Бал аштырам деп кемпірді өлтіріп алған баяғы хан, не істерін білмей, қазы-билері болып жиналып, ақыл таба алмай, сол күнге дейін дағдарып отыр екен деседі. Ақырында бір қазысы:
— Алдар деген бір қу бар екен. Ақыл тапса, сол табар, — деп ханға хабар етеді. Дағдарып отырған хан Алдарды алдырады.
— Солай да солай. Сұрағаныңды ал. Мыстан кемпірдің жеті баласынан құтқар, — дейді.
Экономикалық нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйымның басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартына сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде ол шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады. Еңбекті қалыптастыру барысында жалақы жетекші орын алады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері мен жұмыскерлернің жалақылары ақшалай көріністегі ұлттық табысты жеке тұтыну қорындағы олардың үлесі болып табылады. Біздің елде еңбекақы төлеу екі жақты функцияны атқарады: бір жағынан жұыскердің табысының негізгі көзі және олардың өмірлік деңгейін көтеру, басқа жағынан - өндірістік тиімділігін арттыру болып табылады. ....
Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты. Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы. Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады. Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.....
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім Сабақтың тақырыбы:Менің отбасым №4 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.1.1 Сөз көлемі және сөздік қор құрамының саналуандылығы. Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді. 1.3.1.1 Зейін қойып оқу. Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді. Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Таныс сөздерді қолдады. Сұрақтарды қайталай алады. Жаңа сөздердің айтылуын түсінеді. Көбі: Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді. Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді. Кейбірі: Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ құрастыра алады. Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсініп сөйлемде қолдана алады.............
Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Сулейман Демирел университетінде XXI - ғасырдың IT-маманын кәсіби даярлау тұжырымдамасы әзірленді. "Отандық білім беруді жаңғырту жағдайында көптілді IT-маманның инновациялық құзыреттілік моделін әзірлеу және енгізу" тақырыбындағы ғылыми жоба 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурсының....
Бразилия (Brasil) – Бразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет.Жері – 8,5 млн.км².Халқы – 163 млн.(1996).Халқының этникалық құрамы:ақ нәсілдер – 54,7%,зәңгілер – 5,89%,мулаттар – 38,45%.Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон,италиялық,неміс,араб,француз,т.б.) тұрады.Астанасы – Бразилиа.Мемлекеттік тілі – португал тілі.Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады.Ұлттық мейрамы – 7 қыркүйектегі Тәуелсіздік күні.Бразилия – президенттік федеративтік республика.Елдің басшысы,Қарулы Күштердің бас қолбасшысы – президент.Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлттық Конгресс федералдық сенат және депутаттар палатасынан тұрады.Әкімшілік жағынан 25 штатқа,1 федералдық (астаналық) окрукке бөлінеді.Губернатор билейтін әрбір штат өз конституциясын ұстанады. Бразилия жері экваторлық (солтүстік бөлігі),субэкваторлық,тропиктік (орталық және оңтүстік бөлігі),субтропиктік (қиыр оңтүстік-шығыс) ендіктерінде орналасқан.Жерінің көбін Бразилия таулы үстірті алып жатыр.Климаты,негізінен,ыстық,жауын-шашын мөлшері әртүрлі.Батыс жағыц ылғалды экваторлық,шығыс жағы қуаң экваторлық ендікте.Суы мол,энергия көзіне бай өзендер көп,ішінде ірілері: Амазонка,Сан-Франсиску,Парнамба,Парана.Стратегиялық маңызды ниобий,уран,торий кендері бар.Одан басқа темір,марганец,мыс,мұнай,газ,көмір қорлары мол кездеседі. Бразилия жеріне адам неолит дәуірінде қоныстанған.16 ғасырдың басына дейін бразилия жерін тупигуарани,тупинамбас,ботокуд тамойос,короадос, т.б. үндіс тайпалары мекендеген.Олар аңшылықпен,балық аулаумен,жер өңдеумен шұғылданады,темекі,какао, т.б. дақылдар өсірді.1500 жылы Бразилия жағалауына португалдық П.А.Капрал келіп түсті де,өзі тапқан жерді Португалия иелігі деп жариялады.Ол паубразил атты құнды қызыл ағашты Бразилиядан Португалияға тасып,елдің аты осы ағаштың атынан шыққан. ....