Күн мен Ай қатты ренжісіп бір – бірімен мәңгілікке айырылысады. Көп ұзамай олардың өз балалары дүниеге келеді. Айдың балаларын санап бітіру мүмкін емес болды. Ай өзінің жарқыраған балаларына жұлдыздар деп ат қойды. Күнді көргісі келмей балаларын ертіп ғарыш......
Менің бейшара гүлдерім мүлде солып қалыпты, – деді Ида. – Кеше кешкілік соншалық әдемі еді, енді, міне, қылжиып жатыр. Неге бұлай? – Ол диванда отырған студенттен осылай деп сұрады.
Қыз студентті өте жақсы көретін. Өйткені ол таңғажайып әңгімелерді майын тамызып айта беретін және ағаштан жонып, ішінде кіп-кішкентай бишінің бейнесі бар жүрекше, гүл, есік-терезесі ашылып-жабылатын керемет сарайлар секілді ойыншықтар жасайтын. Студент өте бір көңілді жан еді.
— Бұларға не болған? – деп қайталап сұрады да, қыз солып қалған бір шоқ гүлді көрсетті.
Бұдан көп жылдар бұрын дүниеде бір король өмір сүріпті. Оның әдемі киінгенді жақсы көретіндігі соншалық, барлық ақшасын жаңа киім тіктіруге жұмсапты. Ал салтанатты шеру, театр, қала сыртына серуен жасау дегендерің корольді онда сәнді киімдерін көрсете алатындығы үшін ғана еліктіреді екен. Оның күннің әр сағатына сай киетін киімдері болыпты. Өзге корольдер жөнінде қызметшілері: «Король кеңесте» дегенді айтса, бұған келгенде: «Король киініп жатыр» десіпті-міс.......
Оның жатпай-тұрмай бар ойлайтыны жер-жиһанды бір өзім бағындырып, қайтсем ашсам алақанымда; жұмсам жұдырығымда ұстасам деген пиғыл болыпты. Сөйтіп жан-жағындағы көршілес елдерді бірінен кейін бірін басып ала береді, оның әскері жүріп өткен жердің ойран-топыры шығады; егінді таптап, шаруалардың үйлерін өртеді, өрттің қызыл тілі айналасындағылардың бәрін жалмап, ағашты алқаптарды......