«Қазақ тілі» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс. Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың лексикалық тақырыбын оқулыққа сай таңдап құрастырады және таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады. Жылдық жүктеме 68 сағат, аптасына 2 сағат.
Жастық пен тері саулығын әрдайым бақылауда ұстау үшін түрлі маскалар жасап тұрудың маңызы мол. Ал жұмыртқадан жасалатын бұл маска бет терісін тазалайды, жұмсартады, нәрлендіреді және тартып тұрады. Сонымен қатар ең арзан, қолжетімді маска болып есептеледі. Өйткені сізге керегі тек жұмыртқа ғана.