Сыр бойындағы ірі қалалардың бірі Сығанақ болды. Ол қазіргі Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы қала еді. Бұл қала туралы алғаш рет Х ғасырдағы жазба деректерде айтылған. XI ғ. Ғұлама ғалым, түркі тілінің маманы Махмұт Қашқари өзін "Түркі тілінің сөздігі” еңбегінде жазып қалдырған. Ол сығанақ қаласын оғыз қалаларының ішінде атап өткен [1, 174 б]. Бұл қаланы әр жылдары көптеген ғалымдар зерттеген. 1862 ж П.И.Лерх, 1906-07 ж. И.А.Костанье, 1947 ж. А.Н.Бернштам басқарған археологиялық экспедициялар зерттеулер жүргізді. .....
Адамзат баласының даму тарихы тамырымен тереңге байлап кете бермек. Сонау тас дәуірінен бергідегі сақтарға дейін, одан қалса бүгінгі айбыны асқар,тәуелсіз, егемен ел Қазақстанның күнінде де адамзат баласының бармасына ортақ бір қабілет, бір сезімі бар. Ол – білімге құштарлық, бір нәрсені білуді, тануды қалау сезімі.Қай заманда, қай дәуірде болмасын адам білім іздейді, ізденіске талпынады. Дәл осы білім қуу жолында адамның арқа сүйер жаны мұғалім екені сөзсіз. Бұл мамандықтың қашан пайда болғаны белгісіз. Ол бар еді, бар бола бермек. Тіпті, ұстаздық әлеммен бірге жаратылғандай. Сонау Ескендір Зұлқар....
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп өмірі. Сабақтың тақырыбы Әдептілік – әдемілік белгісі Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары А3. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту. Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: Қазақ тіліндегі төл дыбыстарды біледі Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Қазақ тілінің төл дыбыстарын қолданып, салыстыру жұмыстарын жүргізе алады Кейбір оқушылар орындай алады: Қазақ тіліндегі төл дыбыстарын үндестік заңына сай қолдана отырып Қожаның іс-әрекетіне баға береді....
Дина Төлепберген Исматуллақызы (төлқұжаты бойынша Дина Тулепбергенова) (9 сәуір 1984 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген) - белгілі тележурналист, тележүргізуші, әлеуметтік жобалар продюсері, радиожурналист, КТК телеарнасының жаңалықтар қызметінің редакторы, ҚР Президентінің журналистік пулының арнайы тілшісі (2006-2009), «Anashym» форумының ұйымдастырушысы. Білімі Шымкент қаласындағы №26 Жамбыл атындағы мектеп гимназиясын 2001 жылы «Алтын белгімен» бітірген. М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2007 жылы «Режиссура» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерін меңгерген. Қызмет жолы 1996 – 2001 - «Қазақстан – Шымкент» телеарнасында «Ақ желкен» бағдарламасының жүргізушісі; 2001 – 2002 - «Отырар» облыстық арнасында «Ата-анасыз бір сағат» атты балаларға арналған хабардың редакторы; 2002 – 2005 - «Отырар» арнасында «Жас толқын» жастар бағдарламасының жүргізушісі; 2005 - 2006 - «Астана» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің тілшісі, «Осы сағатта» бағдарламасының жүргізушісі; 2006 – 2009 – «КТК» телеарнасы «Астана» бюросының жаңалықтар қызметінің тілшісі (ҚР Президентінің журналистік пулының арнайы тілшісі)....