Шығарма: Біз – қазақпыз, биікпіз, байтақ елміз

Қаншама ауыр кезеңдерді бастан өткерген Қазақ елінің тарихы тереңде жатыр... Алғаш Қазақ хандығының құрылуына ұйытқы болған Керей мен Жәнібек бабаларымыз екені бәрімізге аян. Шу мен Таласқа дейінгі алқапты иелік етіп, Қозыбасыда ту тігіп, ең алғаш ханымызды да сол жерде ақ киізге отырғыздық. Жауларымыз сескенетіндей ел болдық. Кейін Әбілқайыр ханның бастауымен Ресей боданына айналдық.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауа райы (1-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы:Ауа райы (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді, сөйлеуде қолданады. ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 43-сабақ Түбірлес сөздер (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 43-сабақ Түбірлес сөздер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
- тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды;
- түбір сөзге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды;
Оқушылардың көбі:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
- тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды;
- туынды сөздердің құрамына ажырата алады;
Оқушылардың кейбірі:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
- мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды;
- туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады,
туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады; ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
1 0

Географиядан сабақ жоспары: Гидронимдер (9 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Гидросфера
Сабақ тақырыбы: Гидронимдер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)9.3.3.2 қазақ гидронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады
Сабақ мақсаттары: Оқушылар Қазақстанның өзен-су атауларының ерекшеліктеріне байланысты атаулардың тізбесін жасайды.
Өзендердің транслитерациясын үш тілде ұсынады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесіндегі әр түрлі тілдік амалдары

Кіріспе
Бүгінгі таңда қазақ әдеби тілі мен жалпыхалықтық тілдің арасындағы сабақтастыққа көп көңіл бөліну үстінде. Себебі, жалпыхалықтық тіл көркем әдебиеттің қайнар көзі болып табылады. Ақын-жазушылар өз шығармаларында әдеби тілді де жалпыхалықтық тілді де өз ойларын жеткізу үшін ұтымды пайдалануға тырысады. Бұл талпыныстардың кейде сәтті шығатындары да бар, кейде олар шығарманың мазмұндық құрылымына нұқсан келтіріп тұрады. Сондықтан, жалпыхалықтық тіл мен әдеби тілдің арасындағы нәзік сабақтастықты үзіп алмай, олардың орнын тауып пайдаланғанның табысты болары анық.
Тілдік қордың толығуы, тілдік бірліктердің молаюы сияқты процесс осындай байланыстардың арқасында жүзеге асады. Сондықтан, жекелеген жазушылардың, ақындардың өз шығармаларында тілдік бірліктерді қалай қолдана алатындығына қарай олардың жеке стильдік ерекшеліктері сараланады, автор ретіндегі шеберлігі айқындалады.
Қазақ әдебиеті соңғы жылдары тек толысу, даму белесінде болғаны мәлім. ХХ ғасырда негізі қаланып, жүйелі түрде қалыптасса да, әлем әдебиетінің кез келген озық үлгілерінен кем түспейтін туындылар жазылып, талай елдердің тілдеріне аударылды, талай адамдар сүйсіне оқитын болды. Осының бәрі шындығына келгенде, жазушылардың жеке шығармашылық ерекшеліктеріне қатысты екенін ескергеніміз жөн.
Жергілікті тіл ерекшеліктері мен аймақтық лексиканы әдеби тіл деңгейіне дейін көтеріп, оқырмандарына жол тапқан ақын-жазушылар жетерлік. Оралхан Бөкей, Дүкенбай Досжан сияқты ғалымдарды міне, осы тұрғыдан келгенде бағалауымызға негіз бар. Әсіресе, Оралхан Бөкейдің бұл саладағы жетістіктері өте мол. Жазушының өткен ғасырдың 70 жылдары прозада қарымды еңбек етуі қайталанбас дүниелердің қазақ әдебиетіне қосылуына себеп болды. Оның шығармаларының тілдік ерекшеліктерін танып-білу де өз алдына бір әлем. О. Бөкей қазақ тілінің құнарын, шұрайын мейлінше сарқа пайдаланған жазушы болып есептеледі. Бұл кезінде көптеген ғалымдардың назарына да іліккен. Академик Р. Сыздық пікір білдіргендей, «Авторлық даралықты, жазушының өз қолтаңбасын танытатын стильдік амалдың бірі – кейіпкерлерді сөйлету, ойлату тұстары. Бұл саладан қарағанда, О. Бөкей тілге аса бір ұқыптылықпен қарайтын, сәйкестік, орындылық дегендерге интуициясы мен білігі күшті қаламгер екендігі көрінеді» [ Сыздықова Р. Ғ. «Қазақ әдеби тілінің тарихы.» Алматы, Ана тілі, 1993].
Оралхан Бөкей Алтай өңіріндегі көпке танылмай, ұмытылып бара жатқан сөздерді әдеби тілге әкеліп қосты. Рас, кейбір жазушылар оның бұл қадамынан мін тауып, кемшіліктерін көрсетіп те жатты. Алайда сөздің бейнелілігін неше түрлі көркемдік тәсілдермен жеткізу, шығармада әр жолда тірі сурет жасау – Оралханның әдебиет белесінде жеткен шынайы табысы. Оны ешкім де жоққа шығара алмаса керек-ті. Сондықтан, Оралхан Бөкейдің әр шығармасын жеке алып, оның барлығын тілдік тұрғыдан талдаудың берері мол екендігі анық. Осы тұрғыдан алғанда, Оралхан Бөкейдің «Атау кере» шығармасын талдауды негізгі нысана ретінде алып отырмыз.
«Атау кере» повесті жазушының дара қаламгерлік шеберлігін, қолтаңбасын танытатын озық шығарма. Ондағы сюжет желісі де негізінен адам мен қоғам болмысына қатысты, екі арадағы байланыс, табиғат мәселесіне арналады. Мұндағы кейіпкерлер жүйесінің әрқайсысында өзіндік ойлау ерекшелігі, өзіндік ойлау стилі бар. Осылардың бәрін Оралхан Бөкей «Атау кереде» жеткізуде халықтық тілдің қазынасынан емін-еркін пайдаланған. Сол себептен, Оралхан Бөкейдің «Атау кересі» тілдік тұрғыдан біршама зерттеу еңбектерге арқау болды. Шығармадағы тілдік құбылыстардың, сөз тіркестерінің, фразеологизмдердің жеке-жеке зерттелуге тұрарлық дүние екендігін де айта кеткеніміз жөн.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Жау-жау жаңбыр

Тақырыбы: Жау-жау жаңбыр К.Дүйсекеев

Мақсаты: 1.Балаларға әннің сөзін,әуенін үйрету.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын,есте сақтау музыка дыбыс жоғарлығын,таныс әндерді танып,ажырату қабілетін дамыту.


3.Мейірімділікке, адамгершілікке ,өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жаңбыр жауып тұрған бейненің суреті.

Әдіс-тәсілі:Сөздік,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі


Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Күзде,көктемде,жаз мезгілдерінде аспанды бұлт торласа не жауады?

-Жаңбыр

-Бүгін жау-жау жаңбыр әнін үйренеміз......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0