде ой дамытсақ: мәтін (текст) латынша - байланыстыру, бірігу, тілдік таңбалардың мағыналық және тұлғалық байланыстылығы негізінде түзілген ізбе-ізділігі. Мәтіннің құрылымы мына талаптарға жауап бергенде ғана жүзеге асады: сыртқы тұлғалық байланыстарға, белгілі бір ішкі мазмұнға және дер кезінде қабылдана алу мүмкіншіліктеріне ие болуы, қарым-қатынас жасаудың іске асуы т.б.
Мәтін - жазудың шығуымен байланысты қалыптасып жетілген және әрі қарай дамып отыратын тілдік құрылым. Мәтіннің маңызды белгілерінің бірі - оның аяқталғандығы. Мәтіннің негізгі категорияларына хабарлау, қосымша хабар біртұтастығы, уақыт бірлігі, модальдық т.б. жатады ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: МӘҢГІ ӨМІР СҮРУГЕ ҚАДАМ

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен қалалық балалар емханасында «Ана, әке және мен – салауатты жанұя!» мәдени шарасы 1 маусым балаларды қорғау күніне арналып, медицина қызметкерлері балалары және емханаға қаралуға келген балалардың қатысуымен өткізілді.
Шараның мақсаты: ата-ананың өз баласын тәрбиелеудегі салауаттылықтың орын алуы, өмірге деген көзқарастың мәдениетін қалыптастыру, салауаттылық арқылы денсаулықты сақтау, күшейту.
Ата-ана мен балалар арасындағы психологиялық қарым-қатынасты жетілдіру. Бұл шараға балалар ата-аналарымен бірге қатысты.
«Ақбота» балалар үйінің балалары өздерінің дайындаған концерттік бағдарламасымен салауаттылық пен денсаулықты сақтауға бағытталған К.Чуковскийдің «Мойдодырь» ертегісінен көрініс көрсетілді.
Қатысқан ата-аналар мен балаларға ақпараттық-оқыту материалдары таратылып, сыйлықтар ұсынылды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы

Мәншүк Мәметова Жеңсікәліқызы (Жиенғалиқызы) 1922 Батыс Қазақстан қазіргі Орал облысының Орда ауданында туған. Мәншүктің ата-анасы ерте қайтыс болды да, бес жасар баланы оның тәтесі Әмина Мәметова бауырына басады. Мәншүктің балалық шағы Алматыда өтті.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк медицина институтында оқып, соңымен бір мезгілде республика Халық Комиссарлары Советінің секретариатында қызмет етіп те жүрген. 1942 жылдың авгусында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынады да, майданға аттанады. Өз бөлімінде Мәншүк таңдаулы пулеметші атанады. Алғашында бригада штабында қызмет етті, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінің командирі болды....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Мәліметтер үлгілерінің түрлері

Мәліметтер үлгісінің ұғымы дегенде мәліметтерге қолданылатын амалдарды және мәліметтердің сақталған мәндеріне шектеулерді айтуға болады.
Жалпы мәліметтер қоймасында мәліметтерді бейнелеп сипаттаудың екі деңгейі бар. Ол ақпараттық үлгі және мәліметтердің физикалық үлгісі.
Ақпараттық үлгі бағдарламалық жабдықтауды қолданушыға түсінікті болатындай түрде бейнелеуі тиіс. Ондай ақпарат қолданушыны қызықтыратын жағдайлар мен олардың өзара байланысы, қасиеттері болып келеді.
Мәліметтер базасын басқару жүйесін (МББЖ) қолдайтын мәліметтер үлгісінің өз құрылымы, оларға қолданылатын амалдар жиыны болады.
Мәліметтер базасын басқару жүйесінің жабдықтарымен қолданылатын логикалық деңгейдегі мәліметтер үлгілерін даталогиялық үлгі деп атайды. Бұл үлгі мәліметтердің элементтері арасындағы қисынды байланысты олардың мазмұны мен сақталу орындарынан тәуелсіз түрде сипаттайды.
Даталогиялық үлгіні тұрғызу барысында бейнеленгелі отырған пәндік саланың ерекшеліктері ескеріледі. Мәліметтер базасы мәліметтердің біріктіріліп және өзара байланыстық сақталуын қамтиды. Сол себепті де, ондай үлгіні жобалауда пәндік саланы сәйкестендіріп сипаттаған дұрыс.
Егер Мәліметтер базасын тұрғызғанда пәндік сала туралы ұқсас ақпарат қажет болса және сол пәндік саланы сипаттау – қолданылатын бағдарламалық, техникалық жабдықтардан тәуелсіз болса, ондай үлгіні пәндік саланың инфологиялық үлгісі деп атайды. Пәндік саланың инфологиялық үлгісі даталогиялық үлгіге қарағанда, бастапқы кейіптегі үлгі болып саналады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Мәліметтер Базасын Басқару Жүйесі

Электронды есептегіш машиналардың маңызды ерекшеліктерінің бірі – ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар ғана емес жарандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер МБ-ның көмегімен іске асады.
МБ-белгілі бір арқаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал – тәсілдермен ұқсата білудің жалпы принциптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі.
Мәліметтер базасы дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым.
Электронды МБ-ның басты қасиеті – ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау, сондай – ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым түрлендіру мүмкіндігі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесі

Мәліметтер базасы дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқанан құрылым. Ең алғаш мәліметтер базасы ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер базсын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек мәліметтер ғана емес, ақпаратта сақталады деп айта аламыз.
Осы аталғанды мысалмен түсіндіре кетелік. Үлкен банкінің мәліметтер базасын қарастыралық. Мұнда тұтынушы туралы, оның адресі жайлы, қаржылық амалдары несие алу тарихы және т.б. мәліметтер бар. Бұл мәліметтер базасына көптеген көптеген банк қызметкерлері қатынай алады, бірақ олардың ішінде тұтастай базаға кіріп, оғған өзгерістер енгізе алатын қызметкер жоқ. Сонымен қатар әрбір қызметкердің өзіне берілген нақты мәіліметтермен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мәліметтер базасының әдістері мен құралдары да бар.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толдыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құралдарына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені. ....
Рефераттар
Толық
0 0