Реферат: Экономика | Қ Р ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бүгінгі ақпараттың, ғылым мен техниканың, технологияның қарқындап жатқан дәуірінде инновация - дамудың орталық мәселесіне айналып отыр. 2003 жылы ел Президентінің жарлығымен қабылданған дамудың инновациялық жолын таңдау туралы бағдарламаға сәйкес инновациялық іс-әрекетті қалыптастыруда қаржының мәні зор екендігі белгілі. Жалпы, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, дұрыс таңдалған инновация кез келген салада өз жемісін береді. Мысалы білім беру, денсаулық сақтау, банк жүйесі, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы. Алайда кез-келген инновациялық процесс сәтті аяқтала бермейді. Ал Қазақстанның жағдайында инновацияның қажеттігі экономиканың кез келген саласының өңдеу жүйесінен көрініп отыр. Өйткені экономикамызда біраз жылдар бойы үстемдік еткен дамудың шикізаттық бағыты соңғы жылдары өзінің тиімсіздігін, болашағының жоқтығын, жақын арада экономиканың дағдарысқа ұшырау ықтималдығын, ресурстардың шектеулі екендігін еске түсірді. Ғалымдардың пікірінше, дәл қазіргі темппен пайдаланылып отырған шикізат ресурстары алдағы 25-30 жылға ғана жетеді екен. Осы орайда 2003 жылы 30 мамырда “Инновациялық қызмет туралы”Қ.Р. Үкіметінің қаулысы, сондай-ақ 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық Даму Стратегиясы қабылданды. Стратегияда көзделген басты мақсат – елде инновациялық белсенділікті дамыту, жаңашылдық аясындағы мүдделі тұлғаларға жағдай жасау, осылайша дамудың шикізаттық бағытынан біртіндеп бас тарту. Қаулы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен 3 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған, 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен “Ұлттық инновациялық қор” акционерлік қоғамы құрылды. Инновациялық қор – басты даму институты болып табылады және коммерциялық пайда табу мақсатын көздемейді. Қордың акционері Қ.Р. Үкіметі болып табылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Қ А Иассауи кесенесі

Түркістан қласында 14 ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Иасауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. 1389, 1391, 1394 және 1395 жылдардағы қан төгіс ұрыстарда Әмір Темір Алтын Орданың өктемдігін жойып, астанасы — Сарай-Беркені өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің құрметіне Қожа Ахмет Иасауидің ескі мазарының орнына жаңа, зор кесене орнатуды ұйғарады. Осы тұрғыда Әмір Темір тек діни мақсат-мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның беделін көтеруге, үстемдігінің мызғымас берік екендігін көрсетуге және дала жақ ту сыртының сенімді болуы үшін де қажет еді. Бұл кезде Әмір Темір Моғолстан әміршісі Хазыр Қожа ханның қызы — Тукел ханымды алмақ болып, той қамына кірісіп жатқан. Қалыңдықты қарсы алу үшін Әмір Темірдің әмірімен Самарқанда "Ділкүш" ("Гүл атқан жүрек") бағын салу аяқталды. Қалыңдығының алдынан шығуға аттанған Әмір Темір жолшыбай Шанас елді мекеніне таяу маңдағы Ахангеран қойнауында біраз аялдайды. Қыркүйек айында ол осы арадан Иасы шаһарына соғып, Қожа Ахмет Иасауи зиратының басында құлшылық ету ырымын жасайды, мазар жанында тұратын шырақшы мен діни қызметшілерге бағалы сыйлықтар береді. Деректерде Қожа Ахмет Иасауидің 12 ғ-да салынған, құлауға жақын тұрған мазарын көрген Әмір Темір мұны бұзып, орнына жаңасын салуға әмір еткендігі айтылады. Әмір Темірдің ұсақ-түйекке дейін есептеп барып берген нұсқауында кесененің негіздері алдын ала анықталып көрсетілген-ді.
Жамағатхана күмбезінің 41 кезге, ал айналасы 130 кезге тең болуға тиісті. Бас фасады қос мұнаралы биік порталмен көмкерілуі керек еді. Пештақтың мұнараларға дейінгі ені —60 кезге, пештақ арқасының биіктігі—30 кезге жетуі қажет болатын.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қ Р Зейнетақымен қамсыздандыру құқығы түсінігі

Зейнетақы – азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың бір
түрі және орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан
төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы болып
табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты
тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер
Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық
шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының
азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу
құқығын пайдаланады;
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін
арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген
тәртіппен жыл сайын жүргізіледі ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Коммерциялық банктің табыстары мен шығыстары

Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:
• ссудалық бизнес;
• дисконттық бизнес;
• сақтау бизнесі;
• банктік кепіл беру қызметі;
• бағалы қағаздармен жасалатын бизнес;
• салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі;
• басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес;
• дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі;

Ссудалық бизнес екі элементтен тұрады: клиенттерге (жеке және заңды тұлғаларға) ссудалар беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру. Ссудалық бизнестің екінші бөлігі кейде банкаралық несие, кейде басқа банктегі депозит формасында болуы мүмкін. Ссудалық бизнестен пайыз формасында табыс түседі.

Дисконттық бизнес, төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен- дискот негізінде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг операциясы жатады. Факторинг операциясы айналымды және айналымсыз болуы мүмкін.
Бірінші жағдайда, банк төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан (жабдықтаушыдан) талап етуге құқылы.
Ал екінші жағдайда, банктің ондай құқығы жоқ, бірақ ол ондай операциядан түсетін жоғарғы сыйақы үшін тәуекелге барады. Факторингтік операциядан түсетін сыйақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін жабдықтаушының табысын азайтады.

Мұндағы табыс екі элементтен тұрады:
1. сатып алғаннан төлемнің түсуі арасындағы аралықта банктің несиелік ресурсын пайдаланған үшін төленетін пайыз;
2. факторинг операциясының түріне байланысты тәуекелге сәйкес шамасы ауытқып отыратын комиссиондық сыйақы. Факторинг операциясындағы комиссия пайызбен белгіленгендіктен, факторингтік операциядан түсетін табысты банктің пайыздық табысына жатқызады.

Сақтау бизнесі банктің трасталық (сенім) және агенттік қызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаз, шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмасын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде банкке табыс әкеледі. Мысалғы траст келісім-шарты негізінде банк клиенттке шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық операцияларда тәуекел жоғары, себебі мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуын қалайды. Соған сәкес, трасталық операциялардан түссетін комиссия мөлшері де агенттік қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып келеді. Мұндай ерекшелік, өз кезегінде трасталық қызметтен алынатын комиссиялық сыйақының құрылымын анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комиссиондық сыйақы мен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сыйақыдан тұрады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | КҮРДЕЛІ СӘУЛЕ АУРУЫ

Сәуле шарпуы жасуша құрамына кіретін атом мен молекулаларды иондап қалыптасқан заттар алмасу процессін бұзады. Сонымен клетканың тіршілігін өзгертіп адамды сәуле ауруына шалдықтырады. Аз мөлшермен ұзақ сәулеленуге ұшырағанда созылмалы сәуле ауруы өршеленеді. Оны сәулеленуге ұшыраудың жиынтық мөлшері және сол мөлшердің ағзаға таралу сипаты бойынша, бүкіл дене мүшелері мен жүйкелер қызметінің бұзылуы арқылы анықтауға болады. Созылмалы сәуле аурудан ішек-қарын қызметі бұзылып, қызыл иектен, мұрыннан қан кетеді, сүйектері ауырады.
Сырттай сәулелендіруден өрістейтін жиі сәуле ауруы (ЖСА) ерекше қауіп туғызады ауру барлық мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуына негізделе дамып орталық жүйке жүйесі, қан жасау жүйесі, асқазан жолының зақымдануымен қалыптасады.
ЖСА-ы сәулеленуге бір дүркін ұшыраған кезде 100 рентген мөлшерден бастап білінеді. Сәулеленуге ұшыраған адам алғашқы кезеңде оны сезбейді. Шарпу мөлшері бір мезгілде 5000 Р-нен асқан кезде ЖСА күрт дамиды, оның жасырын мезгілі болмай, организм алғашқы күндерінде-ақ өледі.
ЖСА-ның 4 мерзімі болады;
- бірінші мерзімде организмнің алғашқы реакциясы бірнеше сағаттан үш тәулікке созылады; адам тез арада әлсіреп қалады, жүрегі айнып құсуы мүмкін, артерия қысымының ауытпалығы білінеді, басы ауырады, көңіл-күйі төмендейді;
- екінші мерізімі (латент мерзімі) 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін, бірақ неғұрлым шарпу мөлшері көп болса, соғұрлым мерзім қысқа, адам өзін уақытша сауықтанып қалғанын сезеді, сонда да тамаққа тәбеті төмендеп, ұйқысы бұзылады, аздап терлеуі сақталады, қан құрамы өзгере бастайды;
үшінші мерзімде, температурасы көтеріледі, ішкі ағзаларға және теріден сыртқа қан ағуы басталып, қан қысымы төмендейді, шашы түсуі мүмкін, қан ұйысууы бұзылады, эалпы организмның қорғаныс күштері бәсеңдеп инсфекциялық және басқа ауруларға жол ашылады; қанның жалпы қағындысы дамиды, дене өте әлсізденеді; ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | КҮНГЕ ЖАҚЫН ЖҰЛДЫЗ

Күн энергиясы. Күн — Күн жүйесінің орталық және ең үлкен денесі. Күн массасы Жер массасынан 333 000 есе артық және қалған барлык, планеталардың жиынды массасынан 750 есе көп. Күн — энергияның аса қуатты көзі, оның энергиясы электромагниттік толқындар спектінің барлық бөлігінде — рентген және ультракүлгін сәулелерден бастап радиотолқындарға шейін ұдайы сәуле шығарып, таратып тұрады. Бұл сәулелер Күн жүйесіндегі барлық денелерге күшті әсер етеді: оларды қыздырады, планеталардың атмосферасына әсер етеді. Жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді.
Сонымен қатар, Қүн — бізге ең жақын жұлдыз, өзге жұлдыздардан оның айырмашылығы, біз оның дөңгелек шарасын бақылай аламыз да, телескоптын көмегімен өлшемі бірнеше жүз километр шамасындағы ұсақ бөлшектеріне шейін зерттей аламыз. Күн — нағыз жұлдыз,. сондықтан оны зерттеу жалпы жұлдыз атаулының табиғатын түсінуге көмегін тигізеді.
Жер орбитасының эллипстігіне байланысты Күннің көрінетін бұрыштық диаметрі едоуір өзгеріп тұрады. Орташа алғанда ол 32 немесе 1/107 радиан. Ендеше Күн диаметрі 1/107 а. б., яғни 1 400 000 км-ге жуық, Жер диаметрінен 109 есе артық деген сөз.
Жер атмосферасының шегінен тысқарыда күн сәулелеріне перпендикуляр орналасқан 1 м2 ауданға Күннің 1,36 кВт сәулелік энергиясы сәйкес келеді. Осы санды радиусы Жерден Күнге дейінгі қашықтыққа тең шар бетінің ауданына көбейтіп, Күннің толык сәуле шығару куатын (оның жарқырауын) табамыз, ол 4 • 1023 кВт-қа жуық. 6 000 К (Күннің эффектілі температурасы) температураға шейін қыздырылған дене осындай куатты сәуле шығарады. Жердің Күннен алатын энергия ағыны шамамен оның толық энергиясынын, 1/2 000 000 000-іне тең.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Күләш Бәйсейітова

Байсеітова Күләш - әнші (лирико - колоратуралық сопрано). СССР халық артисі, ССРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Алматыда дүниеге келген. 1925-1928 жж. Алматы педагогикалық техникумында және қазақ драма театры жанындағы музыкалық драмалық студияда оқыған. Байсейітова қазақ опералық өнерін қалаушылардың бірі. Бірінші рет қазақ сахнасында ол классикалық опералардағы Баттерфляй (Дж Пуччинидің “Чио-Чио- Сан”, Татьяна (П. И. Чайковскийдің “Евгений Онегині”) т. б. партияларды орындады. Байсейітова сирек сахналық талант иесі, ол жасаған бейнелер әртүрлі мінездемелердің біртұтас галереясын құрады. М. Әуезовтың музыкалық комедиясындағы Айман, И. В. Коцыктың “Айман- Шолпанындағы” Айман, Е. Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” және тағы басқалары. 1980 жылдан бастап, К. Байсейітова атындағы қазақтың халық әндерін орындаушылардың Республикалық сайысы 4 жылда бір рет өткізіліп отырады.

Қазақтың көрнекті әншісі Күләш Бәйсейітова – асылында Қазақстанда аты аңызға айналған тұлға. Небәрі 45-жасқа созылған қысқа ғұмырында ол жұлдыздай жарқырап халық сүйіспеншілігіне бөленді. 20-ғасырдың музыка мәдениетінде пайда болған жаңалықты халқы ардақтаған Күләш Байсейітованың дарыны мен асқан өнері “заңдастыра” түсті. Европаның музыкалық жаңа жанры мен түрлері - хор өнері, симфониялық оркестр, ақырында опера - көшпелі қазақ даласының өміріне композиторлар мен Ресей музыканттары көмегімен ғана емес, дарынды ұлттық орындаушыларымыздың арқасында енді. Олардың орындаушылық өнеріне міндетті талап – шығармашылық синтезді мүмкіндігінше жарыққа шығару, музыканы халықтың саналы қабылдауына жеткізу болатын. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Химия | Күкіртті анықтау

Күкірт темір сульфиді және марганец сульфиді түрінде болаттарда болады. Болаттардағы күкірттің құрамын иодометриялық әдіспен, айдау, гидравликалық әдіспен анықтайды.
Көлемдік иодометриялық әдіспен анықтау (IV) күкірт оксидінің құрылған көлемін анықтау оттегі ағымында болаттың мөлшемін өртеу де күкіртті анықтау әдісі.
Күкірттің (IV) оксиді темір сульфидін, марганец және кейбір металдардың сульфидін қышқылдандыру кезінде болаттың қатысуымен құрылады

(IV) күкірт оксиді оттегі артықшылығымен күкірт қышқылы құрылатын суы бар ыдыстан өткізеді. Оның көлемі иод ерітіндісін титрлеумен анықтау.

Күкірт құрамын титрлеуге кеткен иод ерітіндісін мөлшерінің негізінде анықтайды. Теңдеуден көріп отырғандай 0,5 моль иод, яғни 126,92, 16г күкіртке сәйкес береді екен.
Әдіс дәлдігі ± 0,001%
Жұмыс мақсаты: Болаттағы күкіртті иодометриядық әдіспен анықтау.
Жабдықтармен материалдар:
1.Оттегісі бар баллон.
2.Газометр
3.Күкірт қышқылымен жуғыш ( көпіршіктерді есептегіш)
4.Кальций хлориді бар колонка
5. «Марс пеші» 1200°С
6. Диаметрі 18-20мм, ұзындығы 600 мм фарфор түтік
7.Шыңдалған фарфор қайықшалары
8. Иодпен титрлеуге арналған бюреткалар
9.Крахмалдың су ерітіндісі
10. Мыстан жасалған күршектер, қайықша мен түтікшені ұстап алуға арналған.
11. Пирометрлік милливольтметрмен термопара
12.Биіктігі 250мм және диаметрі 40 мм екі цилиндр
13. Аналитикалық таразы. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Куратор тәрбие жұмысының ғылыми теориялық және ұйымдастырушылық негіздері

Куратор университте студенттермен бір уақытта пайда болды және жоғары білімнің даму тарихымен байланысты осы уақытқа дейін міндеттері, қызметі, студенттермен қарым-қатынас сипаты өзгерді.
Демократиялық тенденциялардың дамуымен байланысты жоғары білім жүйесінде кураторға және оның студенттік өмірдегі рөліне көзқарас өзгерді. Ал кейбір жоғары оқу орындары студенттер өз жұмыстары және мәселелерін шешуге қабілетті деп есептеп, кураторлықты алып тастаған. Басқалары кураторларды тек І-ІІІ курстарға қалдырып, ал жоғары курс студенттерінің мәселелерін шешуге тек бір кураторды тағайындаған. Ал үшіншілері кураторлықтың бұрынғы жүйесіне қайтып келді (І-Ү курс арасында әр академиялық топта бір куратор).
Академиялық топ кураторларын берілген курста жұмыс істейтін сәйкес кафедра оқытушыларынан белгілейді, одан кейін оларды декан бекітеді. Кураторлар деканның тәрбие жұмысы бойынша орынбасар басқармасымен жұмыс жасайды, қажет жағдайда іс-әрекеттерін студенттік қоғамдық ұйымдармен келіседі.
Жұмыс үрдісінде куратор академиялық топ, студенттердің активіне жүгінеді. Авторитарлық әдіске куратор тек қажет жағдайда ғана жүгінуіне болады. Жарты жылға жұмыс жоспарын орындағаннан бұрын куратор студенттерді, олардың қызығушылық және неге бейім екендігін, сұраныстарын, отбасылық жағдайын, материалдық күйін, үй-тұрмыстық жағдайларын зерттейді. Содан кейін активпен бірге топтың жалпы жиналысында қарастырылатын жұмыстың жоспарын жазады, ол жоспар құжат мәртебесіне ие болады. Жоспарды орындағанда бар мүмкіндіктер мен нақты жағдайға жүгіну керек. Жоспарланған жұмыстар барлығына түсінікті және қызықты болу шарт, алайда әрбір студентке белгілі бір жұмыс бөлігін беріп, ол оған дербес жауапкершілікпен қарау қажет.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әлеуметтану | Кубадағы әлеуметтік жұмыс

Кубадағы әлеуметтік қызметкерлер «жан ашитын әскер» болып саналады.Нақты айтқанда көмекке мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызметкелер жан тәнімен көмек беруге тырысады.Кубадағы әлеуметтік қызметкерлер әр өз клиенттерін жақсы танып,олардың қиыншылықтарын,проблемаларын терең түсінуге және әр дайым көмек беруге әрқашанда дайын.

Кубалық әлеуметтік қызметкерлер ең бірінщі орынға көмекке 15 жастағы балаларды қояды.Олардың тамақтарын,сабаққа баруларына үлкен көңіл аударады.Және де әлеуметтік қызметкерлер 16-29 жас аралығындағы адамдарға көп көңіл аударады.Өйткені, оларда бұндай жастағы адамдардың 40-50% мүгедек адамдар.Шың мәнінде кубалықтар өздерінің әр түрмелерінде әлеуметтік қызметкерлер үлкен жұмыс атқаратындарына мақтантұтады.Олардың мақсаты түрмеде отырған жас өспірімдер мен олардың ата-аналарының арасындағы ара-қатынасын жақсартып,күшейту.Солай да мектепте оқитын оқушы балалар мен олардың ата-аналарымен қарым-қатынастарын жақсарту және де еркін ара қатынасқа көмек беруге тырысады.

Қазіргі уақытта Кубада 4 әлеуметтік жұмыс мектебі бар.Олар өз системаларымен білім береді,олар ТБО және PHD проблемаларын қолданады.Бірақ сол уақытта да олар психология мамандығын меңгереді.

Көп Кубалықтар өздерінің жақсы оқулық тәжірибелерімен мақтан тұтады.Олардың бойынша бүкіл әлем бойынша әлеуметтік жұмыс мамандығы Кубада жақсы,әрі терең дамыған деп санайды.Өйткені, оларда әлеуметтік жұмыс мамандығының магистратурасы және докторантура программасы әлі де жетіліп,дамып және де әр түрлі қазіргі уақытқа сай программаларын қолдануда.Кубалық халықтар әлеуметтік жұмыс маманың жақсы бағалайды және халықтың жақсы хал-ақуалын әлеуметтік қызметкердің арқасында деп санайды.....
Рефераттар
Толық
0 0