Дипломдық жұмыс: Биология | Қан плазмасы және қан түйіршіктері

Кіріспе
Қан ағзадағы дәнекер ұлпаның бір түрі. Қанның құрамы сұйық плазмадан және қан түйіршіктерінен (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер тұрады. Ересек адамдарда 4,5-5 л қан болады. Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Қан құрамындағы лейкоциттер организмді әр түрлі зиянды заттардан қорғайды.
Қан мен лимфа және ткань аралық сұйықтық организмнің ішкі сұйық ортасын құрайды да, бүкіл дене клеткаларын, тканьдерін жуып жатады.
Организмнің ішкі сұйық ортасының құрамы, физикалық және химиялық қасиеті біршама тұрақты болады, сондықтан да организмдегі клеткалардың тіршілік процесі қалыпты жүріп жатады.
Қан организмдегі клеткаларға, тканьдерге қоректік заттарды жеткізетін болса, екінші бір органдар зиянды, қорексіз улы заттарды организмнен шығарып отырады. Қорыта келгенде қан организмдегі клеткалардың тіршілігін сақтайды, әрі ол клеткалар мен тканьдердегі су мен минерал заттардың мөлшерін реттеп тұрады.
Қан қан тамырларымен ағады да, организмнің барлық клеткаларына қоректік заттарды тасу қызметін атқарады. Мысалы, қан тканьге глюкоза, амин қышқылдары, май, витамин, минерал заттарын, суды, оттегін т.б. қоректік заттар жеткізсе, екінші жағынан зат алмасу процесінің нәтижесінде организмнен бөлінген ақырғы өнімдерді (мочевина, аммиак, несеп қышқылы, көмір қышқылы) сыртқа шығару органдарына: бүйрекке, тер бездеріне, ішекке және өкпеге апарады. Қан организмде Гуморальдық реттелу процесін қамтамасыз етеді, яғни организмдегі органдарды химиялық жолмен бір-біріне байланыстыра отырып реттейді. Қанның организмді гуморальдық жолмен реттеуі – ондағы ішкі секреция бездерінде түзіліп, қанға қосылатын физиологиялық актив заттарға – гормондарға байланысты.
Сонымен бірге қанда болатын иммунитет факторы организмде қорғаныс қызметін атқарады. Иммунитет - қандағы лейкоциттердің фагоцитоз процесіне бейімділігі. қандағы қорғағыш денелер организмдегі микробтарды, олардың бөлетін улы заттарын зиянсыздандырады және зиянды белоктарды ыдыратады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Дәрілік өсімдіктер. Алтын мұрт

Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі.Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді.
Халықтың денсаулығын сақтауға, ұзақ жыл өмір сүруге деген талпыныстары әрқашан да белсенді болған. Осыдан үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс елдерінде қазір қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.
Ал дәрілік өсімдіктерді зерттеу әдісі XVIII – XIX ғасырларда қолға алынып, 1878 жылы Н. И. Анненков «Ботаникалық сөздік » атты кітап құрастырды. Белгілі орыс агрономы А. Т. Болотов « Экономикалық дүкен » атты журнал шығарып, дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мақалалар жариялады. 1912 жылы профессор В. К. Варлихтың « Орыстың дәрілік өсімдіктері » атты еңбегі жарық көрді. Кейінірек С. П. Боткин, Ф. И. Иноземцов сияқты көрнекті ғалымдар қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылып жүрген жалынгүл және меруертгүл тәрізді тамаша өсімдіктерді ғылыми медицинаға енгізді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Білімгерлерде теміртапшылығы анемиясының таралуы және оның алдын алу шаралары

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Ә.Н. Қазақстан халқына ұсынған «Қазақстан-2030» атты болашаққа бағытталған даму бағдарламасында, ең маңызды мәселенің бірі ретінде отанымыздың саяси, қорғаныс, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету деп атап өткен. Осы бағдарламаны жүзеге асырудың бірден-бір жолы Республика тұрғындарының денсаулығы мықты, физикалық белсенділігі жоғары жастардың санын арттыру болды.[1]
Қазақстан республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін мемлекеттік саясат халық денсаулығын басты назарда ұстап келді. Көп ұлтты, көп дінді зиялы қоғам құруға бағыт ұстанған Қазақстан Тәуелсіздікке ие болғаннан бастап өзінің өміршең мемлекеттік саясатын халық денсаулығы деп жариялап келеді.[2]
Халықтың денсаулығы – қоғамымыздың заманауи талаптарының басты мәселесі болып табылды. Бүгінгі таңда орын алып отырған экономикалық дағдарыс, әлеуметтік мәселелердің ушығуы халық денсаулығына кері әсерін тигізді. Сондықтан, Қазақстан халқының денсаулық жағдайын көңіл қынжыларлық жағдайда деп бағалауға болады және соған орай медициналық қызметкерлердің барлық күш-жігерін, халықтың денсаулығын сақтауға жұмылдыру қажет. Оның, ішінде, кейінгі қауым, жас ұрпақ-балаларымыздың денсаулығын сақтап, нығайту–қоғам мен мемлекеттің негізгі, кейінге қалдыруға болмайтын міндеттердің бірі болып табылады. [3]
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша экологиялық зардаптар бүкіл адамзат ауруларының 33%, уыттанудың, 68%, астманың 44 %, онкологиялық аурулардың 19% және 1,3 млн. қатерлі ісіктен қайтыс болудың себептері болып табылады. [4]
Жер жүзінде экологиялық апатты аймақтардың пайда болуы, жаңа технологияларды қолданысқа кеңінен енгізу, урбанизация факторлары иммундық жүйе қызметінің бұзылуынан бастап иммундық тапшылық ауруларына дейін әкеледі.
Әлемде, 2002 жылдан бастап ауа ластануынан қайтыс болғандар саны автокатастрофадан мерт болғандардан асып түсті. [5]
Иммундық жүйенің сезімталдығы антропогендік факторлардың тірі ағзаларға әсерлерін ерте басын анықтайтын бірден – бір индикаторлық көрсеткіш болып табылады. [6]
Иммундық жүйенің қызметіне әсер ететін бірден- бір фактор қанның- морфофизиологиялық көрсеткіштерінің ауытқуы қазіргі заманғы денсаулық саласының өзекті мәселелерінің бірі. Осы мәселенің аз зерттелуінен жоғары мүгедектіктің және еңбекке қабілетсіз адамдардың көбеюіне себеп болып отыр.
Иммунды жүйе ағзаның ішкі орталығындағы антигендік тұрақтылықты қадағалайтын және рециркуляция жолымен байланысатын жасушалардың мүшелерден қан айналымына ауысумен кері қайтуына арнайы лимфоидты мүшелермен тіндердің өзара жиынтығы.[7] ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Биосорбенттердің микроорганизмдердің антибиотикке сезімталдығына әсері

Әлемдік мұхиттардың ластануы адамзат алдында тұрған ең маңызды мәселеге айналды. Қазіргі күні мұхит және теңіздердің көмірсутектермен және бірінші қатарда мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы ерекше қауіп тудырып тұр [1].
Теңіздердің мұнаймен ластануының негізгі көзі теңіз кемелері. Теңізге түсетін мұнайдың басым мөлшері теңіз астылық мұнай өндіргіш қондырғыларының апатқа ұшырау нәтижесінен болады. Күрделі тоннажды танкерлардың мұндай апаттары болашақта да болатынына күмән жоқ [2].
Теңіз суына мұнайдың түсуінің көбеюі және осының салдарынан халық шаруашылығына тиетін зардабы нәтижесінен әлемдік мұхиттың мұнаймен ластануымен күресу сұрақтары дүниежүзілік өзекті мәселелер қатарына енді. БҰҰ құрамында арнайы теңіз суларының мұнаймен ластануымен күресу комитеті бар. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша бүкіл дүние жүзінде 1967 ж. 1850 млн. т. мұнай өндірілген, 1970 ж. 2200 млн т., 1979 Ж.-2956 млн.т. мұнай өндірілген. Қазақстандағы мұнай өнімінің жылдық мөлшері 40 млн.т. құрайды [3].
Теңізде мұнаймен күресу сұрақтары халықаралық мекемелер сауалына айналды және бірнеше мәрте дүниежүзілік және ұлттық-ғылыми теңізді зерттеуге арналған конференцияларда қарастырылды. Бірақ қолданылған шараларға қарамастан теңіздің мұнаймен ластануы жылдан жылға өсіп бара ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Биологиялық зерттеулерде политізбектік реакция әдісін қолдану

Кіріспе

Соңғы он жылдықта молекулалық биологияның, медициналық генетиканың, биохимияның, биофизиканың, микробиологияның, иммунологияның, онкологияның, эпидемиологяның және т.б. ғылымдардың қарқынды дамуы адам, жануар, өсімдік, бактерия және вирус геномын зерттеуде диагностикалық практиканың молекулярлы-биологиялық әдістің белсенді нығайуына әкелді. Бұл әдіс ДНҚ-зерттеу деп аталады. [1]
ДНҚ-зерттеу әдісі әр түрлі ауруларды ерте және толық анықтауға мүмкіндік береді. Терапияда нәтижелі бақылау жасауға және қазіргі диференциалды диагностика жасауға мүмкіндік береді. Тұқым қуалайтын ауруларды анықтауда таптырмайтын әдіс әсіресе қан іздерінен, шәуеттен және саусақ мөрінен қылмысты адамдарды анықтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі танда ДНҚ-диагностиканың екі бағыты бар олар: гибридизационды нуклеин қышқылдарының анализі және политізбектік реакция әдісін қолдану арқлы диагностика. Молекулалық биология әдісінің дамуы ХХ ғасырдың 50-і жылдары басталды. Ресімей бастама 1953 жылы ДНҚ-ң құрылысының ашылуымен байланысты болды. ДНҚ-гибридизация әдісі инфекциялы қоздырғыштарды анықтауда қиындау, ұзақ және қымбатқа түсті. Оның орнына политізбектік реакция әдісі келді (ПЦР).
Политізбекті реакция –ДНҚ-ң репликациясының жүруін айқын көрсететін ең негізгі әдістердің бірі болып табылады. ПЦР әдісінің ашылуымен спецификалық молекула ДНҚ-ң миллиондаған молекула арасындағы маңыздылығы анықталды. [2]
Политізбекті реакция әдісінің ашылуы молекулалық биология саласындағы соңғы онжылдықтағы негізгі жаңалық болып табылады. Ашылған жаңалық медицина саласындағы диагностиканы жаңа, жоғары сатыға көтерді. Политізбекті реакция әдісінің маңыздылығы – ДНҚ-ң участогын лабораториялық жағдайда температуралық цикл барысында пробиркада амплификациялау (бірнеше қайтара көшірмесін түсіру). ДНҚ-ң әрбір көшірмесін жасау барысында алдыңғы процесте синтезделген ақпарат қайта синтезделіп, ДНҚ полимеразамен қайта көшіріледі. Осы процесс барысында ДНҚ-дағы ақпарат түрленіп, күрделене түседі де синтез процесінің жүруі жеңілдей түседі.
Политізбекті реакция анализинің ашылуы соңғы жылдары медицина мен ғылым саласында көптеген жетістіктерге жетті. Алғашқы кезде ПТР әдісі институт қабырғасындағы лабораторияда қолданылып, қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде практика жүзінде клиникалық ауруларды емдеуде кеңінен қолданылуда. Инфекциялық ауруларды диагностикалау (соның ішінде агенттен туа біткен); микроорганизмдерді генотиптеу, олардың вируленттігін анықтау; микрофлораның антибиотиктерге қарсы тұру қабілеттілігі; генодиагностика және генетикалық дактилоскопия; қанның препараттарына биологиялық бақылау жасауда – ПЦР анализі қолданылып келеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
1 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Биологиялық активті заттарды полимерде иммобилизациялау

Жұмыстың ғылыми маңызы. Пролонгирленген емдік қасиеті бар табиғи және синтетикалық полимерлер негізінде алынған дәрілік формалардың дипломдық жұмысымды жазу барысында әдеби шолу өткізілді. Аруды басатын новокаин мен антибактериалды рифампицинді желатин мен агар-агар негізінен тұратын гельдер, кальций альгинатынан тұратын микробөлшектер, поливинил спирті мен натрий альгинат негізіндегі қабыршақтарға яғни жаңа дәрілік формаларға иммобилиздеу. Әр түрлі факторларға байланысты дәрілік заттың босап шығуы зерттелді. Препараттың босап шығуы кинетиканың бірінші реттіне жататыны және матрицадағы терапевтикалық агенттің диффузиясымен бақыланатыны анықталды. Анықталған заңдылықтар бойынша препараттың шығымын болжауға және организмге дәрілік заттың керекті түсу жылдамдығы бар полимерлі материалдар жасауға болады..
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Осы жұмыс барысында практикалық медицинада қолданылып жүрген инфекцияны және ауруды басатын пролонгирленген новокаин мен рифампициннің гель, қабыршақ және микробөлшек түрлі жаңа полимерлі дәрілік формалары алынды. Қазақ ғылыми-зерттеу МСХ РК ветеринарлы институтында өткен медико – биологиялық зерттеулер нәтижесінде төмен молекулалы дәрілік формалардан гөрі полимерлі дәрілік формалардың жоғары антибактериалды және анестезирлі эффект көрсететіні анықталды.
Алынған мәліметтердің дұрыстылығы физико-химиялық әдіс бойынша полимерлі дәрілік формалар зерттелінді (ИК-, УФ-спектроскопия, электронды сканирлік микроскопия, сандық анализ және т.б.).
Жұмыс МОН РК А.Б.Бектуров атындағы Институт химиясының синтез полимер зертханасында НАН РК академик Б.А. Жұбановтың жетекшілігімен жасалды.
Публикация. Жұмыс материалы бойынша 1 мақала «Известия НТО Кахак» журналында жарық көрді, республикалық ғылыми-практикалық конференцияға 2 баяндама және 1 мақала («Вестник КазНУ им аль-Фараби, серия химическая») шығарылымға тапсырылды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Асқорыту және Секреция бездері тақырыптарын модульдеп оқыту

К і р і с п е

Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми-техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағыт тануда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер, білім беру саласына, соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парагдигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі екі мазмұнның орнына жаңасы келуде.
Қазіргі заманның даму қарқынын мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан XXI ғасырдың әр мұғалімі үнемі ізденіс үстіндегі ғалым-педагог болуы тиіс. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект-субьектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектілі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағыдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" деген, бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне, өмірлік мүдде бағдарына байланысты екеніне күмән жоқ. Бала мектеп табалдырығын оқып үйренуге деген үлкен ынтамен аттайды. Оларды қабілетті және қабілетсіз деп айтуға болмайды. Ал мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру ғана деп түсінбеуі керек. Ол ертең ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыруға көмектесіп, танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыра, басқара білуі тиіс. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру. Өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қызметіне байланысты.
Жұмыстың мақсаты:
Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының барысында сабақтарды, соның ішіндегі тәнтану пәнінің "Секреция бездері" және "Асқорыту" тақырыптарын модульдеп оқыту. Оқушыларға осы жаңа технологияны пайдаланып, биологиялық білім беруге, ғылыми көзқарасты қалыптастыруға маңызы өте зор екендігін және модульдеп оқытудың жолдарымен, бағыттарымен оқушыларды таныстыру, сонымен бірге ойлау түйсігін кеңейтуге, сабақты толық меңгеруге үлкен септігін тигізетініне көз жеткізу.
Жұмыстың міндеттері:
1. Модульдеп оқытуға және оның әртүрлі бөлімдеріне жалпы түсінік беру.
2. "Секреция бездері" тақырыбы бойынша жоспар түзу, кесте құру.
3. "Асқорыту" тақырыбы бойынша сабақтарға бөлу, жоспар түзу.
4. Оқыту барысында екі тақырып бойынша ғылыми көзқарасты қалыптастыру мақсатында жаңа технологияны қолдану және оның тәрбиелік, білімдік деңгейлерін ашу, өңдеулер мен нұсқаулар жасау. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | ТҮЛКІБАС АУДАНЫНА ФЛОРАСЫНА ҚЫСҚАША СИПАТТАМА

Қаратау мен Батыс Тянь-Шанның қиылысында, тоғысында орналасқан Түлкібас (Түркібас) ауданы Қазақстандағы, тіпті бүкіл Орта Азиядағы флорасы бай өлкелердің бірі. Ауданның жер ауқымында 2000 - ға жуық өсімдік түрлері өседі. Түлкібас ауданындағы мұндай бай алуан-түрліліктің болуын оның табиғи жағдайларының байлығымен түсіндіруге болады. Өйткені осы ауданның жер ауқымында биік таулық, альпілік шалғындар мен мұздықтарға дейінгі (Ақсу-Жабағылыдағы биік тау, Иірсу) дүние жүзіндегі барлық табиғи аймақтардың үзінділерін кездестіруге болады (субтропикалық) саваналардан бастап Пістелі мен Дәубабадағы тау пістелі бадалшіліктер.
Түлкібас ауданының жасыл жамылғысы мен флорасын өткен уақыттарға, дәуірлерге тән флоралардың өкілдері құрайды.
Ежелден келе жатқан әр түрлі эволюциялық, табиғи-тарихи қатпарлардың осы өкілдері - Түлкібас жерінің флорасы мен өсімдіктер дүниесінің негізін қалаушылар. Одан бергі уақыттағы табиғи даму, түр құрылу өсімдік түрлерінің таралуы осы негізде жүрген. Тек осы өңірге ғана тән даму үрдісінің белгісі болып табылатын эндемик түрлер. Батыс Тәңіртау (Аспан тау) мен Қаратаудың тоғысындағы Түлкібас (Түркібасы) жері біздің еліміздегі өте маңызды эндемизм орталығы болып табылады. Жердің бетінде тек ғана Қазақстанда өсетін 850 эндемик түрлердің 41%-ы Оңтүстік Қазақстанда кездеседі. Тек Оңтүстік Қазақстан облысында кездесетін эндемиктердің 45%-ға жуығы осы Түлкібас өңірінде. Түлкібастың табиғи байлығы ежелгі уақыттан бері осы өңірді мекендеген ел-жұртың тұтыну қоры, тіршілік көзі болып келеді. Оның себебі - өсімдіктер дүниесі шаруашылыққа пайдалы өсімдіктердің 100-ге жуық түрін осы өңірдегі ел-жұрт кеңінен тұтынады, ал кейбір түрлердің тіпті елеулі өндірістік қорлары да бар. Кеңінен тұтынылатын түрлер мыналар:
Сары долана - жемісі өте дәмді витаминге бай, жергілікті халық көп мөлшерде тосап қайнатып алады, соңғы жылдары үлкен қалаларға көптеп шығарылып сатылып жүр;
Жабайы алма - Сиверс алмасы - жемісі дәмді, витамин мен пектинге бай, қоры тым азайып кеткен;
Жабайы жүзім;
Тay пісте;
Жаңғақ;
Рауғаш - қымыздық.
Сонымен қатар, Түлкібас ауданында долананың, итмұрынның, шайгүлдің, жұпаргүлдің, солмасгүлдің немесе шөпшайдың, мыңжапырақтың, қызыл мияның, қылшаның, теміртікеннің, киікотының, тасшүйгіннің және т.б. бірқатар дәрілік және басқалай пайдалы өсімдіктердің жеткілікті қоры бар. Ал кейбір өсімдіктер үшін Түлкібас жері Бүкіл Қазақстан бойынша жалғыз өндірістік база болып табылады. Мысалы, сары долана, қызыл долана, алша, тау пісте. Бұл өңірдің флорасы хош иісті эфирмайлы ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Өндірістік кооператив шаруашылығындағы сауын сиырларды жүгері сүрлемімен азықтандырудың ерекшеліктері

Сауын сиырларды жүгері сүрлемімен азықтандырудың ерекшеліктері» атты дипломдық жұмыстың зерттеудегі ғылыми жаңалығы Оңтүстік Қазақстан облысының «Манкент» өндірістік кооператив шаруашылығында табынды ұйымдастырудың ең басты факторларының бірі - оның структурасы мен дұрыс ұдайы өсірілуі анықталды. Зерттеу нәтижесінде әр түрлі бактериялы ашытқыларды көк балауса өсімдіктерден алынған шөптер мен дәнді дақылдардың қалдықтарынан алынған жүгеріға қосып дайындалған сүрлемдер мен пішендемелер жақсы сақталып, құнарлылығын арттыру.
Негізгі бөлім тақырыптары: Тәжірибе шаруашылығының табиғи-климаттық жағдайы. Зерттеудің зерзаты мен әдістемесі. Қолда бағылатын кезде берілетін азықтар мен табиғи жайлымдық шөптердің құрамы мен жұғымдылығы. Мал азықтарын дайындау технологиясы. Пішен дайындау. Сүрлем дайындау.Пішендеме дайындау. Біртекті мал азығын дайындау. Шөп ұны мен туралған шөп дайындау. Мал азықтарының қосымша көздері. Жүгеріды өңдеу а)химиялық тәсілдер; б) биологиялық тәсілдер. Дәнді малға беруге дайындау.Мал азығын консервілеуде қолданылатын бактериялы ашытқылардың түрлері. Бактериялы ашытқылардың сүрлемдегі микробиологиялық процестерге тигізетін әсері. Жүгері балаусасын "Силобактерин" ашытқысымен сүрлеу. Сүрленетін азықтарға бактериялы ашытқыны қосу тәсілдері, жүгеріден даярланған сүрлемдерді сауын сиырлар рационына пайдаланудың экономикалық тиімділігі көрсетілген.
Дипломдық жұмыс 72 бетке компьютер арқылы теріліп берілген, 17 кестемен және 4 суретпен көркемделінген. Құрылымы бойынша кіріспе, әдебиетке шолу, зерттеу нысаны мен әдістемесі, зерттеу нәтижелері бөлімдері және қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 64 еңбекті құрайды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Оңтүстік Қазақстан жағдайында картоптың алғашқы тұқым шаруашылығын енгізіу

Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде биотехнология ғылыми – техникалық үрдістердің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады. Биология және техника ғылымдары, генетикалық және ұлпалық инженерия салаларының жетістіктері негізінде адамзат өмірінің деңгейін айтарлықтай жоғарылатуда тірі ағзалардың барлық мүмкіншіліктерін пайдалануға болады. Биотехнологиялық өнімдерді өндіру арқылы өндірістік – технологиялық, экологиялық және әлеуметтік – экономикалық өзекті мәселелерді жақын аралықтарда және стратегиялық жоспарлар құру арқылы шешіледі.
Әрбір елдер, оның ішінде Қазақстан Республикасы үшінде ұлт саулығын, экономиканың тұрақтылығын және қорғаныс қабілеттілігін арттыру өте маңызды, әрі күрделі мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешуде биотехнологияға басты назар аударылуы тиіс. Әсіресе, биотехнология ауыл шаруашылығы өндірісіне кеңінен қолдануға бағытталу қажет. Өйткені, біздің еліміздің стратегиялық мақсаттарында халық шаруашылығы осы салаға көп көңіл бөледі [1].
Тұқым шаруашылығында биотехнология жетістіктерін пайдалану арқылы дақыл сорттарын сауықтыру және олардың сыртқы орта ықпалдарына төзімді (ыстыққа , суыққа, топырақ ортасына және тағы басқа) жаңа сорттарын алу Қазақстан Республикасында 1995 жылдардан бері қолға алынып келеді. Өйткені, тұқым шаруашылығында биотехнологияны қолданып, дақыл өнімділігін 15-30 пайызға дейін жоғарылатуға болады [2].
Оңтүстік Қазақстан жалпы картоп дақылының өсіп-дамуы үшін қолайсыз болып табылады. Механикалық құрамы орташа саздақты болатын сұр топырақтар, түйнек түзу кезеңіндегі тым жоғары температура және ылғалдың жетіспеушілігі картоп өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады [3].
Картоп өнімділігін көтеру үшін әртүрлі табиғи ортаға тиісті агротехникалық шаралар жүйесін оңтайлы жүргізгенде ғана нақты жетістіктерге жетуге болады. Бұл шаралар жүйесінің бірі нақты табиғи ортаға бейімделген негізгі аурулуаға және зиянкестерге төзімді, жоғары сапалы және өнімділігі мол сорттарды пайдалану, сонымен қатар отырғызу үшін жоғары сапалы сау тұқымдық материалдарды қолдану керек.
Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында картоп шаруашылығын дамытудағы алғашқы міндеттердің бірі оның тұқым шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Картоптың өнімділігінің деңгейі отырғызатын тұқымдық материалдың сапасына тікелей байланысты болғандықтан, дақылдың тұқым шаруашылығын тиісті жағдайға келтіру бүгінгі күннің басты өзекті мәселесі болып отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи-климаттық жағдайлары жоғары температуралық ықпалдармен сипатталатындықтан картоптың тұқым шаруашылығын жүргізу және элиталық тұқымдық материал өндіру кәдімгі клондық таңдап алу тәсілімен оң нәтиже бермей отыр. Ыстық ауа-райы жағдайында вирус ауруының аз ғана мөлшері дақылдың өнімділігі мен сапасына айтарлықтай кері әсер етеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0