Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен құра беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы оқу- тәрбие үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын ұтымды қолданысқа алуы.
Білім алу - адамзат әрекетінің ең маңызды бір түрі. Ол білім мен тәрбиенің негізін қалайды. Білім алуда адамның ішкі мүмкіндігі мен қабілетінің дамуы, қалыптасу үрдісі байқалады. Қабілет, бір жағынан, адамның.......
Үш кезеңнен тұратын «Кембридж бағдарламасының міндеті – Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу» (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 12-бет) деп көрсетілгендей менде өзге мұғалімдер секілді тәжірибемді жетілдіріп, өзгеріс енгізу мақсатында Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының үшінші базалық деңгейлі курсына оқуға келдім. Курстың Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде тренерлер көшбасшылығымен топтасып жұмыс жасауға дағдыландық. Бірлесе жұмыс жасау мақсатымыз топта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырумен қатар, кездескен.......
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына жеткізетін білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп .Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша.......
Құлқын сәріде жазу столына кеп отырғанда айтар ойым әзір сияқты еді. Ыбырсып жатқан қолжазбаларды ары ысыра сап, әдеттегі машықпен бір парақ қағазды алдыма тартып алдым. Қолымда жем тілеген көгершіннің мойнындай қылпылдаған қарындаш та аяғынан басып, шу деген жерден ақ қағаз бетімен жорғалай жөнелетін сияқты еді. Иә, кейде кісі бастамаған ісінің ақыры сәтті болып аяқталарына көзі күні бұрын жетіп, көкірегінде қолға ұстатқандай бір нығыз сенім тұрады. Оның үстіне мен осы барған сапарымнан көңілді қайттым. Түгін тартсам түбінен майы шығып жатқан қазіргі Сарыарқаның ырысы мен ырзығы мол даласын өз көзіммен көріп қайтқам-ды. Сол далада қара жерге қолдан егін егіп, ағыл-тегіл астық өндіріп жатқан адамдардың кешегі егін орағы басталып кеткеннен бергі жан алып, жан берердей еңбегін барша жұртқа паш етсем бе деп едім. Асылы қағаз соңына түскен адамның өзіне-өзі ие бола беретін кезі аз болады. Кейде сені қиялың билейді. Кейде көлденеңнен киліккен бір желөкпе сезімнің жетегіне ілесіп кете барасың. Енді, міне, Құдай қылса қайтесің... Таңмен таласа оянып, үй іші ұйқыда жатқан осынау бір әрбір қалам ұстаған кісілер үшін іздесе таптырмайтын жым-жырт тыныш кезде столға отырып, осы сапардан көңілімді толқытып қайтқан кейбір әсерім мен ойымды ортаға салар жерде, қайдағы бір қаперімде жоқ нәрсе қалам ұшына орала кеткені. Онда да ертеде өткен ескі қазақ өмірі. Ескі өмірдің де өзімнің тап осы қазіргі көңіл-күйіме құттай да қатысы жоқ қайдағы-қайдағы жүдеу көрінісі. Қыста қанша жамау бастырсаң да жыртық-тесігі таусылмайтын атаң қазақтың әйтеуір лаждап уақыт өткізетін лашығы мен ықтырмасынан жел ызғып, зықын кетіріп біткесін, ол кезде әрбір өткен күнді олжадай көретін кедей шаруалар көктем нышан беріп, күн жылт етсе болғаны жайлауға көше жөнелетін. Бар тірлігі ат жалы мен атан қомында өтетін көшпелі ел үшін қиын өмірдің ең бір қимас шағы - осы көктем. Қардан арылған қырда қыс ызғары сірә да қалмайды......