Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алатау)

Алатау, басың бәтес, баурың торқа.
Туың ба, тұманың ба басың қалқа.
Бала едім баурында өскен суыңды ішіп,
Жерсітпес сен тұрғанда Сыр мен Арқа.
Сен неге мелшиесің күнге қарап,
Серуенге шықпайсың ба бойың тарап. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Шыбын)

Отырмын бір мал айтып, көңілім тасып,
Сол малды айтып сойып, көңіл басып.
Малдың етін таратып, жеп жатқанда,
Балалар түйе баққан келді сасып.
Сорпа ішіп жатыр едік, мал етін жеп,
Қойшылар аттан салды: «жау тиді» деп.
Ауылдан атты-жаяу, барлығымыз,
Төбеге түгел шықтық атой сап кеп......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Радлов жинағынан)

Міндім де осырақ қоңыз аяңдаттым,
Болдыртып аяғына қоянды аттым.
Апырым-ай! Сол қоянның семізін-ай,
Көтеріп қоңызыма қоя алмаппын.
Үш жаста мергеншілік кәсіп қылдым,
Ши оқпен мың құланды атып қырдым. .....
Өлеңдер
Толық
0 0