Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Д әрпі бойынша ат қою)

ДАБЫЛ – ұран, даңқ

ДАБЫС – атақ, даңқ, дауыс, үн.

ДАДАБАЙ - иран тілінен алынған дадо – ата, әке + қазақ тілінен алынған бай. Еркелете қысқартып айтылатын тұлғалары — Дадай, Дадеш.

ДАЙРАБАЙ - дайра қазіргі тіліміздегі дария сөзінің диалектілік формасы. Синонимі — Тенізбай.

ДАЙЫН - әрқашан әзір. Біріккен тұлғалы есім — Дайынбай.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Ахмет Жұбанов

Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.
Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген.
Жасынан музыка өнеріне бейімділігін байқатып, домбыра, скрипка аспатарында ойнауды меңгереді. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ. Ашғалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлім алып, музыка өнеріне ден қояды. Темірде орыс халық аспаптар әуесқойлары оркестріне жетекшілік ететін (П. Черняктан сольфеджио, скрипка, музыка теориясы бойынша) сабақ алады.
1929 жылы Ленинградтың М.И. Глинка атындағы техникумында (А.А .Этигонның скрипка класы бойынша), консерваторияда (профессор Ф.А. Ниманның гобой класы бойынша, кейіннен музыка тарихы .....
Рефераттар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Тәуелсіздік бастауы желтоқсан

Жүргізуші: Қазақстан – егеменді ел, тәуелсіз ел
Болашаққа нық басып буынған бел
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел

Жүргізуші: Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған Желтоқсан оқиғасының орны ерекше.
Тәуелсіздік үшін жанын құрбан еткен азаматтарымыздың рен еңбегі ешқашан ұмытылмас.
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым ертеден басталған.
Бостандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.

Жүргізуші: Ендеше, сол Ұлы мерекеге арналған «Тәуелсіздік бастауы - желтоқсан» атты отбасылық шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысқа қатысушы отбасыларымен таныс болыңыздар:
1 - отбасы
2 - отбасы
3 - отбасы
Қош келдіңіздер!!! .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мерекеңмен Анашым

1 - жүргізуші:
- Қымбатты балалар және біздің құрметті қонақтарымыз. Міне, біздің ең тамаша жыл мезгілі көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, анамызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен қымбатты аналар. 8 наурыз мейрамы құтты болсын.
2 - жүргізуші:
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.
Әйелдер күні бүгін халықаралық
Жарыққа бізді әкелген аналарды.
Бүгінгі мерекемен құттықтайық
Ұйытқысы жанұяның берекеміз
Аналар құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан аналарымыз аман болсын
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз
Залға музыка әуенімен ұл балалар келеді. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Жаңбыр сұрау кезінде оқылатын дұға

Ең алдымен дәрет алып, Аллаһтан пайдалы нөсер, зиянсыз, қауіпсіз жаңбыр тілейміз. Бұл дұға тасаддық жасағанда оқылады. Тасаддық-садақа, қайыр деген түсінікті білдіреді.
Дұғасы міне: «Аллаһумма әскйнә ғайсән муғий-сән мәриъан нәфиъан ғайра дарйн, ъажилән ғайра ъажилин».
Дұғалар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Елдердің экономикалық-географиялық жағдайы (7 сынып, IV тоқсан)

Пән: География:
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Экономикалық география
Сабақтың тақырыбы: Елдердің экономикалық-географиялық жағдайы
Сабақтың мақсаттары: 7.6.1.4 елдерді экономикалық-географиялық орнына байланысты топтастырады (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде);
7.2.1.2 географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Жүріп келем көшемен жайдақ, тайғақ...)

Жүріп келем көшемен жайдақ, тайғақ,
Секіртеді сезігім антұрғандай.
Қара қазан түбінде қайнап-қайнап,
Дүниенің қызығы сарқылғандай.

Жау іздеген жандарды түсінбедім,
Қата алмадым жолында қарыс-кектің.
Болғаннан соң....
Өлеңдер
Толық
0 0