Эссе: Абай - біздің ұлттық ұранымыз

Абай– қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі. Ұлы ақын "Абайдың қазақ әдебиетіне XIX ғасырда және XX ғасырда еткен әсері аса мол. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, естіп ұғыну арқылы, сол Абайдың өлеңдерінің үлгісінде әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар. Әсіресе, бұлардың саны, Абай шығармалары қазақ сахарасына жайыла бастаған сайын молая түскен", - дейді Мұхтар Әуезов. Абайдың қазақ әдебиеті алдындағы ұлы қызметі оның ұлттық әдебиетте шындық дегеннің не екеніне бірнеше рет көңіл аударып, оны тұңғыш аша білуі деуге болады. Ол - қазақ әдебиетінде әйелдердің тағдырына бірінші көңіл бөлген ақын. Оның кіршіксіз, таза, терең сезіміне үңілді, ананы, даналықты, достыққа берік адал сезімді жырлады. Абай кедей ақындардың күнкөріс кәсібіне айналып, бағасы түскен өлең сөзді өз биігіне қойып, оқырманның, тыңдаушының талғамын тәрбиелеуге белсенді араласты. Ақынның бұл саладағы ұлы қызметі орыстың классикалық әдебиеті эстетикасымен, Белинский, Чернышевский көзқарастарымен ұштасып жататыны ғылымда әлдеқашан дәлелденген.

Абай –халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз, оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту –біздің ғұмырлық парызымыз.

Абайдың туғанына 175 жыл уақыт өтсе де, оның еңбектері халық жадында сайрап, оған нұрлы өмірге жол көрсетіп тұр......
Эсселер
Толық
0 0

Баяндама: Жаңа ғасырдағы білім берудегі оқытудың үрдісі

Қазіргі заманда Қазақстанның өзіне ғана тән ұлттық сипаты бар білім беру жүйесін одан әрі дамыту,білім беру сапасында әлемнің басқада алдыңғы қатарлы беделді де,белді елдерімен қатар жұмыс жасау,бүкіл әлемдік деңгейге көтеру, білім беру ісінде әлеуметтік кеңістікке шығу алдағы тұрған міндеттер. Әлем елдерінің біразы бұдан 40-50 жыл бұрын игерген әдіс-тәсілдер мен озық технологиялар бұл күнде әрбір оқытушының басты құралы болып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Шығарма: Отан неден бастау алады?

Аспанға қарап, ұшқыр қиялға беріліп, түрлі армандардың жетегіндемін. Тап-таза көгілдір аспан. Тіпті бірде жылқыларға, бірде айдаһарға ұқсайтын бұлттар да жоқ. Бұндай кереметке қарап, болашағымды елестетіп жатырмын. Бір уақытта әкемнің «Мадина» деп шақырған дауысын естідім... атып тұрып, етегіме шабысқан шөптерді жалма-жан қағып, әкем тұрған жаққа қарадым. Сөйтсем, қойларым алыстап кеткен екен. Тұра жөнелдім. Қуып жетіп, қойдың басын қайтарып, қандай мықты шабан екенімді есту үшін әкеме қарай жүгіріп келемін. Енді жеттім дегенде анамның: «Қызым, тұра қой. Мектепке баратын уақыт болды», - деген дауысы оятып жіберді.
Иә, соңғы уақытта туған ауылым түсіме жиі кіретін болды. Сондықтан шығарма жазуға бірнеше тақырып берілгенде, еш ойланбастан, бірден өзімнің кішігірім Отаным туралы жазбақшы болдым.......
Шығармалар
Толық
0 0

Тақпақ: Қыс

Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді......
Тақпақтар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Сайлаулар хақында)

Шыққалы волост сайлау қырық жыл өтті,
Сол сайлау, байқасаңыз, түпке жетті.
Бай болып, мырза атанып, мал біткендер,
Таласып волостыққа ақша төкті.
Еліріп біреу шықты би болам деп,
Кейбірі би түсетін үй болам деп.
Желікпей үшіншілер.....
Өлеңдер
Толық
0 0