Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тау басындағы ой)

Шыққаным – Шыңғыстағы бiр биiк тау,
Жақсы екен тауға шығып тағдыр сынау.
«Қайырлы түн болсын» деп үнсiз айтып,
Күн кеткен соң түн келдi қараңғылау.
Аспандағы ай, жұлдыз – бәрi айланды,
Жалғыз-ақ Темiрқазық тапжылмайды-ау.
Күн батып, ай, жұлдыздың айналуы –
Шынында дөңгелеген жер жүрiсi-ау.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тауық неге шақырар сағат сайын)

Тауық неге шақырар сағат сайын,
Дей ме уақыт өткенiн ұқтырайын.
Кейде зарлы дауыспен ит ұлиды,
Бiлемiсiң, қылып тұр ненi уайым?
Гүлдi көрсе, мұңлы әнмен бұлбұл сайрап,
Айтып тұр ма баянсыз өмiр жайын.....
Өлеңдер
Толық
0 0