Әжесінің баласы

"Өздеріңмен бірге болсын, - деді әжесі әке-шешесіне. - Енді мектепке баратын уақыты да жақындап келеді.
Ақыры қаланың мектебіне оқытамыз деп отырсыңдар ғой. Үйренісе берсін.
Өздеріңнің балаларың ғой".

Қалаға келгелі содан бері жақпағаны, әуелі, әке-шешесі тұратын үй болды. Аядай ғана бір бөлме еді. Былай шапқыласа да, былай шапқыласа да шешесінен ескерту алып қала береді. Бірақ......
KZ
Толық
0 0

Сочинение: Чита – мой город

Читагород, основанный в глубинах Сибири казаком Петром Бекетовым как казачья крепость. Произошло это во времена освоения дальних земель казачеством в 17 веке. Поселение должно было стать форпостом Российской империи в пути на восток, в Восточную и Центральную Азию.

Сначала поселение называлось Плотбищем, так как стояло на слиянии двух рек, и основным промыслом на тот момент в этом месте являлась постройка плотов. Свое сегодняшнее название....
Сборник сочинений
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның қиын қыстау кезеңіндегі іс-қызметіне тоқтала отырып, соғыс жылдарындағы Кеңес Одағының халықтары сияқты, Қазақстан еңбекшілерінің де жоқшылық пен ауыртпалықтарға қарамастан, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қарақшы жау - фашизмнен ерлікпен қорғағанын және тылда болашақ үшін тамаша еңбек еткені жайлы толық түсінік беру......
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Құламерген

Баяғыда бір Құламерген деген батыр, өзі аңшы жігіт болыпты. Батырлығы елге жайылған адам болады, оның өзіне лайықты сұлу әйелі болады. Сол елдегі хан әр жерден сұлу әйел іздеп сұрау салады екен. Бір күні ханға бір мыстан кемпір келеді. «Сізге мен лайықты адам табайын, менің үйімде тазша балам бар, соған қызыңды берсең», – дейді мыстан. Хан бұған келісіп:
— Енді, маған лайықты сұлу әйел ізде! – дейді. Құламергеннің әйелі бір күні дарияның жағасына барып басын жуып отырғанда, бір буда алтын шашы суға ағып кетеді. Бұл шашты мыстан кемпір тауып алып ханға апарады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Сөніп жану

... Қоңыр күздің мезгілі, сентябрьдің бас кезі еді. Ел орынға отырған уақытта жарық айлы тыныштығы мол түнде қалың таудың ішімен үш салт атты келе жатты. Жүргіншілер келе жатқан қабат-қабат биіктің арасында жатқан жіңішке өзек кейде тарауланып көп салаға бөлініп, кейде иін тірескен биік тік жартастардың арасынан жалғыз аяқ жолдай болып жіңішкеріп, жыланша иіріледі. Қонарлық жерге кешігіп қалып, жетуге асыққан жолаушылар осы өзекті өрлеп желіп келе жатыр. Жарық айлы тынық түнде таудың ішіндегі ұлы тыныштықты бұзып тұрған дыбыс — тастақ жолмен жүріп келе жатқан аттылардың тықыры ғана. Бұдан бөтен ешбір дыбыс жоқ. Табиғат тастай қатқан жым-жырт. Жолаушылардың үшеуі де жас жігіттер. Жақсы киініп, семіз ат мінген бозбалалар еді. Бұлардың екеуі Ырғайлы болысының оқыған жігіттері — Сыздық пен Сүлеймен. Үшіншісі — ел ішінің жігіті, бұлардың жолдасы — Есімжан. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қазақ елі Мәңгілік ел


Қазақ елі - Ұлы Дала елі деген киелі ұғымдар уақыт арнасымен сан қилы дәуірді бастан өткерген халқымыздың өткені мен бүгінгі хал-күйінен хабар беретіндей. Отанға деген шынайы махаббат, бүгінгі ұрпақ алдындағы ата-бабаларымыздың аңсаған еркіндігі Ұлы Жеңіске жеткізді. Қазақ елі қазақ хандығын құрудан басталған қасиетті борыш «Мәңгілік Ел» идеясына негіз болып, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне жол ашатын басты жоба болды. Қазақ елінің тамыры тереңге жайылған ел тарихынан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қаншама қиын қыстауларды, ашаршылық пен соғыс (әдейі ұйымдастырылған ашаршылық пен 1941-1945жж Ұлы Отан соғысы, 1979-1989 жж арасындағы Ауған соғысы мен қатар кешегі 1986 ж 16 желтоқсанның қанды оқиғасы) елден жыраққа кетіп тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне қаймықпастан кешегі өткен батыр аға-апаларымыз болмаса бүгінгі күнгі Тәуелсіздік жолына аман-есен жетерме едік? Болашақ ұрпақ үшін жанын аямай, өз өмірін қазақ елі үшін қасық қаны қалғанша күресіп бізге аңсаған еркіндікті алып берді. Міне, осының өзі - Мәңгілік елдің шаңырағы болып табылды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: 9-сыныпта стилистиканы оқыту

Стилистика – тіл мамандарын дайындайтын факультеттердің бәрінде оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Оны оқытудың теориялық та, практикалық та маңызы зор. Курстың мақсаты – студенттерді стилистиканың негізгі мәселелерімен, стильдерді тілдік ұйымдастыру ұстанымдарымен, тілдік құралдарды сөйлеуде қолдану заңдылықтарымен таныстыру.
Бұл пән студенттер мен оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Жоғары оқу орындарында филолог маман дайындауда стилистика курсының міндеті – студенттерді тілдің стилистикалық ресурстары туралы, стилистикалық нормалар туралы, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты әртүрлі варианттарға ие болып келетіндігі туралы мағлұматтар беру; тілдік құралдарды пайдалану контекстің стильдік реңіне байланысты болатындығы....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Дінтану | Діни экстремизм

1. Діни экстремизм жайлы, экстремистік ұйымдармен күрестегі мемлекеттік саясат жайлы түсінік беру.
2. Деструктивті ұйымдар және оның түрлері, діни секталар немесе ұйымдарға тартуға әрекет жасау жағдайлары.
3. Лаңкестіктің анықтамасын, сипаттамасын беру, түрі мен әдістеріне тоқталу.
Тақырыптағы өзекті мәселелер. Тарихында діни нанымдары және діни саналары болмаған халық жоқ десек болады. Сонымен қатар, дінге көзқарас әр дәуірде әртүрлі болды. Біздің елімізде 100 ден аса этностар тұрады және көптеген діни одақтар бар. Мұсылман діні мен христиан дініне құлшылық ететіндердің саны 90%- ға жететін болса, бұдан басқа да буддизм, католицизм,
протестанттық және т. б. діндер тараған.
Қазақстан тәуелсіздік алып, өзін демократиялық құндылықтарды бағалайтын тәуелсіз мемлекет ретінде жариялай отырып, соның бір айғағы етіп діни ұйымдардың іс - әрекетіне мемлекет тарапынан шектеуді алып тастау, азаматтарды діни көзқарастар үшін қудалауды тоқтату – осының барлығы елімізде «діни толқуларға» алып келді. Тәуелсіздік жылдар барысындағы діншілдер қауымының саны 6 мыңға жуықтады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0