Қазақ тілінен сабақ жоспары: №13-сабақ Мәтін және оның түрлері (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат»
Сабақ тақырыбы: №13-сабақ Мәтін және оның түрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.2.5.1 берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- тыңдалған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәтіннің түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;
- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Оқушылардың көбі:
- диалогке қатысады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
Оқушылардың кейбірі:
- берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Атырау - ардақты қалам

Сүйікті Атырауым! Әр адамға өзінің кіндік қаны тамған жері ыстық. Ауылда туған адамға, қандай әдемі, қызығы қайнап жатқан қала болса да, өз ауылы......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Асыл анам

Абзал, асыл жанды ана деген сөздің өзі қасиетті. Ана баласын әлпештеп өсіріп, аймалап үйретіп ер жеткізеді. Сондықтан барлық бала аналарын жақсы көреді. Менің анам өте мейірімді, көрікті жан. Ол маған және бауырларыма қамқоршы. Біздің жағдайымызды ойлап, киімімізді тазалап......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Сары бала

Телестудияның тілшісі Бақтыбай Айнабеков деген жігіт телефон соқты.

— Аға, Тұрар Рысқұлов туралы жарты сағаттық хабар ұйымдастырсам ба деп едім. Бұл телебасшылардың ұйғарымы. Соған сіз өзіңіз және Тұрекеңді білетін кісілер қатысса... Тұрекеңді білетін кісілерді сіз білесіз ғой. Өзіңіз айтсаңыз.

Бұл 1984 жылдың желтоқсаны еді.

Хабарға өзім қатысуын қатысармын - ау. Білгенімді айтып бағармын - ау, ал Рысқұловты көрген - білген адамды қайдан табамын? Рысқұловты көрген, киын - қыстау заманның езінде қызғыштай қорғаған бір азамат бар еді, ода дүниеден өтіп кетті. Қарт журналист Рахмалы Байжасаров еді. 1937 жылы «халық жауы» болып ұсталып, 1955 жылы босанып еді. 1960 жылы «Социалистік Қазақстан» газетіне «Тұрар Рысқұлов» атты көлемді мақала жазып еді. Жазбақ тұрмақ, атын сыбырлап айтуға бата алмаған кез болатын. Ал Рахмалы сол соншалықты «қорқынышты» есімді қорғап, ақтап жазады. Оған бас редактор Қасым Шәріпов қол қойып, жарыққа шығарады. Сөйтіп, Тұрар Рысқұлов кайта тіріліп келгендей болады. Адамдар бір-бірінен сүйінші сұрап, қуанып қалады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Алпысқа келгеннен ақыл сұра

Бұрынғы өткен заманда бір хан өзінің қол астындағы халқына жар салады.

Бүкіл халық жиналған соң, хан:

— Кімде-кімнің әкесінің жасы алпыстан асқан болса, ол шалды айдалаға алып барып тастау керек. Жасы алпыстан асқан шалдың не керегі бар. Оның қолынан іс келмейді. Үйде жатып, тапқан-таянғандарыңды ішіп-жегеннен басқа оның бітірер ісі жоқ. Шалдарыңды құртыңдар! Ал мұны қабыл алмағандардың басын аламын! – дейді.

Хан жарлығы екі бола ма? Жаңағы сөзді естіген халық: «Шал әкемізді аман алып қаламыз деп жүргенімізде, өзіміздің басымыз кетер, ханның дегені-ақ болсын» дейді. Ханның үкімі жүзеге асырылып, көп замандар бойы жұртқа міндетті заң болады. Жасы алпысқа келгенше шалдар өз ажалынан өлсе, өледі, өлмесе елсіз жерге апарып тасталып, ит-құсқа жем болады. Бірқатары шалдарды таудың жағасындағы дарияға тастап өлтіретін болған.......
Ертегілер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Даналық пен балалық)

Сәуір ғажап,
Сәуірдегі гүл ғажап.
Сыбыр-сыбыр,
Күбір-күбір жылға жақ.
Жасыл көктем,
Сары күзден жаралған
Әрі бала,
Әрі дана бұл қазақ.
Күз алдында
Көктем біраз именген,
Именген де,
Келін болып үйге енген. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Орталық Азия: ұғымының тарихи және географиялық аспектілері 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Орталық Азия өркениеттері: саналуандылығы және мәдени ортақтығы
Сабақ тақырыбы:Орталық Азия: ұғымының тарихи және географиялық аспектілері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.1. 1 «Орталық Азия» түсінігін аймақтың тарихи және географиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін пайдалану
Сабақ мақсаттары: Орталық Азияның негізгі географиялық ерекшеліктерін анықтайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0