Курстық жұмыс: Құқық | ҚЫЛМЫCТЫҚ ПPОЦECКE ҚAТЫCУШЫ PEТІНДE ЖӘБІPЛEНУШІ

Тaқыpыптың өзeктілігі. Қылмыcқa қaтыcушылap мәceлecін қылмыcтық іc жүpгізу функциялapымeн өзapa бaйлaныcтыpa шeшу eкі мaқcaтқa жeткізeді.
Біpінші мaқcaт – cот іcін жүpгізугe әpбіp қaтыcушының мәpтeбecін бeлгілeугe;
Eкінші мaқcaт – түpлі қaтыcушылapдың өзapa іc – қимыл жacaу шeктepін жeкeлeгeн функциялap apacындaғы гeнeтикaлық бaйлaныcтapды тaбу apқылы aнықтaуғa мүмкіндік бepeді.
Қылмыcтық cот іcін жүpгізугe қaтыcушылapдың мәнін түcінудің біз жaқтaп отыpғaн жолының пaйдaлы жaғы мынaлap:
a)функция, бүкіл қылмыcтық іc жүpгізу қызмeті ceкілді, құқық қaтынacтapындa жүзeгe acыpылaды;
ә)функциялap қылмыcтық іc жүpгізу қызмeтінe әpбіp қaтыcушының құқықтap мeн міндeттepді жүзeгe acыpуы жолымeн оpындaлaды;
б)қылмыcтық іc жүpгізу қызмeтінe әpбіp қaтыcушының тeк өзінe тән құқықтapы мeн міндeттepі болaды;
в)құқық қaтынacтapының cипaты aдaмның құқықтық cтaтуcын нeгізгe aлa отыpып бeлгілeнeді (тepгeуші мeн пpокуpоp қaтынacтapы тepгeуші мeн ceзікті, тepгeуші мeн куә қaтынacтapынaн өзгeшe жәнe т.т.);
г)құқық қaтынacтapынa әpбіp қaтыcушы тeк біp pоль aтқapaды.
Cонымeн қaтap, зaң бойыншa қылмыcтық пpоцecкe қaтыcушылapдың қaуіпcіздігін мeмлeкeт өз қaмқоpлығынa aлaды.
Қaзaқcтaн өз aлдынa мeмлeкeт болып тәуeлcіздігінe иe болғaннaн кeйін, eгeмeндігінe, aзaмaттapдың өміpі мeн боcтaндықтapынa тіpeк болaтын, өзінің бapшa құқықтыққ нeгіздepін қaйтa құpу қaжeттілігі туды. Оcы бaғыттa қыpуap жұмыcтap aтқapылды. Мeмлeкeтті бacқapу, экономикa, әлeумeттік caяcи өміp, мәдeниeт, құқықтық тәpтіпті caқтaу, eлді зоpғaу, cыpтқы caяcaт қaтынacтapын peттeйтін көптeгeн зaңдap мeн жapлықтap қaбылдaнып жүзeгe acыpылудa.
Қaзaқcтaн Pecпубликacы Пpeзидeнтінің 2007 жылғы «Жaңa әлeмдeгі жaңa Қaзaқcтaн» aтты Қaзaқcтaн хaлқынa жолдaуының жиыpмa бecінші бaғытындa: «Aшық, дeмокpaтиялық қоғaмның іpгecін дәйeкті нығaйтa отыpып, біз дeмокpaтия мeн құқық тәpтібі – aжыpaғыcыз ұғымдap eкeнін, біpінcіз біpінің өміp cүpe aлмaйтынын ecтeн шығapмaуымыз кepeк. Cондықтaн дa aзaмaттapдың құқықтapы мeн боcтaндықтapын қоpғaйтын пәpмeнді жүйe қaжeт» – дeп құқықтық мeмлeкeтіміздің құқығын одaн apы жeтілдіpу дeмокpaтиямeн тікeлeй бaйлaныcты eкeндігін aйқындaп отыp [1, б. 5] ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | ҚЫЛМЫС ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы Қазақстандықтарға арнаған Жолдауында ғылымды одан әрі дамытуға ерекше мән берді.
Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдык катынастардың реггеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Заң талаптарын, құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге асыру әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр.
Қазақстан Республикасы Конституциясында сәйкес біздің мемлекетіміз демократиялық құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюна құқық саласы, құқық қорғау органдарының маңызы ерекше.
Құқықтық мемлекетті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор.
Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу, орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын мән - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің бір болып саналады.
Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстың жауаптылықтың негізгі мен шектерін сондай – ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық басқа да құқық салалары сияқты белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қылмыстық құқықтың бірден – бір жалғыз формальды қайнар көзі – Қылмыстық Кодекс болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | ҚЫЛМЫСҚА БАРҒАН ЖАСӨСПІРІМНІҢ БОЛАШАҚ ӨМІРІНІҢ БЕЙНЕСІ

Қазіргі кезде еліміздің нарықтық-экономикалық қатынасқа өту жағдайында көптеген келеңсіз мәселелер мен жағымсыз оқиғалар белең алуда. Осындай келеңсіз мәселелердің бірі қылмыстық әрекеттердің жылдан - жылға көбеюі болып отыр. Солардың ішінде жас ұрпағымыздың қылмыстық әрекеттерге баруы және олардың болашақ өмірі барша адамзатты елеңдетеді.
Сондықтан да қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі-өзекті мәселелердің бірі болып отырғандықтан, біздің зерттеу жұмысымыз қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесін, соның ішінде өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін құндылық бағдарын, өмірлік жоспарын, өмірге деген қатынасын зерттеуге арналған.
Жалпы қылмысқа барған жасөспірімдерді көптеген авторлар қарастырған. Солардың ішінде Қазақстан ғалымдарынан (Қ.А. Бегалиев, К.А. Вайсберг, Ө.С. Жекебаев, Л.Ерменбетова, Е.І. Қайыржанов т.б.), Отандық психологтардан (А.Я. Колодная, А.Б. Сахарова, Е.А. Копыстынский, В.Н. Кудрявцев, П.П. Бельский, В.Л. Васильев т.б.), Ал шетел ғалымдарынан (Ллойд Олин, Харви Бейкер, Бартол, Курт, Ричард Джонсон, Терри Моффит т.б.).
Осы авторлар секілді көптеген ғалымдар қылмысқа барған жасөспірімдердің психологиялық ерекшелігін зерттеген болатын, бірақ олардың қылмыстан кейінгі психологиялық ерекшелігін, соның ішінде болашақ өмірге деген көзқарасын анықтауға арналған зерттеулер кемде-кем. Сондықтан да қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі үлкен зерттеулерді талап етеді. Біздің бұл зерттеу жұмысымызда қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі, жасөспірімнің қылмыстан кейінгі өмірлік жоспарларының құрылуы, тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшелігі және өз өмірінің мән-мағынасын түсіну секілді критерилермен анықталады.
Жұмыстың мақсаты: Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу пәні: Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасу жағдайлары.
Зерттеу объектісі: Қылмысқа барған жасөспірімдер тобы.
Өзектілігі: Қазіргі кезде көптеген жасөспірімдер өздерінің дамуында жағымсыз жағдайларға, отбасы дамуында және қоғам бақылауынан тыс қалуына байланысты, жағымсыз микроортаның әсер етуі, әсіресе антиқоғамдық жүріс-тұрыстық тәжірибесі бар адамдардың әсер етуіне байланысты қылмыс жолына түсіп жатыр.
Сол себепті қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі мәселесі қазіргі таңда өте өзектілердің бірі болып отыр.Бұл мәселенің өзекті болуына қазіргі уақытта елімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі әсер етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Қылмыстардың жекелеген түрлері мен топтарын тергеудің әдістемесі

Қылмыстық сипаттың сапалық өзгеруі, қоғамның криминализациялануы жағдайларында теріс, жағымсыз ой мақсаттардың алдын алудың кешенді шараларын өңдеу үшін әлеуметтік және заң ғылымдарының ынтымақтастығы өзекті мәселеге айналуға тиіс.
Қылмыстың ұйымдасқандығы, кәсібилігі, жаңа техникалармен қарулануы криминалистикалық ғылымды жаңадан өңдеп зерттеуге, яғни озық технологияларды қолдануды, қылмыстардың алдын алу, тергеуге жаңа әдістемелік тәсілдерді енгізуді қажет етеді.
Соңғы жылдарда елімізде қылмыстың өршуі, оның ішінде аса қауіпті қылмыстардың жасалу саны одан әрі өсуде.
Бұл жай құқық қорғау, атап айтқанда , тергеу органдарының жұмысын одан әрі жақсартылуын, олардың қылмысты ашуда, тергеудің нәтижелі және тиімді тәсілдерді жан – жақты пайдалануын талап етеді.
Жасалған қылмысты тез арада ашып, қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза тағайындау, қылмысқа қарсы күрестің нәтижелігін арттырады, қылмыс жасаудан кейбір адамдарды сақтандырады.
Қазіргі кезде елімізде қылмыстың өте көп тараған түрі болып – ұрлық саналады. Ол көлік ұрлау, үй – жайларға еніп ұрлық жасау, жеке адамдарға, мүлікке, меншікке ұрлық, т.б. болып табылады. Адамдардың қылмыс жасаудың себебі: әлеуметтік – экономикалық жағдайдың нашарлығы, жанұяда тәрбие көрмеуі, басқа біреудің айтқанына еріп, алданып қалуы, т.б.
Осындай қылмыстармен күрес жүргізу үшін, оларды алдын алу үшін ІІО – нда қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін криминалистикалық техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылар

Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс iстеудiң ерекше нысаны peтiндe қарастырылады, өйткенi жеке дара қылмыс жасаyғa қарағaнда қылмысты осы нысанда iстеудiң қауiптiлiк дәрежесі және келтiретiн залалы да зор. Бiрнеше адам¬ның күш бiрiктiрiп бiр немесе бiрнеше қылмысты icтeyi олар¬дың - қатысушылардың - өзара бiрiн-бiрi қолдауы, қылмыс iстеудi жеңiлдетiп қана қоймайды сонымен бiрге қылмыстық заң қоpғайтын қоғамдық қатынастapғa үлкен қауiп келтiредi немесе соны келтiру қаупiн туғызады. Қылмыс iстеудi осылай жүзеге асыру қылмысты ic-әрекеттiң өзiн жоюғa, қайсыбiр жағ-дайларда бiр адамның қолынан келмейтiн қылмысты iстеудi дайындауға немесе жүзеге acыpyғa мүмкiндiк бередi.
Қылмыс - бiр адам apқылы немесе бiрнеше адамның бiрле¬cyi арқылы iстелуi мүмкін. Бiрнеше адамның қылмыс iстeyiнiң нәтижесiнде iстелген қылмыстың мәнi, одан туындайтын зиянның мөлшерi де жеке дара адам iстeгeн қылмысқа қарағанда едәуiр өзгередi және мұндайда қылмыс icтeгeнi үшiн жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттiлiгi туын¬дайды.
Қылмысқa қатысуда ic-әрекет пен қылмытың зардабының өзара байланысының жеке адамның iстeгeн қылмысына қара¬ғaнда өз ерекшелiгi бар. Қьлмысқа қатысуда қылмыстың зарда¬бы мен орындаушылардың немесе бiрге орындаушылардың ic-әрекеттерi ғaнa байланысты болады. Айдап салушы, көмекте¬сушi, кейде ұйымдастырушы тiкелей зиян келтiрмейдi. Олар тек қана қылмыстың зардабының тууына себепшi болады. Мұндай себепшi болу қылмысты тiкелей орындаушығa оның қылмыс iстeyre деген шешiмiн қоздыру арқылы жүзеге асырылады. Субъективтiк жағынан алғaнда қылмысқа қатысу барлық қаты¬сушылардың қылмысты қасақана icтeгeнiн бiлдiредi.
Қылмысқа қатысушылардың әрқaйсысының ниетінің мазмұ¬нына орындаушының iстейтiн қылмысының қoғaмғa зиянды¬лығының мәнiciн сезу, сондай-ақ сол адамның қылмысты жал¬ғыз өзiнiң емес, басқалардың әpeкeтiмeн бiрге жасайтын мән ¬жайларды сезiнyi шарт. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері

Менің курстық жұмысымның тақырыбым «Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері». Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:
• Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі

• Қылмыстық жауаптылықтың негіздері

• Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы

• Қылмыс және қылмыс құрамы

• Қылмыс құрамының түрлері

Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: қылмыстық жауаптылық және оның негіздерінің түсінігін, қылмыс құрамының түсігі мен мазмұнын және қылмыс құрамының түрлерін толықтай зерттеу болып табылады.
Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды қамтиды. Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:
Негізгі бөлімнің бірінші тақырыбы бойынша қылмыстық жауаптылықтың жалпы түсінігі, қылмыстық жауаптылықтың мазмұны, сондай-ақ қылмыстық жауаптылық сипатына қарай жаза тағайындалмайтын және жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылыққа жалпы түсінік берілген. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері, қылмыс құрамының түсінігі, мазмұны және қылмыс құрамының элементтерін екінші және үшінші тақырыптарда қарастырдым.
Негізгі бөлімнің төртінші, бесінші тақырыптарында қылмыс және қылмыс құрамы және олардың өзара бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірімен ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер екендігі жайлы, сондай-ақ қылмыс құрамының түрлерін жан-жақты қамтуға тырыстым. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қарағандыда жаппай төбелесте қаза тапқан жігіттің әкесі оқиғаны өзі баяндады

Қарағандыдағы жаппай төбелес кезінде қаза тапқан Рақымжан Жансейіт 23 жаста болған. Отбасындағы бес баланың ортаншысы 2013 жылы Қарағандыдағы агротехникалық колледжден механик мамандығын алып шыққан. Қайтыс болған ұлы мен сол күнгі оқиғаның анық-қанығын қыршын кеткен баланың әкесі айтып берді деп жазады "Замана" басылымы.
Жаңалықтар
Толық
0 0

"Ғаламның үздік дауысы": Екінші келе жатқан Димаш 369-шы орынға бір-ақ түсті

Әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов "Ғаламның үздік дауысы" деген америкалық шоуда бақ сынауда. Ол бір түн ішінде екінші орыннан 369 орынға түсіп қалған деп хабарлайды nur.kz.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Шығарма: Қысқы қиял

Қыс келді, өзімен бірге қарды ала келді. Қала аппақ қардың қоршауында қалды. Адамдар аяз тістеп алғандай асығыс жүреді. Қысқы демалыста қаланың қасындағы Қырыққұдық ауылына қыдырып бардық. Даланың қары қалың болады екен. Аязата үйлердің әйнектеріне әртүрлі суреттер салып тастаған.

Ауылда орман бар, ондағы ағаштар тоңып, бір-біріне тығылып тұр. Қысқы орманның ауасы таза, табиғаты тамаша. Бірақ, орман өзінің достары аң-құстардан айрылып қалғандай болып көрінді. Үстіне ақ тон......
Шығармалар
Толық
0 0