Ертегі: Түлкі мен құмыра

Бір әйел далаға егін ора келіп, құмыраны сүтімен шөптің арасына тығып қояды. Мұны түлкі көреді де жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын тығып, сүтті ішіп қояды. Енді түлкі құмырадан басын шығара алмай, әлек болады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: 12 жылдық дамыту күні және білім беру бағдары

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында “Қазақстан-2030” стратегиясы¬ның негізгі қағидаларын жаңа кезеңде дамытатын міндеттерді көрсете келе: “Енді бір 10 жылдан кейін жаңа Қазақстанды жаңа әлемде таныту үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына дер кезінде әрі лайықты үн қатуға тиіспіз”, — деп атап көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның “әлемдік өркениеттің бұйда ұстар тұсына қол жеткізуіне” барлығымыз бірдей ат салысуымыз қажет. Қашанда, қайбір елдің болмасын даму деңгейі ел білімі мен ғылымының дамуынан көрінеді. Елбасымыздың әр жылғы Жолдауында отандық білім беру жүйесіне баса назар аударып, стратегиялық басымдық ретінде қарастыруы да осыдан.
Қазақстанда білім берудің ұлттық үлгісі қалып¬тасу үстінде. Қол жеткізген біршама жетістіктеріміз де баршылық. “Тал бесіктен – жер бесікке дейін” деген біздің ұлттық филосо¬фия¬мыздың астарында үлкен мән-мағына, терең ой жатыр. Бұл – өмірлік білім қа¬ғи¬дасы. Оның бастау бұлағы, алтын тамыры – мектеп. Осы орайда орта білім беру жүйе¬сінде жасалып жатқан рефор¬малар атап айту¬ға тұрарлық. Дегенмен, ортаға салып, ойла¬сып пішер тұстарымыз да жоқ емес. Әлемдік білім ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Жиһаз күтімі

Жиһазды ұзақ уақыт қолданғыңыз келсе, оған дұрыс күтім жасау керек. Оны пеш пен орталықтан жылыту батареяларына жақын және күннің көзі тікелей түсіп тұратын орындарға қоюға болмайды.Жылу мен күн көзінің әсерінен жиһаз қақсып, қисайып, оңып кетеді.

Лак жағылған және жылтыратып өңделген жиһаздың бетіндегі шаң мен кірді ешқашан дымқыл шүберекпен немесе сумен кетіруге болмайды. Бұдан өңі күңгірттеніп қана қоймай, мебельдің бетіне ұсталған фанер қабаты ажырап кетуі мүмкін.

Жиһазды, оның лак жағылған және жылтыратып өңделген бетіндегі шаңды таза құрғақ фланель, шұға немесе пүліштің қиындысымен сүртіп тазалайды. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үй құстары №11 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Үй құстары №11
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну
2. Тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастыру
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырып бойынша сөйлемдер құрайды
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, тірек сөздерді қолданып, мәтін құрастырады.
Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша білетін қосымша ақпаратымен бөліседі.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақша өлең: Әмірхан Балқыбек (Хат)

Сен сұлусың,
Сабырлымын мен бiрақ,
Әнге айналсаң,
Еститұғын мен құлақ.
Бұлтсың ба,
Тосқауылың тау да мен,
Сенi қуған желдi демен
жау көрем.

Бозара атқан таңым болсаң,
Ертеңмiн,
Көрiктiсiң,
Күлкiң оттай.
Өртендiм.
Өртенiп ем өшкенiм.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Заңды тұлғалардың түсінігі мен белгілері

Қазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалы реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді. Тауарлық-ақшалық (мүліктік) және басқару қарым-қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түспек. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және басқа да заңдардың жоғары принціптерін, олардың мағынасы мен мазмұнын қайтадан бағалау онша оңай шаруа емес. Осыған байланысты жас егемен республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайту, мейлінше, маңызды екендігі сөзсіз. Егемен Қазақстанның конституциялық, әкімшілік азаматтық, енбек және қылмыстыққұқықтық салдарының аса маңызды екендігі ескеріліп, олардың көкейтесті проблемалары жаңаша қарастырылады.
Әр бір заңда тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңнын өзі ұйымдары бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаны ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтері, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы мен құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң қүжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істеитін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Оқу құралы соңғы кезде қабылданған заңдар мен басқа да нормативтік актілердің негізінде дайындалған; меншік нысанына қарамай барлық кәсіпорындардың, мекемелер мен азаматтардың міндетті түрде орындау қажеттілігіне, заңдардың талаптарына, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өз құзыреттері шеңберіндегі актілеріне негізделеді. Бірнеше қажетті жалпы ережелерге, принціптерге, анықтамалар мен жаңа түсініктерге ғана емес, нақты материалдар негізінде басқа да жоғары оқу орындарында өткізілетін бағдарламалық заң курсы бойынша да түсініктемелер беріледі.
Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғылым профессоры С.И.Аскназий «мемлекеттік ілімнің » авторы. Ол былай деп айтқан: «мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі үстайды». Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтыдар оған «егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатнаста болуы керек қой» деген уәж айтады.
Академик А.В.Венедиктов «ұжым ілімін» алға тартты. Бұл ғылымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.
Ал, ғалым Д.М.Генкин «әлеуметтік ақиқат»теориясына ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатнастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой «директор ілімін» алға тартты оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші- директоры болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0