Әлем чемпионаты кезінде Бразилияда болатындар үшін сақтық шаралары айтылды

Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы (AIPS) Бразилияда өтетін әлем чемпионатына жол тартатын тілшілерге сақ болуды ескертті. Бұл туралы орталық ресми сайтында хабарлаған.
KZ
Толық
3 -2

Махаббат хикаясы: Махаббат - мәңгі ертегі

Балалық бал дәуреннің уақыты өтіп, жігіт болып, тебіндеп мұрт шығып, өмірдегі өзіме тиесілі тізгінімді қолыма алғалы да біраз уақыт болып қалды. Яғни, студенттік күндер артта қалып, қызметке араласып, болашақтың босағасын тұрғызуға білек сыбана кірісіп кеттім. Әйтсе де, осы қалап жатқан босағамнан кім аттайды, ол жарымды қалай жолықтырар екенмін деп ойланып жүрдім. Өтіп жатқан көп күндерімнен ешбір айырмасы жоқ – биылғы жылдың 31-ші наурыз күні Тараз қаласына жиенімнің тойына бардым.
Той басталмай барғандықтан, құда-құдағи және құдашалармен алдын ала танысып алдық. Бір топ құдалардың ішінде, талай түндер бойы көз алдыма елестетіп, тым болмаса мына өмірде сұлбасын бір көрер ме едім деп армандаған аруымды көргенде, кенет ток соққандай «селт» ете қалдым.Таяқ тастам жерде, жан-жағына жайбарақат қарап тұрған құдашаға ебін тауып жақындап барып, тіл қаттым. Таныстық. Есімі – Меруерт екен. Тым тықақтап тіл қатып, үркітіп алмайын деп қолайлы сәтті күтуге бел будым.
Кешке басталған тойдың бастапқы абыр-сабыры өтіп, орын-орнымызға жайғасқан соң, Меруерт жаққа байқатпай көз қырымды салып отырдым.Арманымдай аруым таяқ тастам жерде отырған Еркебұлан атты жігіттің өзіне көз тігіп отырғанын білместен бейқам отыра берді.

Тамада серпіліп сөйлеп, төгілтіп тост айтып, тойға келген қонақтарға рет-ретімен сөз беріп жатыр. Менің барлық есіл-дертім Меруертке ауып кеткелі қашан.Той шіркін де созылып бітпей қойды. Тойдың аяқталуын күту себебім, тойдан соң жастар оңаша кафеде қызықшылықты одан әрі жалғастыруға уағдаласқан едік. Той бітіп, жастар жағы әлгі кафеге аттандық. Жастардың ішінде Меруерт те жүр. Тойда айтылған тілектер кейде қайталанып, кейде жаңа бір қырынан тосын тілектер айтылып жатыр. Антракт жарияланып, биге кезек берілді. Тамылжыған тамаша вальс тің әуені сызыла басталғанда, әбжіл қимылдап Меруертті биге шақырдым......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жылдан жылға сиреуде достарым да)

Жылдан жылға сиреуде достарым да,
жаным жиі көмілер тоспа мұңға.
Жалғыз едім, барамын жартыланып,
бір өшеді, бір жанып от жанымда.
Шыңдай болып көрінер шоқша құм да,
көлбеңдеген баяғы.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Ертегі: Қасқыр неге ұлиды

Ертеде Халық деген бір кедей өмір сүріпті. Мал дегенде он шақты ешкісі, жалғыз аты және алтын қауырсынды қоразы болыпты. Ол кезде қораз айғай салып, ешкі де бақырмайды екен.

Күндердің бір күнінде ақсиған тісі бар, адам қорқар түсі бар бір аң келіп, кедейдің екі ешкісін алып кетеді.

— Өзі барып тұрған қаскүнем екен, қырды да кетті, – дейді Халық күйініп кемпірі мен баласына.......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: 3-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері
Оқу бағдарламасына сілтеме: О3. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;
Оқу мақсаттары: 8.2.3.1. Мақала, презентация, құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Өнеге

Бұрынғы заманда бір үлкен шаһар бар екен. Бұл шаһардың ханы болыпты. Ол күнде жаман киініп, жай кісі болып, шаһарды, базарды аралап жүреді екен. Күндерде бір күн хан базарды аралап келе жатып, басына бір кесек алтын, аяғына бір кесек алтын қойып жатқан бір адамды көреді. Мұны көріп, хан таң қалып, неше күндей мұны сыртынан бағып жүреді. Бұл адам ерте де, кеш те бір қалыпта: басына, аяғына бір-бір кесек алтын қойып жатады. Ақырында, бір күні хан:

— Сен не қылған адамсың? – деп сұрайды.

Ол адам басын көтеріп:

— Мен ақыл сатушымын, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

Философияда қоғамдық — сана қоғамдық болмыстан туындайтын идеялар мен көзқарастардың материалдық қатынастардың жемісі. Сонымен қатар сана болмысының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізіп оны дамытуға үлесін қосады. Ал, қоғамдық сана құрамдық жағынан алып қарағанда көптеген түрлерге бөлінеді: саяси, көркем, теориялық, кәдімгі, эстетикалық, діни, этникалық және т.б. Құқықтық сана қоғамдық сананың бір түрі, бөлігі болып саналады. Басқа саналардың түрлеріне қарағанда құқықтық сананың өзіне ғана тән ерекшеліктері бар:
1 . Құқықтық сана мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйе әділ сот қызметтерінің айнасы болып табылады. Құқықтық реттеу барысында адамдар құқықтың әділеттілігін немесе оны қолдану барысындағы заңсыздық пен бассыздықтан туындайтын әрекеттер мен көріністерді ой-өріс, сана арқылы ой-елегінен өткізіп баға береді. Соның нәтижесінде индивидтердің мемлекеттегі әділеттілікке деген көзқарастары қалыптасады.
2. Құқықтық сана қоғам тапқа бөлініп, мемлекет пен құқық пайда болғанда қалыптасады және әр түрлі мағындағы қасиеттерге ие болады. Мысалы, құл иеленуші мемлекетінде құл иеленушілердің құқықтық саналары негізінде құлдарды қанау, басып жаншу, баю сияқты ұғымдармен уланған болса, керісінше, құлдардың құқықтық санасының негізгі өзегі — азаттық, теңдіқ, бостандық. (Мысалы, б.ғ. дейінгі I ғасырдағы Римдегі Спартак, б.ғ. дейінгі I — II ғасырлардағы Қытайдағы «Сары тартқандар» және «Қызыл қастар» көтерілістері және т.б. сондай қарулы көтерілістер.) Таптық қоғамда сана да таптық сипат алады.
3. Құқықтық сана саяси мазмұнға, сипатқа ие болады. Мемлекеттегі саяси процестер мен бағыттар әрқашанда құқықтық санаға өзінің әсерін тигізеді. Заңның өзі қоғамда жүргізіліп отырған саясатқа тәуелді. Мысалы, сталинизм кезінде саясат тоталитарлық жүйені және жеке адамның басына табынушылықты мемлекеттік дәрежеде нығайту болса, қоғамдық құқық¬тық сана сол саясаттың тікелей әсерінен халықтың құқықтық санасына «халық жауы» ұғымын жаппай қабылдатты, заңды екенін сіңірді. Фашизм де сондай сана қалыптасты.
4. Құқықтық сана қоғамның қондырмасынан орын тебеді, оның құрамындағы саяси, көркем, эстетикалық, теориялық, кәдімгі, діни, этикалық саналардың түрлерімен тығыз байланыста қалыптасады және дамиды. Бірақ, бір сананың түрі құқықтық санаға мол әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда индивидтің құқықтық санасы не прогрессивтік, не регрессивтік, не конформистік, не ниглистік және инфантильдік қасиеттер мен мінез-құлықты қабылдауы мүмкін.
Құқықтық сана дегеніміз қоғамдық сананың формасы ретінде қабылданған адамдардың мемлекеттегі заңдарға, құқыққа олардың қағидалары мен мәніне әділсотқа және тілегіндегі құқыққа деген идеялар, теориялар және сезімдердің жүйелік жиынтығы. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі 1-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
Сабақтың тақырыбы: А.Алтай «Прописка» әңгімесі 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И4. Шығармашылық жұмыс Б/С4.Әдеби сын
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар:
Эпизодтардың берілу себебін түсіндіріп, сыни пікір білдіреді.
Көптеген оқушылар:
Берілген тіркестермен әдеби, көркем сөйлем құрастыра алады.
Кейбір оқушылар:
Берілген үзіндіні өз ойымен жалғастырады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанның табиғи мұрасы Табиғи хоронимдердің (ерекше қорғауға алынған аумақтар) мағынасы (9 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғи мұрасы Табиғи хоронимдердің (ерекше қорғауға алынған аумақтар) мағынасы
Оқу мақсаты: 9.3.4.3- Қазақстанның табиғи мұрасына баға береді;
9.3.4.4- тақырыпқа қатысты қазақтың табиғи хоронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады
Сабақ мақсаттары: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ақпараттарды жинақтау, ерекшеліктеріне тоқталу, пікірлесу арқылы ойларын жүйелеу. Қорытынды жасай білуге үйрету.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0