Жұбан Молдағалиев (5.09.1920 жылы туған, Орал облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды ауылы) — қазақ ақыны, жауынгер,Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, "Мен Қазақпын" поэмасының авторы.
Мазмұны 1 Өмірбаяны 2 Мен - қазақпын поэмасы 3 Жұбан Молдағалиев шығармашылығы 4 Сыртқы сілтемелер 5 Дереккөздер Өмірбаяны Оралда ауыл шаруашылық техникумын (1940) бітіріп, 1940-47 жылы Кеңес Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты.
Одан кейінгі жылдары: "Лениншіл жас" (1948-52), "Қазақ әдебиеті" (1955-56) газеттері мен "Жұлдыз" журналы (1958-63) редакцияларында, Қазақстан Жазушылар одағында (1953-54; 1963-71; 1 секретары) қызмет істеді. Алғашқы өлеңі ("Ленин тірі") Орал "Комсомол ұрпағы" газетінде (1939) басылды. Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен 1949 жылы жарық көрді. Жұбан Молдағалиевтің көптеген поэмаларында .....
Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас ) ( 15 . 10 . 1894 , қазіргі Жезқазған облысы , Ақадыр ауданы , « Ортау » совхозының « Қарашілік » қыстағы , — 25 . 2 . 1938) – қазақ кеңес жазушысы , қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы , Қазан революциясына қатысқан ардагер , мемлекет және қоғам қайраткері , 1918 жылдан КПСС мүшесі . Шағын дәулетті саясатшының жанұясында туған . Сәкен Нілдідегі орыс-қазақ , Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде ( 1905-08 ) , үш класты қалалық училищеде ( 1908-13 ) , Омбыдағы мұғалімдер семинариясында ( 1913-16 ) оқыды . 1914 жылы Қазан қаласында « Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды . Омбыда қазақ жастары ашқан « Бірлік » қауымы басшыларының бірі болды . 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып , орыс тілінен сабақ берді . 1917 жылы 9 наурызда « Асығып тез аттандық » атты өлеңін жазды . Кешікпей Ақмола қаласына ауысып .....