Ертегі: Хан мен уәзір

Ертеде бір хан және онын ақылды уәзірі болыпты. Хан мен уәзір үнемі ел аралауға шығып тұрады екен. Бір күні уәзірімен ел аралауға шығыпты. Шыққанда, жаман киім киіп: «Елде кім ханды жақсы көреді екен?» – деп, жасырын жүріп, тың тыңдайды. Сол аралаумен жүріп, бір кедейдің үйіне келіп, қонуға рұқсат сұрайды. Ол кедейдің қатыны толғатып жатыр екен. Үй иесі:

— Әйелім босанғалы жатыр, – деп, қондырмайды.

Толғатып жатқан әйел:

— «Қырықтың бірі қызыр» деген қондыр, – дейді күйеуіне. Үй иесі қонақтарды қондыруға рұқсат береді.

Сөйтіп, екі қонақ отырады. Әлден уақытта толғатқан әйел босанып, еркек бала табады. Бала шырылдап жерге түскенде ханның уәзірі мырс етіп күліп жібереді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Спорт – денсаулық кепілі

Білімділігі: Балаларды адамның ең маңызды негізгі мүшесі – жүрекпен таныстыру. Жүректің жұмысы және оның қызметі туралы мәлімет беру.
Дамытушылығы: Спорт, дене шынықтырудың маңызы туралы түсінік бере отырып, сабақ барысына қимыл қозғалысты енгізу.
Тәрбиелілігі: Би арқылы ширақтылығын арттыру, тақпақ, мақал мәтелді жаттау арқылы есте сақтау қабілетін дамыту, достыққа, бір – біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: Спорт түрлері бейнеленген суреттер, А - 4 қағазы, түрлі түсті қарындаш, әліппе – дәптер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері
- Балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл – күймен өткізейік. Олай болса, бір – бірімізге жақсы лебіздер айтып сабағымызды бастайық.
(ойыншық жүректі бір - біріне ұсынып, лебіздерін айтады)
- Намысты бол, жігерлі бол, әділ бол, сезімтал бол, жаңашыл бол, салмақты бол, турашыл бол, шешен бол, өнерлі бол, адал бол, күшті бол, мейірімді бол, ақылды бол, қайратты бол, сыпайы бол, көңілді бол, білімді бол. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дені саудың – жаны сау «Менің денем» - постер жасау (3-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8
Сабақ тақырыбы:Дені саудың – жаны сау
«Менің денем» - постер жасау (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)А4 Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.
Ж2 Қарапайым түсінікті тілмен жазады.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Мұғалімнің көмегімен мәселені түсініп, қарапайым сөйлейді. Қарапайым тілмен жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді. Қарапайым түсінікті тілмен жазады.
Кейбір оқушылар:
Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетіп, дилогке еркін қатысады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Судың емдік қасиеттері (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы:Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология.
Сабақтың тақырыбы: Судың емдік қасиеттері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.3.1. – тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау.
6.4.4.1. – сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар тыңдаған мәтіннің детальді ақпаратты анықтап үйренуі тиіс.
Есімдікті зат есімнің, сын есімнің орнына дұрыс қолданып үйренуі тиіс.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ақ тілек

(Аға-жеңгелер тілегі)

Екеуі де бірдей жоғары білім алып, екеуі де адам жанына арашашы болар мамандықты өз өмірлеріне серік етіп алған, Астана қаласында еңбек етіп жатқан ініміз бен келініміздің өмір жолға бірге қадам басқан тойларының да, міне, бүгін өсіп келе жатқан кейінгі ұрпаққа үлгі берер шамшырағы жағылған сәт. Алты ата Әлімнен өрбіген Асанның Баймырзасынан тарайтын осы үйдегі ағамыз бен жеңгеміздің, он екі ата Байұлының Жаппас атты іргелі бір елінен өрбіген құдаларымыздың көзінің қарашығындай қос перзенті бүгін бас қосты. Осынау Той иелеріне қуаныштарыңыз құтты болсын дей отырып, бүгінгі тойдың себепкері болып отырған екі жас – ендігі отағасы атанар ініміз бен Баймырзадай іргелі елге келін болып түсіп отырған келінімізге бүгінгі көтерген Ақ отауларың құтты болсын дейміз! Бүгінгі өздеріңе тапсырылғалы отырған .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Гүлдене бер Астана

Гүлдене бер Астана
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, Астана қаласы туралы слайд.
Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ – жауап, ойын, ән, тақпақтар айту, слайд арқылы түсіндіру.

Жүру барысы:
Жүргізуші: Қайырлы таң, балалар!
- Қайырлы таң, қонақтар!
- Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!
Жылулық шеңбері. - Ал, енді балалар бәріміз бір - бірімізбен сәлемдесіп алайық.
- Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, Астана!
Келдік саған қуана!
- Балалар, енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздер айтайық.
Деніміз сау болсын! Күніміз күлімдесін!
Еліміз аман болсын! .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Мұхит суының қозғалыстары (7 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:Гидросфера
Сабақ тақырыбы: Мұхит суының қозғалыстары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)7.3.3.6 мұхит суының қозғалыстарын жіктеп, түсіндіреді;
7.3.3.4 мұхит және оның құрамдас бөліктерін жоспар бойынша сипаттайды
Сабақ мақсаттары: Оқулықты қолдана отырып мұхиттардың ерекшелігін анықтау
Атлас қартаны қолдана отырып мұхит суының қозғалыстарын сипаттау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс туы желбіре

Ұлы Жеңіске 71 жыл Жеңіс! 1945жылдың 9 мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты. Кеңес одағының тұрғындары бес жыл бойы күндей күркіреген соғыста 1418 күн мен түнде бүкіл жігерімен жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Бірақ бәрібір Берлиндегі Рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман мен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Ұлы Отан соғысы халық өмірімен, тағдырымен тығыз байланысты. Отан қорғауға ерлер мен әйелдердің құқығы тең болған еді. Сондықтан әйелдер де Отан үшін күресіп , жауға қарсы тұрды.Қазақстанның екі батыр қызы
М. Маметова мен Ә.Молдағұлова осы соғыстың батыр құрбандары болды. Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Б.Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із ,жазылмас жара қалдырды» деп өз ойын айтып еді. Атабабаларымыз майданға жан аямай арпалысты. Олар біз үшін, біздің болашағымыз үшін, туған жеріміз үшін, туған тіліміз үшін жауға қарсылық білдіріп, үлкен ерліктер көрсетті. Біз енді осы ата-бабаларымыздың үмітін ақтауымыз керек. Себебі, болашақ біздің қолымызда. Қазақ халқы Ұлы Отан соғысында болған оқиғаларды көре және біле отырып ,жайбарақат отыра алмайды. ......
Шығармалар
Толық
0 0