Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар

Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке
қарсы қылмыстар
Қылмыстық кодекстің тарауында екі түрлі топқа жататын қылмыстардың түрі көрсетілген. Оның біріншісі қоғамдык қауіпсіздікке қарсы кылмыстар. Қоғамдық кауіпсіздік деп — адамдардың қауіпсіз өмір сүруін, бірқалыпты қызметін, радиоактивті материалдарды залалсыз пайдалану, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды тиісінше және кауіпсіз пайдалану, сондай-ақ тау-кен неме-се құрылыс жүмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттейтін коғамдық катынастарының жиынтығы болып табылады. Бүл коғамдық қауіпсіздікке карсы кылмыстардың топтық объектісі болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздікке карсы кылмыстардың тікелей объектісі қоғамдыкқкауіпсіздіктің жекелеген салалары (адам өмірінің және онын кызметінің қауіпсіздік шарттары; ерекше қауіп көзі болып табылатын заттарды пайдалану, өліммен аяқталатын зардап туғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізу және т.б.) болып табылады.
Осы толқа жататын кейбір қылмыстардың тікелей объектісі адмның өмірі, денсаулығы болуы мүмкін.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Қиял

Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тікелей қабылданбаған, мысалы, тарих түңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көріп, білмегсн, тіпті болуы мүмкін емес оқиғалар, көрмеген мақұлықтар - енуі мүмкін. Бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады. Адам тәжірибесін түрлендіруші және өзгеріске келтіруші тосын бейнелср қиялдың негізгі сипатын құрайды.
Әдетте, күнделікті өмірдегі қиял не фантазия мәні ғылымдағы осы сөздермен берілетін ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста біз шындыққа сай келмейтін, практикалық маңыз-мағынаға ие болмағанның бәрін қиял не фантазия деп атай саламыз. Ал, шынында, қиял әрқандай шығармашылық іс-әрекеттің негізі ретінде көркем-өнер, ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау болумен мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенінен өзгеше адам қолынан өнген өнер, мәдениет әлемінің бәрі дерлік қиял мен осы қиялға негізделген шығармашылықтың жемісі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Қиял туралы жалпы түсінік

Қиял туралы жалпы ұғым
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | ҚИЫН БАЛАЛАР, ОЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МЕКТЕПТЕГІ ЖАҒДАЙЫ

КІРІСПЕ
Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15
жас аралығындағы, балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең, «қиын жас», «проблемалы» т.б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалык шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.
Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Бельский (1917 ж., 1924 ж.) болды, ол өз мінез-қүлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырады. П.П.Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л.И.Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З.Фрейд пен К.Левиннен бірталай мағлұматтар алды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Қиын балалар оларды оқыту мен тәрбиелеу жолдары

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қиын балалардың кездескен қиыншылықтарды шешуге және алдарына қойған мақсаттарына жетуге тырысады. Мұндай жағдайлар, өздерін дұрыс ұстай білуге, ішкі және сыртқы жағдайларды бағалауға және мінез-құлқы мен танымдық өрістерін дамытып, қалытастырады. Зейін-барлық психикалық таным процестерімен байланысты және соның көмегімен анықталады. Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегін де, дене еңбегінің де мәні, нәтижесі болмас еді.
Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жүмысындағы кемшіліктермен сипатталады.
Зерттеудің мақсаты: Қиын балалардың балалардың психикалық дамуы барысында зейіннің қай дәрежеде тиянақтылығын бағалау және оны дамыту.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Валеология | Қимыл – қозғалыстарға үйретудің физиологиялық заңдылықтары

1 Адамдардың тірек –қимыл жүйесінің сипатамасы
Тірек – қимыл аппараты мен дене сапаларының жетілген деңгейі жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің алғышарттары болып келеді. Ол оқытудың құрылымдық – функциялық негізі. Жаңа қимыл – қозғалыстар талаптарын бұл алғышарттар қанағаттандырады, сәйкес келеді немесе жеткіліксіз болады. Жеткіліксіз жағдайда оқу процесі созылып кетуі мүмкін. Сондықтан берік морфофункциялық іргетас қалауды жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің ең тиімді жолы ретінде қарастыру қажет. Қандай жағдайда болсын біртұтас организм үшін көздеген мақсатқа тиімді және үнемді жолдармен жету ережелері өздерінің маңызын жоймайды.
Күрделі қимыл – қозғалыстарға оқытуда логикалық соңына жеткен элементтерді бөлшектеуге болады. Алайда, балаларды оқыту барысында күрделі қозғалыстар элементтерінің ішкі тұтастығын сақтайтын әдістер басқадан артық келеді.
Бастапқы кезеңде ол әдістер жеңілдетілген жағдайларда өткізілуі мүмкін. Мұндай жеңілдетілген жол дене сапаларының максимал дәрежеде білінуін талап ететін жағдайларда жаттығуларды меңгеру сатыларында жақсы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Қарым-қатынас психологиясы

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: қарым-қатынас әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық деңгейде соңғы жылдары зерттеле бастады. Соған қарамастан, жалпы психологиялық теория үшін оның мәні ерекше, қарым -қатынас мәселесі психология ғылымдарының негізгі ұғымдарының бірі ретінде тез арада жетекші орындардың бірін ала бастады.
Курстық жұмыстың мақсаты: қарым-қатынас ұғымының мәнін ашып көрсету. Адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясын талдау болып табылады. Қарым-қатынас — адамдардың бір-бірімен байланысы, оның барысында психикалық байланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, өзара әсер ету, өзара көңіл білдіру, өзара түсінісу түрінде аңғарылады.
Курстық жұмыстың міндеті: психология ғылымындағы қарым-қатынас проблемасының зерттелуі, зерттеу түрлерін анықтау. Адам аралық қарым-қатынас түрлерін талдап көрсету.
Зерттеудің теориялық мәні: соңғы жылдары ғылымда "қатынас" ұғымымен қатар "коммуникация" деген ұғым қолданылады. Коммуникация көлемі жағынан кең мағынада қолданылады. Қарым-қатынас — адамдар арасында ақпарат алмасу.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Қарым-қатынас және зейін үрдістерін теориялық талдау

Кіріспе
Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі. Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді. Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Қарым-қатынас және даму процесіндегі индивидтің тұлғалық және кәсіби дамуы

Қарым-қатынас және даму процесіндегі индивидтің тұлға ретінде қалыптасуы және кәсіби дамуы.
Міндеті: Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам – субьект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.
Актуальдылығы: Индивидтің тұлғалық және кәсіби даму процесіндегі қарым-қатынастың алатын орны.
Теориялық маңыздылығы: Біріншіден, адам – тірі табиғат өкілі, биологиялық обьект, екіншіден, саналы іс-әрекет субьектісі, үшіншіден, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыла алады. Демек, адам – саналы және қызметке қабілетті биоәлеуметтік тіршілік иесі. Осы үш деңгейдің бір бүтінге бірігуі адамның интегралды сипаттамасын – оның жеке тұлғалылығын қалыптастырады.
Практикалық маңыздылығы: Психологтарға үйреншікті ой бойынша индивид әлеуметтік ортады өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде дамиды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Қарым –қатынас психологиясының даму тарихы

1. АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС. ТОПТАР.
Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен, адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл адамның қызмет немесе оқу орнындағы, сондай-ақ, өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары болуы да мүмкін. Ал ұстаздар мен мектеп оқушылары белгілі бір мерзім ішінде мақсат-мүдделері топтасқан ұжым құрып, ресми топқа айналады. Бұл топтағы шәкірттер мен жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік –психологиялық жағдайда мақсатты түрде істес, пікірлес болып, қарым-қатынасқа түседі. Мұндай жағдай ұстаздардан арнайы білімділік пен дағдыларды талап етеді. Ондағы мақсат - әр адамның әлеуметтік орнын, қоғамдық мәнін білу. Жеке адамның өзі де – қоғам мүшесі әрі әлеуметттік тұлға. Сондықтан, оның өмір-тіршілігіндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады.
Шартты және байланысты топтар - әлеуметтік психологиядағы топтың екі түрі. Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты қасиетіне орай ажыратады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0