Тақпақ: Анама

Алла деп ашқан соң, өмірдің есігін,
Анашым әлдилеп, тербетті бесігін.
Құлаққа жағымды нәзік ол үнімен,
Тербетсін, тербетсін әр ана бесігін.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Өзім жайлы

Жылап тұрсада жүрегім,
Білдірмей жаймен күлемін.
Анамды тосып әр күні,
Алаңдап менде жүремін.

Адасып қалдым байқаусыз,
Өмірге келген күні мен.
Сенемін әйтеуір бір күні,
Табады іздеп анашым.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Күз келді

Күз келді, алақай!
Алтын келді далаға.
Дәні бітік бидайды,
Құйып жатыр қамбаға.

Молшылыққа бөлеген,
Күз айы неткен ырысты ең?
Біздерді қауыштыратын,
Ыстық ұя мектеппен.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстазым

Қолыма қалам ұстатып,
Білім берген ұстазым.
А мен Б-ны үйретіп,
Сусындатқан ұстазым.

2-ден, 1-ді айырып,
Есептеткен ұстазым.
Алғыс айтам шексіз мен,
Алғашқы асыл ұстазым.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстазыма

Ұстазым - менің ақылшым,
Әр сөзің дана асылсың.
Білімге құштар жастарға,
Шын жанашыр жақынсың.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Анама

Түн ұйқыңды төрт бөліп,
Құшақ жайдың балаға.
Айым, күнім, қызым деп,
Еркелетер анада......
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Достар

Доспен әр кез көңілді,
Жақсы достар сатпайды.
Адал болсаң достарға,
Сонда досың қаптайды....
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Әжеме

Мені ертіп жетектеп,
Осы күнге жеткізген.
Бізді бағып өсірген,
Аман болсын жан әжем.
Тақпақтар
Толық
1 0