Реферат: Педагогика | Қазақ сөзінің шығу тегі тарихы

Бір ұлттың ұлттық этнонимінің шығуы, оның мән-мағынасы мен сөз төркіні тұманды мәселе. Тарихта ол талай ой-пікірді туғызып, айтыстар көтеретін, сан-алуан жорамал – жоруларды жорыққа шығаратын және бірауызды шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Сол сияқты, ''қазақ'' атауының шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселелер талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамал-жоруларды, дәлел-деректерді тудырады. Менің бұл тақырыпты алған себебім тарих ғылымында әлі күнге дейін, бұл мәселеге дәл, тұжырымды, тоқ етер жауаптың жоқтығы. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құрылу, қалыптасу тарихы мен уақыты ''қазақ'' атауының деректемелер де жарыққа шығуынан ажырата білу қажет.Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен оның атының бір уақытта бола бермей, ол ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселенің бірі.
''Қазақ'' сөзінің пайда болуына байланысты, ғалымдар әлі бір пікірге келген жоқ. Осы сөздің мағынасын түсіндіретін бізге көптеген ертегілер, аңыздар, мифтер, ғалымдардың еңбектері жетті. Кейбір ғалымдар, ''қазақ'' сөзі тайпалардың ыдырау нәтижесінде пайда болып, бұл сөз әлеуметтік мағынаға ие деп жорамал жасайды.
Ал, басқа ғалымдардың пікірлері бойынша ''қазақ'' сөзі XV ғ 50-60 жылдары Керей мен Жәнібек сұлтандары басқарған тайпалардың жалпы атауы болып келеді. “ҚазССР тарихының” бес томдығында: “қазақ ұлты – XIV- XV ғ.ғ аралығында қалыптасты”, - деп жазылған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Мәдениеттану | Қазақ мәдениетінің көркем шығармашылық типологиясы

Өнер ұғымы мәдениеттануда сөздің тар және кең мағынасында қолданылады.Терминнің тар мағынасында “ өнер ” деп көркем шығармашылық процесін және оның әртүрлі бітімдерін айтады. Оның қазақ мәдениетіндегі алғашқы жүйелерін көрсеткен – Жүсіпбек Аймауытов: “ Атам заманда табылған өнер, білімнің бәрі сөз арқылы бұл күнге, жетіп піскен астай даяр болып, жемісін бүкіл адам баласы пайдаланып отыр ”. Оқымыстылар өнерді беске бөледі:
• 1. Сөз ( словесность )
• 2. Суретшілік ( живопись )
• 3. Мүсіншілік ( скульптура ). Балшық, тас, мрамор әм басқа нәрселерден адамның, басқа хайуандардың пішінін жасау.
• 4. Үй ішілік ( архитектура, үй, сарай, көпір салу сияқты өнер ).
• 5. Ән-күй ( музыка ), т.б.
Бес түрлі өнердің ең артығы – сөз. Сөздің артықшылығы- өзге төртеуін сөзбен суреттеп айтуға болады. Басқа өнерлер қанша кәмелетке жетсе де, сөзді суреттей алмайды. Қазақтың “ өнер алды – қызыл тіл ” дегені терең ақыл – тәжірибемен айтылған сөз. Қазақ мәдениетінің көркем өнерін зерттеу дәстүрі осы жолмен ары қарай дамығанын ғылыми әдебиеттен байқаймыз.
Алайда, “өнер ұғымын” кең мағынада кез келген адамның шығармашылық әрекетінің баламасмы ретінде қолдануға болады. Бұл мағына “ шеберлік ”, “ жасампаздық ”, “ іскерлік ” және жалпы мәдениеттілік ұғымдарымен сабақтас. Осы сипатта өнер адамның басқа тірі жандардан түбегейлі айырмашылығын білдіретін қасиетке жатады. Өнерлі адам деп тұлғалық қасиеттерді бойына толыққанды және үйлесімді жинақтаған кісіні айтады. Тек кейін еңбектің қоғамдық бөлінуінің нәтижесінде сөздің тар мағынасындағы кәсіпқой “ өнер қайраткерлері ” пайда болды.
Әрине “ өнер алды - қызыл тіл ” деген мақалмен келісуге болады. Сонда да көркем шығармашылықтың бастауы сөз емес деген пікір қазіргі мәдениеттануда ұсынылып отыр. Шынында да, адамзат дыбыстары ажыратылған сөйлеу қабілетіне ие болғанға дейін де жаза білген. Көне адамның тасқа салған суреттері (петроглифтер) шығармашылықтың алғашқы үлгілері болып табылады. Қазіргі кезде осыдан 4-5 миллион жылдар бұрын салынған петроглифтер табылып отыр. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Мәдениеттану | Қазақ мәдениетінің бастаулары

Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінін түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бүл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айкындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық.
Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да ие. Осылардың ішіндегі ең бастысы - дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әруақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар мен адамдармен бірге болды., оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле-жаладан қорғады.
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктін маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдык қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген үғымдармен тікелей байланыстырылды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Қазақ әйелдері бойындағы патриоттық (елжандылық) сезім көріністері

Рухани құндылықтар мен дәстүрлердің өсіп келе жатқан жас жеткіншек ұрпақты, бүгінгі заманның көшіміне ілесе алатын буын, бітім-болмысы мықты, дүниеге өзіндік көзқарасы бар, атадан балаға мирас болып келе жатқан ақжарқын мінезі мен биік адамгершілік қадір-қасиеттерді бойына жинақтаған жаңы жомарт, ділі мен тілі таза азамат, жеке тұлға ретінде қалыптастыруда, қоғам өміріне бейімдеп, әлеуметтендіруде алатын өзіндік орны мен рөлі біршама. Осыған байланысты халықтық тәрбие көздерінің тарихи орны мен рөлін объективті тұрғыдан дұрыс бағалап, зерделеу бүгінгі таңда терең мәнді әлеуметтік маңызға, педагогикалық сұранысқа ие болып отыр. Себебі, өткеннің педагогикық мәдениетін білу, оны ой елегінен өткізу және пайдалану қазіргі жағдайларда жас жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудегі әлеуметтік күрделі проблемаларды ойдағыдай шешуге жәрдемдеседі.
Халық педагогикасы- ұлттық қазына, рухани дүние. Халық педагогикасы – қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға өлмес мирас болып келе жатқан тәрбие жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Мұндағы бас тәрбиеші- халықтың өзі. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауыса отырып, бірте-бірте қордаланып, кемелдене келе «халық айтса, қалт айтпайды» дейтіндей кем-кетіксіз, ақаусыз халық игерген тәрбие ұрпағын халықтық педагогика дәстүрлері мен тәжірибесін қазіргі педагогика ғылыммының теориялық-қағидаларын әдістемелік тәсілдермен қиюластыра байланыстырып, бірлікте пайдалануға айрықша мән беріп отыр.
Халықтың ізгілік және адамгершілік тәрбие мұраттары негізіне алынған халықтық педагогиканың прогресшіл дәстүрлерін қайта өркендету аясында ғана білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын жаңғырту процесі айрықша мәнге ие бола алады. Бұл мұраттарды орынды жәе мақсатты пайдалану жеткіншек ұрпақты туған жерге, еңбекке сүйіспеншілік, үлкендері сыйлау, әр түрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдерін құрметтеу және олармен шын пейілді қарым-қатынас жасау, табиғатқа аялап қарау рухында тәрбиелеуде жәрдемдесе алады. «Халықтық педагогика, мектептік оқыту мен тәрбиелеу процесінде жеткіншек, жас ұрпақтың бойына белгілі бір ұлттың ғасырдан ғасырға, атадан балаға мирас болып қалып келе жатқан өзіндік ұлттық қадір-қасиеттерін, ұлттық сана-сезімі мен психикалық ерекшеліктерін, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, жөн-жоралғыларын, ұлт мәдениеті мен өнерін, көркем әдебиеті мен фольклорын, т.с.с. сіңіру үлгі-өнегесі, бір сөзбен айтқанда, адам баласына жұғысты барлық адамшыл қадір-қасиеттер рухында баланы тәрбиелеуде қолданатын тәлімдері». ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Қазақ елінің қоғамдық ой-санасының даму сипаты

Тәуелсіздіктің көк туы желбірегелі бері тарих қойнауының талай қалтарыстары ашылып, халықтың рухани қазынасының пайдаланылмай келген талай жәдігер мұралары бүгінде кәдеге жарап жатыр. Сондай ұмыт қалған қазынамыздың бірі - ұлттық білім беру мен тәлім-тәрбие мәселесі. Бүгінгі таңда ғылымның қай саласына болсын, жаңаша көзқараспен қарайтын уақыт жетті.
Қазақстанның Россияға қосылуы 1731 жылдан басталғанымен, патшалықтың отарлық саясатының күшейген кезі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында болғандықтан қазақ даласы осы кезеңде тарихи оқиғаларға толы болды. Патша өкіметі қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге асырып, әкімшілік басқару жүйесін енгізіп, қазақ жерінің байлығын өз мақсаттарына пайдалану үшін жанталасып жатты. Мұжықтарын лек-легімен әкеп төгіп, қазақтың ең шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөлге, құмға, тау-тасқа қарай тықсырды. Шекараны нығайта түсу үшін бекіністер салды. Патша өкіметі осы әрекеттерімен ғана шектеліп қалған жоқ, іле-шала жергілікті халықтың тіліне, діліне, дініне шабуылын күшейтті. Халықты бірден үркітіп жібермеу үшін " бұл саясатын " аса сақтықпен жүргізді. Патша өкіметі ең бастысы халықтың ауқатты тобын өз жағына шығарып алуға тырысты. "Болыстарға тілмаштар даярлау мектебін" ашып, болыстардың, атқамінерлердің балаларын оқытып, билік сүйгіштерді өзіне жақындатып алды. " Ислам дініне бой ұрады" деген ниетпен татарларды қазақтарға жолатпауға тырысады.
Патша өкіметі тек орыс мектептерін ғана ашып қойған жоқ, жер-жерлерде қазақ балаларын шоқындырып, оларға орысша ныспы беру рәсімдерін де жасады. Бұның бәрі бүгінгі күж ғана тұрғыдан айтылып отырған шындық.
Халықты тарихынан жаңылдыру үшін бірнеше рет жазу графикасы ауыстырылды. Бұның өзі бүгінге дейін ел тарихын зерттеуге үлкен қол байлау болып отырғанын жасырып, - жабудың қажеті жоқ.
Патша өкіметінің "жымысқы" саясатының нәтижесінде ашылған "орыс-қазақ" мектептерінде оқыған қазақ балалары орыстың білімі мен ғылымының арқасында көкірек көзін ашып, ХХ ғасырдың басында саяси аренаға шықға бастады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Қазақ елі қазақша сөйлеуі тиіс

Бір нәрсе көңілге көп үміт ұялатады. Ол Елбасының сөзі. «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» дейді Н.Назарбаев. Осының өз мемлекет басшысының қазақ тілінің орны мен мәнін жақсы түсінетінін аңғартады.
Жалпы, қай халықта да тілдің орны ерекше. Тілсіз халық болмайды. Тіл -халықтың жаны, демі, тынысы іспеттес. Тілдің арқасында ұлт адамы, оның мінез-құлқы, жан-жүрегі қалыптасатындай. Тілі жоғалған халықты ұлт, халық деп атау да артықтау.
Біздің халықтың тілге көзқарасы, оған беретін бағасы ғажап. Оны өмірге перзент әклуші, адам әкелуші, өмірдің нұры мен шуағы — Анаға теңейді. Бұл дүниеде Анадан құдіретті, Атадан қаснетті не бар екен? Ана қандай қымбат болса қазақ үшін қазақ тілі сондай қымбат. Иә, қымбат болуы тиіс. Бірақ, өкіншіке орай олай болмай тұр. Қазақтардың барлығының бойында «Менің тілім — ана тілім, ар-ұятым» деген құштарлық сезім жоқ.
Қазақ тілінің мәртебесі үшін күрес — бұл елдік үшін, тәуелсіздіктің баянды болуы , үшін күрес. Тіліміз арқылы ғана жүзіміз жарқын, еңсеміз биік.
Қазіргі күні бұқаралық ақпарат құралдарының, онда да электронды ақпарат құралдарының пәрмені ерен. Теледидар көрмейтін адам жоқ. Үлкен де, кіші де телміріп «көк сандықтың» алдында отарғаны. Әңгімеге тиек болып отырған мемлекеттік тілді орнықтыруда теледидардың да алатын орны ерекше. Өзіміз «қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» дейміз. Дұрыс талап. Бірақ, осылай дегенімізбен бір-бірімен орысша сөйлесіп отырған қазақтарды теледидардан жиі көріп қолымыз. Яғни, сөзіміз бен ісіміз бен бірлік жоқ. Әлгідей көріністердің теледидар бетіне жоламауына жоғарыдан да, төменнен де күш салынуы керек. Есесіне бірте-бірте орысша хабарлардың саны азая беруі тиіс. Мұны айтып отырғанымыз елімізде жергілікті халықтың саны жылдан-жылға өсіп келеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ тілі | ҚАЗАҚ ГОВОРЛАРЫНДАҒЫ КІРМЕ СӨЗДЕР

Қазақ говорлары тек көне замандағы ру, тайпа тілдерінің қалдығы ретінде сақталып калған байырғы, дәстүрлі сөздер мен тұлғалардан құралмайды. Оның ішінде кейінгі замандарда, тіпті кеше ғана, Ұлы Октябрь революциясынан кейін, пайда болған сөздер де бар. Осы кейінгі замандарда келіп қосылған диалектілік ерекшеліктердің бірсыпырасы — көрші тілдерден ауысып келген сөздер мен тұлғалар. Қазақстан жері бірнеше халықпен шекаралас жатыр. Олардың бірқатарының тілі туыстас та, кейбіреулері басқа типологиялық тілдер тобына жатады. Қазақ халқының көршілес елдермен ерте кезден-ақ тығыз қарым-қатынас жасап, олармен аралас-құралас отырғандығы белгілі. Бұл жағдай қазақ тілі құрамына әсер етпей қойған жоқ. Көрші халықтың тілі арқылы тілімізге ауысқан сөздер мен тұлғалар әсіресе Қазақстанның шет аймақтарында көп кездеседі. Мысалы, Өзбекстанмен шектес жаткан Шымкент облысы тұрғындарынын тілінде өзбек тілінен енген сөздер көп. Қырғызстанмен- шектес жатқан Жамбыл облысының оңтүстік аудандарында қырғыз тілінен енген сөздер бар. Жетісудын шығыс жағын мекендеген қазақтардың тіліне ұйғыр сөзі араласса, батыс қазақтарының тіліне татар, ноғай, башқұрт сөздері қосылып кеткен.
Ал орыс, араб, иран тілдерінің әсері барлық говорларда да байқалады, бірақ әсер ету дәрежесі барлық жерде бірдей емес. Араб, иран тілдерінің элементтері солтүстік-батыс не шығыстан гөрі оңтүстік аймақтарда көбірек ұшырайды. Орыс тілінен енген сөздер әсіресе солтүстік-батыс және шығыс аймақтарды мекендеген тұрғындардың тілінде көбірек кездеседі.
Орыс тілінен енген сөздер. Орыс тілінен енген немесе орыс тілі арқылы говорларға енген сөздердің дыбыстық жағынан қабылдануы олардың әдеби тілдегі сипатымен бірдей емес. Егерде әдеби тілдегі орыс тілінен енген бәтеңке, сот, пұт сиякты бірен-саран сөздерді есепке алмағанда, айтылуы мен жазылуы жағынан орыс тіліндегі нұсқасын сақтаса, говорларда олар ауызекі тілдің дыбысталу ыңғайына сәйкес біраз өзгеріске түсіп айтылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Қазақ ағартушылары

Батыс Еуропа елдерінде XVIII ғасырда дүниеге келді. Бұл Батыс Еуропада феодалдық құрылым тоқырауға тіреліп, зиялы қауымның дамуға жаңа бағыт ціздеген кезі болатын. Ағартушылар мақсаты жоғарыда айтылғандай – сауат ашу, білім тарату. Әрине бұдан келіп Батыс елі ХҮІІІ ғасырда сауатсыз болды деген пікір тумаса керек. Ол кезде сауаттылар да, ғалымдар да болды. Бірақ олар тек үстем тап өкілдері еді. Олар мен қалың халық арасындағы алшақтық орасан болатын. Халық тегіс сауатсыз болғандықтан ағартушылар сол қалың елді, бұхараны сауаттандырып, көзін ашпақ болды. Сондықтан, олар қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуына кезінде тиімді әсер етті. Егер ҮХІІІ ғасырдың аяғында Ұлы Франция революциясы «Бостандық, теңдік, бауырластық» деп ұранмен көтерілген болса, оның бірден-цбір түрткісі болған ағартушылар, француз философтары еді.
А) Қазақстан жеріндегі ағартушылық, негізінде, ХІХ ғасырда өріс алып, тарады. Бірақ, қазақ елінің Батыс елдерінен үлкен айырмашылықтары бар еді. Қазақ арасында үстем таптар мен кедейлер арасында сауаттылық жағынан айырмашылық аз болды. Бәрі дерлік бірдей сауаты кем болды. Бұл бір, екіншіден, қоғамдық санасы, бостандығы жағынан да айырмашылық күрделі болмады. Сөз бостандығы қазақ арасында күнделікті әдет еді. Дегенмен, қазақ елінің өзіндік проблемалары болды. Ол ел бірлігін сақтау, қазақ жеріне сырттан келіп, қол сұғушылыққа, отаршылдыққа халықтың наразылығын арттыру, көзін ашу, елді еңбекке, білімге шақыру. Сондықтан қазақ жеріндегі ағартушылықты екі бағытта алып қараған жөн. Біріншісі, бұл бір жағынан патшалық Ресейдің Қазақстан жеріне терең бойлау нәтижесінде қазақтың құнарлы жерлерін билеп-төстеп, қазақтарды шөлейт жерлерге ығыстырғанына қарсылық білдіріп, толғану болса, екінші жағынан, ақшалы тауар қатынасы күнделікті қазақ өміріне кеулеп кірген сайын, елдің дағдылы дәстүрі бұзылып, жаңа, халыққа тұрпайы қатынастар орнай бастағанын уайымдап, күңіреніп, елдің назарын соған аударып, санасын ояту болды. Өкілдері: Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкейұлы (1843-1906), Оларға дейінгі Бұқар жырау (1668-1781), Ақтамберді жырау (1675-1768) тағы басқалар.
Тоталитарлық тәртіп кезінде оларды патриархалдық өмірді көксеуші, Ресейге қарсы болған кертартпа идеология, «Зар заман» өкілдері деп қарады. «Зар заман» деген Шортанбайдың бір толғауы солай аталатын. Сондықтан, олардың аттары аталмайтын, толғаулары тарихтан сызылып тасталған еді. Байқап қарасақ, олардың елді кері тартпақ болған идеологиялары емес, қайта қазақ жерінің тағдырын ойлап, елге ұран тастап, А.И.Герценнің «Колокол» («Қоңырау») газеті сияқты халықтың санасын оятпақ болған екен. Олар екі жүзділік, зұлымдық, арамдық сияқты құбылыстар өмір салтына айналуда деп қынжылады. Екіншісі, Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған ағартушылық қозғалыс. Олар қазақ халқын оқуға, білімге, кәсіпкерлікке, еңбектенуге шақырды. Ескі зиян салттарды сынады. Сөйтіп, бұл бағыттың әдістері әрқилы болғанмен, түпкі мақсаттары бір – елді прогреске ұмтылдыру болды.
Дулат Қазақстан жеріне еніп жатқан тауарлы-ақша қатынастарының халық мінез-құлқына, салт-санасына тигізген керағар әсерін былай толғап сынады:
Мынау азған заманда,
Қарасы – антқор, ханы арам,
Батыры көксер, басы аман,
Бәйбіше – тантық, бай – сараң,
Боз баласы – бошалаң,
Қырсыға туды қыз балаң. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақ шаруаларының феодализмге және отаршылдыққа қарсы күресі

Бұл жұмысым Қазақстаннның Ресейге қосылғаннан кейінгі болған түрлі көтерілістердің бірі - Сырым Датұлының 1783-1797 ж. көтерілісі туралы жазылған. Негізгі мақсат осы тарихи оқиғаның маңызын, негізгі ерекшеліктері мен сипатын айқындап көрсету. Сырым көтерілісі қазақ шаруаларының сол уақыттағы мүшкіл күйіне сәйкес, отаршылдыққа және қазақ ақсүйектерінің қысымшылығына қарсы күрес ретінде ерекше сипат алды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Мамандықты таңдаудағы мотив

Журналистік мамандық әрқашан да өзінің әртүлілігімен, жаңалығымен, шығармашылық ерекшелігімен тартады. Бұл мотив журналист болуға дайындалып жүрген студенттерде басымдылық танытады. Мамандық таңдаудағы негзігі мотивтер: қызықтылығы, жаңалығы, адамдармен қатысым, жазуға мүмкіндік, шығармашылық жұмыспен айналысу. Адлайда прагматикалық мотивтер де көрініс бере бастады. Олар елдің нарықтық экономикаға көшуіне байланысты, елдегі жалпы жағдаймен байланысты болып келеді. Бірінші курс мамандыққа дегн қызығушылықты қоғамдық мотивпен түсіндіруде. Енді олар: «Халыққа қызықты ақпаратты жеткізгім келеді», - деуде.
Ал америкалық журналистер мотивіне келсек, оларды қоғамды ақпараттандыру процесі қызықтырады екен. Біздің отандастарымыз өздерінің шығармашылық потенциалын ашу мен әдеби жұмысқа бағытталған.
Жалпы, 1997 және 2002жж. жүргізілген зерттеулер бойынша, мамандықққа дегн қызықушылықта бірінші орында, «адамдармен қатынас» , өзін көрсету мүмкіндігі, шығармашылық табыс тұр. Сонымен қатар, бұрынғы зерттеулерде мүлдем кездеспеген жаңа мотивтер де көрініс беруде. Олар, қайта қалыптастыру мүмкіндігі, өмірді қайта құру, пікір білдіру бостандығы, тәуекелділік, өсу, шындық пен қоғамға қызмен ету. ....
Рефераттар
Толық
0 0