Ерте-ерте ертеде. Ешкі құйрығы келтеде. Байбурыл деген шал бопты. Кедейліктен ақылы дал бопты. Бес ешкісі бар екен, бәрі де оның сары екен. Шал бес ешкісін бағыпты, кемпірі ешкі түбітін биялай жасап, жұртқа жағыпты. Азықтары ешкінің лағы екен, балалары жоқ екен, әйтеуір айран-шалапқа тоқ екен.
Оқушыларын оқу еңбекке баулуда, олардың білімге құштарлығын, өзара жарасымды достығын, эстетикалық сезімін тәрбиелеудегі ролі орасан зор. Бастауыш сыныптарда техникалық оқу құралдарын қолдану мәселесі мүлдем назардан тыс болды деп айта алмаймыз. Арнайы зерттелмесе де, бұл мәселенің маңыздылығына мән беріп, тілге тиек еткен ғалымдар С. Рахметова, Б. Құлмағанбетова, Н. Оралбаева техникалық құралдардың көмегімен бастауыш сынып оқушыларына мазмұндама жаздыруға болатындығын өз еңбектерінде қамтып көрсеткен. Сонымен қатар «Бастауыш мектеп», «Начальная школа» журналдарының жекелеген тақырыптарында оқыту барысындағы техникалық оқыту құралдары мен көрнекіліктердің маңызы жайлы мақалалар кейінгі....
Интеграцияланған ашық оқу қызметінің конспектісі. 3 - 4 жас «Күншуақ» тобы Ашық сабақ. Білім беру саласы: Таным, коммуникация, шығармашылық. Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу. Экология негіздері. Сөйлеуді дамыту. Музыка. Тақырыбы: Қыс көңілді тамаша! Мақсаты: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсінік беру. Қыс мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру. Қыстап қалатын құстар туралы әңгімелесу. Табиғатқа, құстарға деген қызығушылықтарын арттырып, қорғауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: ағаштар, құстар, шелек, қар, қара, қызыл қалташалар, слайд. (Сабақтың басталу барысында шелекке қар салып, топтың ішіне қояды. Сабақтың соңында балаларға еріген қарды көрсетіп, қарды жеуге болмайтындығын оның кір екендігін түсіндіреді.).....
Құрсақ той, Құрсақ шашу — ұлттық салт-дәстүр. "Құрсақ шашу" немесе "құрсақ тойы" - аяғы ауыр әйелге қатысты ертеден келе жатқан дәстүр. Түрлі салт-дәстүрлерді білетін ақ жаулықты аналарымыздың айтар өсиеті мол. Келін үйге түскеннен соң, ененің одан күтетін үміті зор. Сондықтан, аяғының ауырлағанын байқаған өнегелі ене құрсақ шашу деген кішігірім той думан ұйымдастырады. Оның мақсаты – қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне аса назар аудару. Бұл, біріншіден,ертеңгі күні дүниеге келер нәрестенің алғашқы тойы болса, екінші жағынан аяғы ауыр ананың да қамын ойлап, соған жағдай жасаудың амалы. Думанды дастарқан жайылып, үлкен әйелдер жағы жас келінге батасын береді, ал құрбылары, абысындары білгенін айтып, ақыл-кеңес беріп, келіннің көңілін аулайды. Бойына бала бітісімен-ақ кейбір ананың асқа тәбеті шаппай, жерік болады. Оны "итжерік" деп атайды. Тәбеті шабатын тамағын тауып беру де ененің мойнында. Өйткені ертеңгі күні жерігі қанбаса, баланың толыққанды болып жетілуі екіталай. Егер жерігі қанбай жүрсе, кейін баланың аузынан сілекейі аға беретін болады деген ырым да бар. Сондықтан тойға келген әйелдер келінге арнап әр түрлі тағам әкеліп, дәм тигізеді. Жерік кезде жеген аста да көп мән бар. Тіпті баланың болашақта кім болатындығын соған қарап болжауға болатындығы ғылыми түрде дәлелденіп те отыр. Мысалы, анасы көкөніске жерік болса, бала ширақ, елгезек, өмірге құштар болады екен. Кесек көмірге жерік болса, бала болбыр, өмірге икемсіз болмақ. Ал, тек біреудің үйінің тамағын жегісі келіп тұрса, бала келешекте үйде тұрмайтын, үнемі түздің тірлігін тындыратын болып өседі екен... Жерік ананың қалауын тауып тойдырған адам сауапқа қалады деген де ырым бар. Сондықтан тойға келгендер аяғы ауыр әйелдің көңілін табуға тырысады. Бұл не жерін білмей әр нәрсеге аңсары ауған болашақ анаға көп көмек. "Жерік асын жеген жетілер, жерік асын жемеген кетілер" деп те жатады халқымыз. Осылайша жерік астың әрбірі ана мен баланың қажеттілігін өтейді. .....
Мақсаты, міндеттері: Балаларды « қамқорлыққа», «өзіне және өзгеге» деген қамқорлық ұғымдарымен таныстыру, балалардың санасына, өзіне, жақын туыстарына, достарына деген қамқорлық сезімін қалыптастыру және дамыту. - Балаларды адамдарға, айналасындағыларға қамқор, кішіпейіл, мейірімді, қайырымды болуға үйрету; - Достарына, жанұясына, туыстарына сүйіспеншіліктерін арттыру; - Қамқор болуға тәрбиелеу;
Қажетті құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, түрлі – түсті қағаздар, желім, қайшы, ермексаз, ылғалды сүрткіш, түрлі-түсті қарандаш. Мотивациялық - қозғаушы Балалармен сәлемдесу Балалар сәлемдеседі Ұйымдастырушылық - ізденушілік 1. Шаттық шеңбері Қайырлы күн балалар! Осындай мейірімді, ақылды, қамқоршыл, қайырымды балапандарды көргеніме қуаныштымын. Ал енді бүгінгі оқу қызметіне келіп отырған қонақтармен сәлемдесейік! Сәлемдесу адамгершіліктің, инабаттылықтың, ізеттіліктің нышаны, көтеріңкі көңіл күймен күлімсіреп сәлем берейік. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, .....
Гүлмира Тынышбекқызы Дайрабаева (1972 жылы 10 қарашада Алматыда туған) — қазақстандық танымал тележүргізуші, журналист, актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының Үздігі. Білімі 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген 1995 жылы Францияның СОФИ АНТИПОЛИС шет елдіктерге арналған институтында тәжірибеден өтті. Еңбек өтілі Еңбек жолын 1990 жылы «Қазақстан» телеарнасында жүргізуші болып бастаған 1990-1997 жылдары «Қазақстан» телеарнасында редактор, «Таңшолпан» бағдарламасында жүргізуші, коммерциялық бөлім қызметкері...