Тақпақ: Ұстазым

Ұстазым сені көргенде,
Қуанып кеттім бірдемде,
Әліппемді ұстадым
Білім берген күніңде!
Біліміңді үйрендім,
Бәрін біліп алдым мен
Бәрін біліп әрдайым
Ұстазымның күнінде.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Қоян

Сыбдырынан қоянның
Түнде шошып ояндым
Жібек тоны мамықтай
Шешеді ол қамықпай.

Жазда қорқақ сол қоян
Шөп ішінде бұғады
Қыста ақ тон киіп ап
Ақ қардай боп шығады.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Мектеп

Мен мектепке барамын,
Жақсы білім аламын.
Танертең мен сөмкеме
Оқулықты саламын...
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Санамақ

Бір дегенім - білім
Екі дегенім - елім.
Үш дегенім - үміт,
Төрт дегенім - түлік.
Бес дегенім - берік,
Алты дегенім - арық.
Жеті дегенім - желім,
Сегіз дегенім - сенім,
Тоғыз дегенім - той,
Он дегенім -ой,
Онға дейін санап қой!
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Туған жер

Туған жер атамекенім,
Бақытты өлкем бақ қонған.
Өзің деп мәңгі өтемін.
Өзіңе мен жат болман.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстаз

Ұстаздарды ардақтап,
Сыйлайық біз оларды.
Бізге берген біліммен
Өрлейік біз шыңдарға.
Тақпақтар
Толық
0 0