Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жақсылар жаман болып шықты бүгін)

Жақсылар жаман болып шықты бүгін.
Тұнжырап тұрып алды бұлтты күнім.
Әулие дегендерім арамза екен,
салды ма біздің елге жұт құрығын?
Айналды жын-ойнаққа құт тұғырым,
менің де жалған екен мықтылығым.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қасірет пен ерлік жыры)

Аспан мен Жер арасын
өрт қаптады жалыны жаландаған,
көңірсіді құйқадай адал далам.
Бір-бірінің қанынан ұрттамаса,
тыншымастай сұстанды адамға адам.
Түндер келді жарыңның құшағында
рахаттың орнына алаңдаған.
Жас орнына мөлдіреп жанарда қан
тамайын деп тамбаған, тама алмаған.
Алмасты ілез күрсіну, күңіренумен
жүректерден шарықтап таралған ән.
Түнде соғар дүлейін жасырғандай,
күліп атып қылымсып таң алдаған. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен саған ғашық емес ем)

Сен үшін сонау алыстардағы елес ем,
Осынша мені арман қып келдің неге сен.
«Сыртыңнан сүйіп жүретінімді
сезуші едің ғой» демесең,
Мен саған ғашық емес ем.
Мен саған ғашық емес ем.
Мен саған ғашық емес ем.....
Өлеңдер
Толық
0 0