Тақпақ: Қыс күні

Жапалақтап ала қар
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап......
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Қыс

Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді......
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Ақша қар

Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір,
Ақ қанатты көбелек.

Үстіме жалп-жалп жауады,
Ақ тауықтың жүніндей.
Жайнатады даланы,
Ақ жібектің түріндей.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Алғашқы қар

Күзде иіні жұтаған
Қыр көмілді ақ қарға.
Майыстырып бұтағын,
Ақ тон киді бақтар да.

Жылғалардан қақ көрдім,
Жатыр шеті шетілмей.
Дала жаңа дәптердің
Жазылмаған бетіндей.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Наурыз

Наурыз тойы тамаша,
Қарсы алайық жаңаша.
Шат - күлкімен қуаныш
Еліме сыйлар жұбаныш.
Бүршік жарып ағаштар
Асық ойнап балалар.
Наурызды жүр қарсы алып
Жасы үлкен аталар.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Анашым

Менің анам ардақты,

Алтыннан да салмақты

Жақсы көріп баласын,

Мәпелейді анашым....
Тақпақтар
Толық
0 0