Өлең: Жамбыл Жабаев (Отан әмірі)

Тұнжыраған күн туды,
Жау қолқаға ұмтылды;
Топыраққа теңемек
Ата мекен жұртыңды.
Аянатын не қалды?
Аяулыны жау алды!
Жеріміздің сәулеті
Кавказға да таянды.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Аттандыру)

Атаңнан бата ал, балам,
Алшайып атқа мін, балам.
Ақ сақалым желбіреп
Артыңнан қарап мен қалам.
Құлағыңда құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған:
Алғадайым арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған;
Перзентімнің алды едің ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Жаз тілі)

Дидары жаздың жарқырап,
Жадырап күлді тағы жер:
Жасанған жасыл жау-жарақ,
Жайнады жазша жауынгер.
Трактор елде аршындап,
Бұзылды тыңдар, не бір бел:
Сіңіріп дәнді топырақ
Құлпыртты қырды егіндер.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Сыйлық)

Туған елім, сөз тыңда!
Саған айтар сөзім бар.
Атақ беріп Жамбылға
«Ардақты, ерке—дедің,—шал»,
Ал сөйлейін алдыңда,
Сөз беріп тіл даңғылға.
Сөйлейтін жер келгенде,
Жұртым кезек бергенде,
Мен бөгеліп қалдым ба?
Заман-заман тапталған,
Қалың қазақ баласы,
Ауыр азап атқарған
Көзден ағып сорасы.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Кеңес гвардеецтеріне)

Тіл ұшында бір сөз бар,
Жалындана жайнаған,
Құлаққа сол сөз тигенде,
Серпіліп бүкіл денеңде,
Қанық да қызып қайнаған;
Жарың да қызық сайраған
Сол сөз жетсе көкті өрлеп,
Жүрегіңді күш кернеп,
Жаның сергіп самғаған.....
Өлеңдер
Толық
0 0