Реферат: Әлеуметтану | Адам биоәлеуметтік жан

Өткен тақырыпта бұдан 30-40 мвң жылдай бұрын Homo sapiens (ақыл-ойлы адам) қалыптасқаннан кейін адамның биологиялық эволюциясы мүлдем дерлік тоқтады дедік. Мұның себебі неде ?- деген сұрқ туады.
Адмның эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдрінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ қазіргі эволюция адам өмірінің әлеуметтік жағына қатысты, ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініп шықаннан кейін ол шешуші рөл атқармйтын болғаны сөзсіз. Енді адамның эволюциясына оның өмірін мәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдық өндірістің тәсілі, еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайлары тағы басқа шешуші әсер ететін болды. Тіпті денсаулығы әлсіз адамдарда медицинаның көмегі арқасында қоғам өміріне белсене қатыса алады.
Табиғи сұрыпталудың күші қоғам өмірінде барған сайын әлсіреуде, өйткені денсаулық мекемелері және басқа әлеуметтік институттар жеке адамдардың биологиялық жағынан өзгергіштігін ұдайв әлсіретеді. Мысалы, Еуропада адамның құрт ауруынан өлімі 1840ж. 1млн адамнан 4000 адам болған болса, қазір 1млн адамның 13-і ғана өлетін болды, ал бұл құрт ауруының емдеуге қарсыласуы бойынша сұрыпталуы мүлдем дерлік тоқтады деуге болады. Мұндай мысалдарды басқа аурулар бойынша да келтіруге болады.
Бүгін таңда, бір жағынан, сұрыпталудың салдарынан болатын генетикалық өзгерістің өте баяулауы және адамның түрліше топтарының арасындағы генетикалық ұқсастықтың күшеюі байқалса, ал, екінші жағынан, мәдиниетпен тұрмыс жағдайларының алуан түрлілігі, әлеуметтік өзгерістердің аса жылдамдауы байқалады- мұның бәрі адамзат қоғамында жүріп жатқан мәдени эволюцияның көрсеткіші болып табылады. Сондықтан қазіргі адамның эволюциясында мәдириет шешуші рөл атқарады деп сенімді түрде айтуға болады, өйткені көптеген елдерде саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер адамдардың тұрмыс жағдайларын жақсартып, денсаулығының нығаюына алып келді, ал бұл адамның табиғи сұрыпталу процесінен тәуелсіздігіне себепкер болды. Егер жануарлар үшін табиғи сұрыпталу эволюцияның басты факторы болса, адам үшін оның рөлі- генофондыны (геннің қорын) сақтауда және денсаулыққа теріс әсер ететін мутациялық өзгерістерді болдырмауда ғана.
Табиғи сұрыпталу адамда негізінен ұрықтық клетка деңгейінде болады. Балалар негізінен генетикалық тұрғыдан денісау клеткалардан туады. Мұның дәлелін ата-аналардың жыныстық клеткаларының ірі генетекалық бұзылысқа ұшырауы салдарынан көп жағдайда ұрықтанған тұқым клеткалары даму басталған алғашқы кезде-ақ өліп кететін фактілерінен көруге болады.
Адамның әлеуметтік бейнесінің өзгеруімен бірге оның биологиялық табиғатыда, сырт кейпі де, ақыл-ой қабілетіде өзгере ме? Денесі мен ақыл-ойы жағынан адамның жаңа ұрпағы бұрынғыларынан гөрі дамығандайә болама?- деген сұрақтар тууы мүмкін.
Алдымен дене құрылысы жағынан алып қарасақ, Homo sapiens түрінің даму тарихы барысында оның дене құрылымы мен денсаулығы айтарлықтай жақсарғаны анық: халықтың орташа өмір жасы өсті. Ертедегі дүние азаматтың орташа жасы 20-22жыл болған болса, XVIII ғасырда 30 жасқа деиін өсті. XIX ғасырдың аяғымен XX ғ. Басына қарай Батыс Еуропа елдерінде ортша жас шамамен 56 жылға жеткен болса, бүгін таңда 75-78 жасқа жетіп отыр. Ал социологиялық және медицинлық зерттеулерге қарағанда, қазіргі адамның “қалыпты ” орташа жасы 80-90 жыл болуы тиіс екен. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | АДАМ ПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ГЕНЕТИКАСЫ

Популяциялық генетика — популяциялардың генетикалық көпүрлілігінің және осы көптүрліліктің ұрпақтар жалғасыңда, ареалдың әртүрлі бөліктерінде өзгерулерінің заңдылықтарын зерттейтін генетика саласы болып табылады.
Популяциялық генетиканың мақсаты - популяциялардың генетикалық құрамын және оның өзгеруіне алып келетін факторлар әрекеттерін сипаттау болып саналады.
Популяциялық генетика ғылымының негізін қуалаушылар — орыс ғалымдары С.С.Четверяков және оның шәкірттері: Н.В.Тимофеев-Рёсовский, Б.Л.Астауров, Е.Н.Балкашина, Д.Д.Ромашов, С.М.Гершензон т.б. Олар XX ғ. 20-30 жылдары дрозофила шыбынының табиғи популяцияларының генетикалық құрамын анықтап, онда рецессивті мутациялар концентрациясының өте жоғары деңгейде болатынын анықтады.
Сол сияқты, А.С.Серебровский, Н.П.Дубинин, П.Ф.Рокицкий, Н.К.Беляев т.б. - және шетел ғалымдары - Р.Фишер, С.Райт, Дж.Холдейн теориялық популяциялық генетиканың дамуына және табиғи популяциялардың генетикалық құрамын зерттеуге көп үлес қосты.
XX ғ. 30 жылдары теориялық және эксперименттік популяциялар генетикасының дамуы нәтижесінде генетика мен дарвинизм идеялары қосылып, заманауи эволюциялық теорияның — эволюцияның синтетикалық теориясының қалыптасуына мүмкіндік туды.
Адам популяцияларының генетикасы — адам популяциядағы патологиялық гендердің динамикасын зерттейтін генетиканың бір саласы болып табылады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЭПИТЕТТЕРДІҢ СТИЛИСТИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ

Аударма мәселелері шет тілдерден ана тіліне аудару, әсіресе егемендігімізді алғаннан кейінгі аз уақыт ішінде бірден бір маңызды салалардың бірі болып келе жатқаны рас. Шет тілдерден қазақ тіліне немесе керсінше, қазақ тілінен ағылшын тіліне тікелей аудару жөнінде жеткілікті мағлұматтар, құнды аудармалар жоқтың қасы. Қазіргі уақытта бұл мәселені теориялық және практикалық тұрғыда талдау өте қажетті болып отыр. Қай тілдің болмасын дүниетанымы мен мәдениеті тікелей байланысты. Мәдениет аралық қатынас мәселелері бірден-бір мәдениетіміз бен тіліміздің жедел қарқынмен дамуының арқасында аударма мәселесі негізі болып, бұл мәселелердің шешімін талап етеді.
Жоғарыда атап көрсетілген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
1. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі эпитеттердің тіл білімінде зерттеген еңбектерге сараптама жасау.
2. Екі тілдегі эпиттердің стилистикалық құрылымдарын зерттеу.
3. Эпитетттің басқа стилистикалық тәсілдерін, әсіресе метафорадан айырмашылығын ашып көрсету.
4. Ағылшын және қазақ тілдаріндегі эпитеттердің жасалу жолдарын анықтау.
5. Ағылшын, қазақ тілдеріндегі эпитеттердің лингвомәдени аспектілерін ашу және аударма барысында аудармашыға жүктелетін міндеттерге талдау жасау.
Ғылыми жұмыстың дәйектілігі ағылшын, қазақ эпитеттерінің лингвистикалық табиғатын анықтау, ағылшын, қазақ эпитеттерінің ұлттық және тілдік ерекшеліктерін зерттеу, екі тілдегі эпитеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра зерттеу осы жұмыстың дәйектілігін көрсетеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Екі тілде де эпитет бұрыннан қалыптасқан лингвистикалық құбылыс екеніне қарамастан, олардың ашылмаған қырлары, әсіресе лингвомәдени тұрғдан зерттелмеген. Мұның бір себебі лингвомәдениеттану, этнолингвистикалық, мәдениет аралық байланыс лингвистиканың жаңа салалары болып есептелгендіктен ағылшын, қазақ эпитеттрін бірлікте қарастыру, әсіресе салғастырмалы жолмен талдау, сол кезде орын алатын қиыншылықтарды айқындау және олардың алдын алуға байланысты алғашқы жұмыс екендігінде.
Жұмыстың теориялық және практикалық құндылығы - қортындылары бұрын соңды зерттеу нысаны болмаған, осыған орай, туыс емес екі тілдегі эпиттерден граматикалық құрылымдағы ұқсастықтар мен ерекшеліктері, эпитеттің жасалу негіздерінің лингвомәдени мәселелері жалпы тіл білімі, салғастырмалы және типологиялық зерттеудің теория негіздерін толықтыра түседі, сондай-ақ аударманы оқыту барысында жеке-дара бір аспект немесе аударма мәселелері төңірегінде жасалған қомақты еңбек болып табылады.
Зерттеу жұмысының барысында тақырыпқа қатысты қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі әдебиеттер, ғылыми еңбектер қамтылады. Олардың арасында лингвистикалық зерттеу жұмыстары, этнолингвистикалық, лингвомәдениеттану
1
тұрғысында әдебиеттер мен ғылыми зерттеулер, тарихи зерттеулер, қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі сөздікткр, әдеби шығармалар қарастырылады.
Курстық жұмыстың І тарауында ағылшын тіліндегі эпитеттің жалпы стилистикада алатын орны, оның тілдік табиғаты, эпитеттердің басқа тәсілдерден ерекшелігі, жасалу жолдары мен классификациясына терең тоқталамыз. ІІ тарауында, керсінше қазақ тіліндегі эпитеттің қазақ стилистикасында алатын орны, тілдік табиғаты мен жасалу жолдарына, эпитеттердің классификациясына шолу жасаймыз. Ал бұл курстық жұмыстың ІІІ тарауында лингвомәдениеттану ғылымы, оның ерекшеліктері мен лиингвистикадағы рөліне, содан соң ағылшын, қазақ тілдеріндегі эпитеттердің салғастырмалы түрде зерттелуі мен олардың лингвомәдени мәселелеріне талдау жасаймыз. Сондай-ақ осы тараудың 3 бөлімінде эпитеттердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу тәсілдері және аударма барысында байқалатын негізгі тұстарға жеке-жеке тоқтала сипаттама жасаймыз.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Ағылшын құқығындағы сот және процесс

Зерттеудің өзектілігі: XVII ғасырдан бастап әділеттік соттар өзіне "жалпы құқық" қолданатын соттарды бағындырды. Сот прецеденті жалпы құқықтың және әділеттік құқықтың негізін қалады. Бірақ бұл құқықтың қайнар көзінен басқа корольдің, соңынан, парламенттің шығарған статуттары пайда болды. Олар Хартия, ассиздер, ордонанстар деп аталатын.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті:XIII ғасырда парламент пайда болғаннан кейін бл құқықтың қайнар көздері жылдам дами бастады. Парламент шығарған актілер статут, ал корольдің заңдары ордонанс деп аталды. Парламент алған актілердің заңдылығын бірде бір сот талқылауға сала алмайтын.
Зерттеудің тарихнамасы:Парламенттің актілері алынған қаланың немесе басқа жердің атымен белгіленетін еді. Осыған сүйене отырып, олар бүкіл мемлекеттің аудандары қолданатын жалпы нормаларды шығарды. Бұл нормаларда жергілікті әдет-ғұрыптар жүйеге келтірілген еді. Осы нормалар Вестминстер сотында және кешпелі соттың қызметінде қолданылды. Бұл нормалар кебіне ерікті феодаддарды және олардың жер иеленушілерін қорғайтын Ағылшынның жалпы құқығы осылай пайда болды. Сотпен ант берген адамдардың арасында кызмет бабының белінуі айқындадды. Сот құқық мәселелерді шешеді, ал ант берушілер фактілерді дәлелдейді және қарайды. Жалпы құқықтың екінші түсінігі бүкіл корольдіктің құқығы. Сонымен, Вильгельм және оның Генрих деген баласы мен немересі бір жағынан-феодалдардың мүддесін қорғады. Ал екіншіден-жергілікті халықты феодалдардың заңсыздығынан қорғайтын жалпы құқық жүйесін енгізді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Азаматтық құқықтық қатынастар

Азаматтар мен заңды тұлғалар әртүрлі іс - әрекет жасасу кезінде өзара әртүрлі қоғамдық қатынасқа түседі. Құқықтық қатынас – құқық нормалары мен реттелу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастың бір түрі . Қоғамдық қатынасты азаматтық – құқық нормалары арқылы реттеу нәтижесінде заңды сипат алып , азаматтық – құқықтық қатынас пайда болады. Азаматтық құқықтық қатынас – бұл азаматтық – құқық нормалары мен реттелінетін қоғамдық қатынас.
Азаматтық – құқықтық қатынас барлық қоғамдық қатынас сияқты тұлғалардың өзара қатынас болып табылады. Онда кем дегенде екі тарап болды және олардың әрқайсысы не құқыққа не міндетке ие немесе бұл екі жақты құқықтық қатынаста болса , онда тараптардың әрқайсысы құқықтар мен міндеттерге тепе – тең ие. Азаматтық – құқықтық қатынастар азаматтар өз еркін білдірмесе де пайда болады . ( Мысалы , зиян келтіруге байланысты міндеттемеде зиян келтіруші мен зиян шегуші мұндай құқықтық қатынастың пайда болуын қаламаса да құқықтық қатынас пайда болады . Мұндай жағдайды тараптар , құқық пен міндетті амалсыздан еріксіз түрде жүзеге асырады )....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Ағылшын буржуазиялық ревалюциясы

Әлемдік тарихтың жаңа уақытының басындағы Англия тарихында орын алған маңызды оқиға 1640-1660 жылдардағы ағылшын ревалюциясыболды. Ағылшын ревалюциясы тарихын әр кезенде зерттеген тарихшылар оның сипатына қарай оған әр түрлі атауларда берген еді. Мысалы:оқиғаның қатысушысы әрі куәгері Граф Кларейдон өзінің 1640-1660 жылдардағы оқиғаларын сипаттайтын алғашқы көп томдық жазғанда оны « ұлы бүлік» деп атады. 19 ғасырдағы биліктің тарихшылары Гарделер мен ферс және олардың көз қарасын жақтаушылар конституциялық сипаттау мүлдесін көрсеткілері келгендіктен «Пуритандық ревалюция» атауына тоқтауын тұжырымын жөн деп есептейді.Кеңестік тарихнамадағы Европа тарихындағы романтизм және позитивизм кезеңі аталған 19 ғасырдыңағылшын тарихына көп еңбектерін арнаған және әрі сол елдің атақшы тарихшысы К.Хил 17 ғасыртөңкерістің ғасыры деп атай, оны ағылшын қоғамында қазіргі заманымен үндесетін орталықтардың құрылуына алып келген деген алғы-шартын ғасыр соңындағы экономикалық, әлеуметтік, саяс,діни, идеялық және мәдени өзгерістерді жинақтай қараудың нәтижелерін басты етіп көрсеткісі келеді. Ал өз кезеңіндебіршама уақыт үстем болып келген 20ғасыр Кеңес тарихнамасында ревалюция феодализмге соққы берген буржуазиялық ревалюция деген марксистік тұрғыдан қаралса, осы кезеңнің батыстық көз-карасы әр түрлі негізделген тұжырымдарға сүйене экологиялық детерменизммен басталатын көз қарастармен түбегейлеріне дейін талдай отырып тіпті ешқандай ревалюция болмағандығын бұл тек артта қалған провинциялық детерменизм мен сарай иерархиясынан өздеріне орын алу үшін күресі ғана деп сипаттайтын ұстанымдарды негізделді.Ревалюцияның басталуы оның қарсаңындағы ағылшын қоғамындағы біршама әрекеттердегі де тәуелдіболғандығы шындық .1628 жылы пуритандық ұстамдағы діни көз қарастыопазиция өкілдері парламент қарауына король саясатына қатысты құқық туралы инстиция атты наразылығы жазылған құжат қарастырылады. Мұның мазмұнында король мен шіркеуде жекеменшікті қорғау, парламент құқығы мен еркіндік мәселері жатты.Осыған жауап ретінде 1 Карл парламенттітаратып жібереді. Сөйтіп 11 жыл бойы ел саясатында жалғыз саясатын құрады. Парламент ұсынысынан бас тартқан король ақша көзін іздеу үшін қосымша салықтар салды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Жыныстық қатынас кезінде жүкті болып қалмаудың дәрісіз әдістері қандай?

Көптеген әйелдер жыныстық қатынас кезінде жүкті болып қалмау үшін түрлі амал-тәсілдер мен зиянды дәрі-дәрмектерді қолданып жатады. Алайда, олардың көпшілігі денсаулық үшін қауіпті. Мұндай зиянды салдарды болдыртпау үшін БҰҰ-ның арнайы мекемесі әйелдер қауымына оңтайлы тәсілдерді ұсынды деп хабарлайды cosmo.ru сайтына сілтеме жасаған nur.kz.
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
2,5 -0,5