Ертегі: Құтандар

Бір шағын қаладағы шеткі үйдің төбесінде құтанның ұясы болды. Ұяда төрт балапанмен ана құтан отыратын, балапандары әлі қызарып үлгермеген кіп-кішкентай қара тұмсықтарын ұядан қайта-қайта қылтитып қояды. Ұядан ұзамай, шатырдың қырында бір аяғын бауырына қысып, сымдай тартылып әке құтан отыр; бір аяғын көтеріп тұрған себебі басқа істейтін түк шаруасы жоқ еді. Өзі ағаштан жасап қадап қойған нәрсе секілді қозғалмайды.

«Бұдан артық қандай......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жапалақ көрсең атып ал

Күндерде бір күн Сүлеймен патша:
– Алтын, күміспен көмкерілген ақ ордаларда отыра-отыра жалықтым. Енді маған әдемі қырналған ақ сүйектен, кемігі жоқ қақ сүйектен, ылғи ғана бас сүйектен, сарғаймаған жас сүйектен сарай салынсын, – деп бұйырады. – Сарайдың бірінші қабаты әйелдердің, екінші қабаты еркектердің, үшінші қабаты құстардың бас сүйегінен қалансын!......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Құланай жарқын

Баяғыда бір кемпір мен шал болыпты. Кемпір тамаққа тоюды білмейтін мешкей болады. Бұлардың қу торы биесі күніге бір құлын туады екен. Сол құлынды жалмауыз кемпір күнде жеп қояды. Тіпті бір күні жаңағы биені жегісі келіп, шалына: «Осы биенің есімі жоқ, сойып алайық», – дейді. Торы биенің досы - осы үйдің бір тазысы болады......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Тепеңкөк

Бұрыңғы заманда бір сараң байдың үш ұлы болыпты. Ол балаларын үйлендірмеген екен. Бір күндерде балалары ақылдасып, үлкені мен ортаншысы кенже інісіне айтыпты:
— Біздей байдың балалары әлдеқашан үйленіп, мал-малданып, жан-жанданып отыр, біз әлі күнге шейін сүр бойдақпыз. Сен әкемізге барып айт, бізге қатын алып берсін, – деп.
Бұл барып айтқан соң, әкесі:
— Күз болсын, кәрі бие, қатпа тайлар жетілсін, – депті. Күз болыпты, кенже баласы тағы айтқан екен, әкесі:
— Қылышын сүйретіп қыс келеді, қыс өткен соң алып беремін, – депті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Сайын Мұратбеков | Жусан иісі

1

Алыста қалған балалық шағым... Ойымнан: жарғақ сары тоны қаудырлаған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген арық ақсақ қара бала бір кетпейді. Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, ес қалмай далбақтай жүгіріп келе жатқан Аянды көргендей болам. Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын»,- деген жалынышты үнін естимін.

Әуелде біз, балалар, оның ертегі айтатынын білгеміз жоқ. Ол әжесі екеуі біздің ауылға қырық екінші жылдың жазында көшіп келген. Мал дегеннен, тек бұзаулы қоңыр сиыры бар еді. Аянның әкесі майданға аттанып, туған анасы содан екі ай бұрын қайтыс болыпты. Біздің ауылда әжесінің жамағайын төркіндері бар екен, соларды сағалап келсе керек.

...Біз, балалар, көшеде екіге жарылып ап, қағазға топырақ орап, бұрқылдата лақтырып, атысып ойнап жүргенбіз. Ары өтіп, бері өткен кемпір-шал: «Желкең қиылғырлар-ай, соғыс аздай, бұл атысып ойнады дегенді қайдан шығарды осылар, басқа ойын аз ба-ей!..» -деп ұрсып-ұрсып қуып тастайды. Бірақ олар кетісімен қайта жиналамыз. Қайта атысамыз. Желсіз тымырсық күнде бұрқылдаған май топырақ тұманша қалқып, шаңытып тұрып алады. Жуық арада сейіле қоймайды. Соның арасында тұншыға жүріп, көзіміз ғана жылтырап, бір-бірімізге «уралап» ұмтыламыз. Ойынның осындай бір қызу шағында біздің «атаман» - Садық кілт тоқтай қап: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Алматы мемлекеттік табиғи қорығы

Жұмыстың өзектілігі: Қорық дегеніміз не?Алматы қорығының құрылуындағы мақсаты қандай? Алматы қорығының физикалық-географиялық ерекшелігі қандай?Алматы қорығындағы ерекше қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктері дүниесі қандай? Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы қандай?
Қорықтар – бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорық аймағына шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тиым салынған. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы-географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет. бұл жерлердегі экологиялық процестердің барлығы адам араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді. Адам оның бақылаушысы, зерттеушісі ғана. Сол себепті де қорықтарды соңғы кезде ашық аспан астындағы нағыз « табиғат лабораториясы » деп те атап жүр. Өйткені, мұнда ұзақ жылдар бойына табиғат комплекстерін табиғи жағдайда ғылыми терең зерттеу, « табиғат жылнамаларын » жүргізу сияқты алуан түрлі жұмыстар жүзеге асырылады. Қорықтарда тек саны азайып, жойлып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар, өлкеміздің көрікті табиғат ландшафтылары, жалпы табиғат комплекстері сол қалпында сақталады. Міне, сондықтан да болашақ ұрпаққа табиғат байлықтарын кемеліне келтіре көркейген қалпында табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше.
Анықтамасы бойынша қорық - назар салып бақылау және зерттеу құралы. Оны ұйымдастырған алғашқы жылдардан бастап онда ҚР ҒА зоология институты мен ҚАЗМУ мамандары ғылыми жұмыстар жүргізуде. «Қорғалжын қорығының құстары» атты монография –осы бір қызық аймақтың көп жылдық зерттеулерінің нәтижесі. Осыдан басқа мұнда үлкен ағартушылық жұмыстары да жүргізілуде. 1978 жылы экскурсиялық қызмет бөлімі құрылған болатын, оның қызметкерлері мерзімді басылымдарда 200 мақалалар басылған, 600-ге жуық лекциялар, әңгімелер өткізілген. Қорық табиғаты мұражайының қонақтары-Қорғалжын және астана мектептерінің оқушылары. Мұражайда дала және көлді жерлердің фаунасы мен флорасын бейнелейтін бай экспонаттар коллекциясы жиналған. Табиғаттың керемет бұрышы туралы бірнеше ғылыми-деректі фильмдер түсірілген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-қатынастары

Кіріспе
Біздің еліміздің көп этникалық құрамына және көптеген халықтардың бірлесіп өмір сүрген жеткілікті тәжірибесіне қарамастан, соңғы жылдары шыққан ұлтаралық қарым-қатынас саласындағы ғалымдардың әртүрлі зерттеулері, жергілікті шиеленістер талдамы, көптеген этникалық қоғамдастық өкілдерінің біріккен экономикалық, саяси және т.б. іс-әрекетке бейімделуі жоспарында ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу көрсеткендей, әлі күнге дейін кез-келген адам, әсіресе КСРО-ның құлауынан кейін, өзін қазіргі жағдайларда басқа ұлт адамдарымен қарым-қатынаста тұрақсыз сезінеді.
Ұлтаралық, этникааралық қатынастар әлеуметтік қатынастар, мәдени өзара әсерлер және тарихи дәстүрлердің барлық жүйелерінің нәтижесі болып табылады. Олардың қалыптасуы идеологиялық және өнегелі ережелерге де байланысты.
Бұл жұмыс орта мектепте оқитын оқушылардың қарым-қатынасындағы өзіндік сана ерекшеліктерін анықтау және зерттеу мәселесіне арналған.
Әртүрлі елдер мен халықтар өкілдерінің арасындағы ұлтаралық байланыстардың күшеюімен қарым-қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін қарастыруға арналған зерттеулер саны да көбейіп келеді. Көптеген авторлардың еңбектерінде мәселенің әлеуметтік жағы ашылған. Өндірістік тәсілдердің дамуы мен жетілуінің, қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруі әртүрлі этностар арасындағы қарым-қатынастың жаңа формаларының пайда болуы мен тұрақталуына әсері анықталды.
Қарым-қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін зерттеу себептерінің бірі, бұл бір мемлекеттің ішінде, тіпті бір аймақтың өзінде әртүрлі ұлттардың өмір сүріп, өзара қарым-қатынаста болуы.
Этникалық тиістілігін, өз ұлтының психикалық қырларының спецификалылығын және өзінің этникалық қоғамдастығы мен басқа этникалық орта арасындағы этнопсихологиялық айырмашылықтарды саналау этникалық өзіндік сананың әдеттегі деңгейінде өтеді. Оның негізгі мазмұны өзінің этникалық тобы мен басқа этникалық ортаның ақиқат және қиялдағы арнайы қырлары туралы түсініктер құрайды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Білім жүйесінің өзекті мәселесінің бірі жаңа ұрпақтардың қарым-қатынастағы этникалық өзіндік сананың қалыптасуы болып табылады. Білім өз мазмұнын халықтың руханилығымен, оның этникалық өзіндік санасымен қамтамасыз ете алған кезде ғана нағыз халықтық, ұлттық бола алады.
Қазақстанның тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде дамуы жағдайында өз азаматтарының рухани дамуы, өздерін саналы тұлға ретінде сезіне білуі, бір-бірімен өзара қарым-қатынастарының белсенді түрде дамуы маңызды мәселе. Адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктерін зерттеу – психологияның негізгі мәселелерінің бірі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ және орыс ұлттарындағы оқушылардың қарым-қатынас ерекшелігінде этникалық өзіндік сананың көрінуіне әсер ететін факторларды анықтау.
Зерттеу объектісі: жоғары сынып оқушыларының өзіндік сана ерекшелігі.
Пәні: Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-қатынаста анықталуы.
Жалпы болжамы: қарым-қатынастың этникалық ерекшеліктері тұлғаның бағыттылығына, әлеуметтік-коммуникативті компетенттілігіне және өзіндік санасына байланысты көрінеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Жаңғақтың пайдасы

Жаңғақтың қоректік құны жоғары. Оның құрамында ақуыз, қанықпаған май қышқылы, көмір-су қосылысы, кальций, фосфор, темір, каротин, рибофлавин, никотин қышқылы бар. Ол адам денесіне өте қажетті, пайдалы азықтық ретінде қарастырылады.

Миды қуаттандырады. Жаңғақтың құрамындағы белоктализин мен фосфатид ми жасушаларын жандандырып, жүйке қуатын жоғарлатады.
Холестеринді төмендетеді. Жаңғақ дәнінің құрамында 65% май бар. Ол адам денесіндегі қан айналысын жақсартады.
Өтке байланған тасты ерітеді. Дұрыс тамақтанбауға байланысты өтке байланған тасты ерітіп, сыртқа ығыстырады. Дәрігерлердің айтуынша, өтіне тас байланған адамдар жаңғақты үнемі жесе, операция төсегіне жатуының қажеті жоқ екен.
Теріні ажарландырады. Жаңғақтың құрамындағы мол кальций, фосфор, темір сияқты микро элементтер адам денесін түрлі ферменттермен қамдайды. Мұның ішіндегі Е витамині жасуша босауының алдын алады. Жаңғақты лайықты мөлшерде жесе, бет терісін ажарландырып, ағартып, майдалылығын, жылтырлығын арттырады. Босануға жақындаған жүкті әйелдер көбінесе жаңғақ дәнін жеу арқылы өз келбеттерін сақтайды....
Кеңестер
Толық
0 0

Жылқының еті 17 ауруға ем

Қазақ халқы төрт түліктің төресі деп төбесіне көтеретін жылқының қасиетін тауысып айту мүмкін емес. Ата-бабамыз еті мен сүті шипа жануарды бағалай білген.

Қазірде қазақ қана емес, көп ауруға ем саналатын жылқы етін дамыған Еуропа елдері де мойындап отыр. Шетелдік зерттеуші-дәрігерлер еттің ішіндегі ең пайдалысы – жылқының еті екендігін, жылқы майының адам организмінде ешқашан тұнбаға түспейтіндігін зерттеп білді. Олар жылқы етінің 17 түрлі ауруға ем болатындығын мойындады.

Жылқы етінің ең басты қасиеті- жүрек, қан тамыр ауруларына, бүйрек жұмысын жақсартуға, буын сүйектерінің сырқырауына, ішкі ағзаның дұрыс жұмыс жасауына тигізер әсері мол. Ағза жасушаларын жаңартып отыратын қасиеті де дәлелденген. Ал бұл дегеніңіз қартаймаудың басты қағидас......
Кеңестер
Толық
0 0