Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: С Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» «Шәкірт ойы» (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы»
Оқу бағдарламасына сілтеме: Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Шығармалардың сюжеті мен фабуласын анықтай алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Шығармалардың сюжеті мен фабуласына талдау жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:
Шығармалардың сюжеті мен фабуласына талдау жасай отырып, жанрлық ерекшелігін ажыратады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Демографиялық көрсеткіштер мен демографиялық жағдай (8 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Әлеуметтік география
Сабақ тақырыбы: Демографиялық көрсеткіштер мен демографиялық жағдай
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.4.1.3 елдердің демографиялық жағдайын талдап, демографиялық көрсеткіштерін есептейді: халық саны, туу және өлім коэффициенттері, табиғи және механикалық өсім, жалпы өсім, жас-жыныстық көрсеткіштер, ұлттық және діни құрам
Сабақ мақсаттары: Дж халқының сандық көрсеткіштерін талдау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Есенберлин | Көлеңкеңмен қорғай жүр

ЖЫР БАСЫ



Тың жерлерді игерудің

20 жылдығына

Бұлыңғыр күнде тынбай себелеген ақ жауын. Жер қара, дүние бозғылтым. Балдағын тас еденге тақылдатып Атымтай перронға тағы шықты. Жел тұрып, суық жаңбыр енді бетінен қарсылай шапалақтады. Мойнына сорғалаған жаңбыр суын елемей, ол поезд келетін батыс жаққа тесіле қарады. Келетін мезгілінен кешіккеніне үш сағаттан асып барады. Семафорға дейін ештеңе көрінбеді. Атымтай ақырын күрсінді де вокзалға қайта кірді. Әйелі Бибіғайша поездың жоғын ерінің томсарған қатыңқы реңінен байқады да, теріс бұрылып кетті. Жанында тұрған анасына таңдана, үрке қараған балдырған бөбегі Хасенді көтеріп алып, бауырына қыса, қайта-қайта бетінен, маңдайынан, тамағынан құшырлана сүйе бастады. Еріне қарағанда әйелдің бетінде қаншалық қайғы көрінсе, баласын сүйгенде оның жүзінен соншалық шаттық аңғарылады. Қайғысы, қуанышы аралас ұлан-асыр шаттық! Атымтай әйелінің мұндай түрін көруге шыдай алмай, далаға қайта шығып кетті. Әйелін, баласын осы шулы облыстық қаладан тез-ақ алып кетуге бар, әттең, поезд келмей-ақ қойды.

Рота командирі Атымтай Батыс-Теріскей майданында төрт жыл өмірін өткізді. Жеңіс күнінен бір жеті ғана бұрын аяғынан қатты жарақаттанып, ауруханаға түскен. Содан сентябрь айында ғана жазылып шықты. Кеудесі орден мен медальға толған жаралы ер соғыстан бұрын өзінің кен бұрғышысы болып жұмыс істеген руднигіне бармай, осы облыстық қалаға бірден тартқан. Оған себеп: өзі әскерге кетісімен туған бөбегін алып әйелі осы қалаға көшкен-тін. Атымтайдың бұл сапары — сол әйелі мен баласын іздеп келген беті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Айгөлек

Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Олардың сандары да, жас шамалары да бірдей болулары керек. Екі топтың екеуінің де бастаушысы болады. Аралары 10—15 метрдей жерде қол ұстасып қатарласа тұрған осы екі топ біріне-бірі сөз тастап, күш көрсетіп, өнер жарыстыра бастайды. Екі жақтың ойын бастаушылары орталарынан бір қыз бен бір жігітті шығарып, олардың қолына бір ақ тас, бір қара тас береді. Олар екі тасты ешкімге көрсетпей, уысына қысып тұрады да, екі ойын басынан:— Сен қай қолдағы тасты қалайсың?— деп сұрайды. Бастаушылардың біреуі мен: «Оң қолдағы тасты қалаймын»,— дейді, екіншісі сол жақ қолдағы тасты алады. Қайсысында ақ тас болса, сол ойын бастайды.

Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Күші мығым, қуатты,
Екпіні желдей өршіген
Шепті бұзар ер керек......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Салт-дәстүр: Жасау

Жасау — жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшеріне шамалас, кейде одан да асып түсетін, ұзатылатын қызға берілетін мал-мүлік.

Үйленудің қандай да түрі болмасын, қызына жасау беру — ата-ана мойынындағы борыш болып есептелетіндіктен, «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз той болмайды» дәстүрі бойынша қалыңдықтың туысқандары қызын ешқашан жасаусыз үйден шығармаған. Жасауды ұзатылатын қыздың ата-анасы дайындайды. Бұған жақын туыс, ағайын адамдар да өз үлесін қосуына болады. Қазақ аналары қыз жасауына айырықша көңіл бөледі. Әуелі шебер болсын деп ине-жіп, тоқыма қап, шай дорбасында дейін дайындайды. «Жасаусыз қыз болмайды, жабдықсыз үй болмайды», «үйдің көркі қызбен жасау», «әдемі қыздың, көрікті отауы болсын» деп қолдарынан келгенше жасауға жанын сала көмектеседі, көріктеседі. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Баяндама: Оқыту мен оқудағы АКТ-ның тиімділігі

Білім берудің тиімділігін арттыру үшін оқу үдерісін адамды қоршаған
ортадағы болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып ұйымдастыру керек.
Қазіргі таңда маңызды өзгерісі ол ақпараттық технология.Бұл медиабілімнің
оқу үрдісін дамытуға зор ықпалын тигізеді. Олай болса мектептегі сабақ
барысындаАқпараттық коммуникациялық.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің атам - жауынгер болған...

Менің арғы атам – Мардан атам –жауынгер болған, Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін соғысқа қатысып, елді, жерді жаудан қорғаған батыр болыпты. Кеудесінде ордендер жарқыратып түске суреттерін үйден көріп, талай рет тамсана қарағам. Тек қана картадан көрсететін Германияның Берлин қаласына дейін барған көрінеді. Үйде әлі сақтаулы тұрған – «Қызыл Жұлдыз» және І – дәрежелі......
Шығармалар
Толық
0 0