Өлең: Жамбыл Жабаев (Өлім мен өмір белдесті)

Аз сөйлеп, көпті болжаған,
Арыдан терең ойлаған,
Сталин данам, қарағым!
Сөзіңді естіп сөйлеген,
Жүрегін түгел тербеген,
Кәрі мен жастың, баланың!
Тебірендім қатты мендағы,
Күшімді жыйнап қайдағы,
Қаздаңдап бастым аяғым!....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Ата жаумен айқастық)

Асқар таудай еліме
Байтақ жатқан жеріме
Шапты фашист дегенде:
Ашуменен аралас
Қыр да келді көмейге,
Қаһар қаулап денемде!
Көз жібердім мен де елге:
Сонда елімнің түрінен
Тастай болып түйілген —
Қаһармандық аңғардым,
Жау сазайын бергенге!
Жау тиді деп саспастан,
Аяқтарын нық басқан
Айбатынан көресің....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Кәрілік)

Жасықтан асыл шықпас қайрағанмен,
Жабыдан жүйрік шықпас байлағанмен,
Жасарып Жамбыл қайта жігіт болмас,
Жағасын үш қайтара майлағанмен.
Сақалым темір күрек борға малған,
Селеудей шашым селдір зорға қалған.
Аузыма ақ жабағы жапсырғандай....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Барлыбайға)

Қазақта көптен жүрген мен бір тауық,
Шырағым, емдеймісің емін тауып.
Қаттырақ жауырынымнан қыса түссе,
Жүрекке болмас па екен үлкен хауіп?
Емдетпей, ерлік етіп жүре берсем,
Кетпей ме тұла бойға түгел шауып?....
Өлеңдер
Толық
0 0