Тақырыптың өзектілігі. Зияткерлік (интеллектуалдық) меншік қазіргі кәсіби ортадағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Қарапайым тілмен айтқанда,зияткерлік меншік заңмен қорғалатын адамдық сананың өнімі,шығармашылықтың нәтижесі болып табылады. Бұл- материалдық емес субстанция. Оны қолмен сезуге болмайды; оның ұзындығы, ені мен биіктігі болмайды; ол салмақсыз және оның көлеңкесі, түсі,дәмі немесі иісі жоқ. Зияткерлік меншікті материалдық ресурсты сияқты сатып алуға,сатуға және жалдауға болады. Оны материалдық ресурстысияқты абайсызда жоғалтып алуға немесе жоюға болады.Ол шабыт пайда болған кезде кенеттен немесе көптеген жылдар бойы еңбек ету нәтижесінде дүниеге келуі мүмкін.Ол бір мезетте жоғалып кетуі немесе мәңгі өмір сүруі мүмкін. Өзінің сипаттамасына қарай зияткерлік меншіктің экономикалық құны көптеген жағдайда өте жоғары болады.Бұл құнды көп жағдайларда есеп беруде көрсетпейді,есепке алмайды және толық бағаламайды.Кәсіпкерліктік тұрғыда,ол жаңа нарықтық мүмкіншіліктерді ашады немесе керісінше,қауіп тудыруы мүмкін.Бұл,әрине,зияткерлік меншікті басқаратын тұлғаға тікелей байланысты.....
• Сабақтағы диалогтық әңгіменің оқушылардың когнитивті дамуына әсерінің мәнін, мазмұнын ашып көрсету; • Диалогтық әңгімелесудің зерттеушілік, топтық, әңгіме – дебат түрлерін қолданудағы мұғалімге қойылатын талаптарды айқындау; • Сабақта диалогтік әңгімені қолдана отырып, оқушылардың когнитивті дамуын жетілдіруге арналған авторлық сабақ үлгісін жасау Өзектілігі: Қазіргі жаңа оқыту технологияларының енгізілуі ізденістер мен тәжірибе жинақтау ол үшін білім жетілдіріп отыру мәселесі және орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізу мақсатында сындарлы (конструктивті) оқытуға негізделген тәсілді енгізу Зерттеу мақсаты: Сабақта диалогтық әңгімені пайдалану мәселелерін талдап, іс – тәжірибеге енгізу жолдарын көрсету Зерттеу объектісі: Кембридж бағдарламасы негізінде «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін басшылыққа ала отырып Қазақстан тарихы пәнінен 6 сыныпқа арналған жаңа форматтағы сабақ жоспары .....
1 пакет тұзды ыстық табаға салып, қуырып алады. Мақта матасынан тігілген дорбаға оны салып, қызған тұздың үстіне ол суығанша жалаң аяқ тұрады. Осындай процедураны 6 рет жасаса, адам циститтен жазылады. Тұздың қасиеті тез ысып, өте баяу суиды. Мұндайда табаннан өткен жылу бүкіл денеге тарап, түрлі аурулардың алдын алады.
Қуық қабынғанда піскен жүгерінің шашағын күніне бірнеше рет шай орнына қайнатып ішеді. Қуық қабынуына шиенің жемісі түбіндегі сабақтың да септігі мол. Оны шай орнына ішіп, емделеді. Оларды жиып алып кептіріп, керек кезінде дәрі ретінде пайдалану қажет.......
✅ Әтір таңдау тәсілдері. Қыз-келіншектерде әтірдің бірнеше түрі болуы керек. Оларды кездесулердің түріне, жыл мезгіліне, тәуліктің әр кезеңіе сай қолданады. Ал жақсы әтірдің бағасы қымбат. Сондай қымбат әтіріңіздің жасанды болып шықпауы үшін оларды сенім жерден ғана сатып алыңыз. Әтірдің тазалығына көз жеткізу үшін сатушыдан сапа сертификатын сұраңыз. әтір таңдау тәсілдері
✅ Алайда ондай мүмкіндік бола бермейді, ондайда өзіңіз ажыратып үйреніңіз:
✅ Қорабы Қорабы қатты, сапалы, жазуы айқын болуы керек. Оның сыртынан жұқа целлофан оралады. Ал кейбір өндірушілер “жасанды бәсекелестерден” сақтанып целлофанмен қаптамайтын болған, ондайда картон сапасын қарай аласыз. ......
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып табылады және оның тиімді жүргізілуі әлеуметтік-экономикалық саясаттың табыстылығына байланысты болады. Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді жабуға жұмсалатын және шығарылған заң негізінде мемлекет арқылы алынатын ерексіз немесе міндетті алымдарды салықтар деп атайды. Заңмен бекітілген салықтар, алымдар, кеден баждары мен басқа да төлемдердің жиынтығы нақты критерийлер, белгілер және ерекше құрамдары бойынша жіктеледі. Салықтардың тікелей және жанама деп бөлінуі тауарлар мен қызметтер тұтынушыға салық ауыртпалығын аудару дәрежесін бағалау үшін қолданылады. Салықтардың тікелей және жанама бөлінуі жөнінде қазіргі кездегі көзқарас көп ғасырлар дамуының нәтижесінде қалыптасқан. Ал біздің елеміздің тәуелсіздікті жариялағаннан бері республикамыздың салық жүйесінің қызмет етуінің он жылдан аса уақыт тәжірибесі бар.....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыт аралығында Қазақстан Республикасында болған саяси және экономикалық реформалар тұлға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне басты роль берген қоғам дамуының жаңа бағыттарын айқындады. Қазіргі біздің конституциялық жүйеміз бұрыңғы кеңес дәуіріндегіден өзгеше адам және оның тұлғалығына ерекше сыйластықпен қараудан тұрады. ҚР Конституциясының 1 бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады» делінген. Ал 12 баптың 2 тармақшасында: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, одан ешкім айыра алмайды» деп көрсетілген [1]. Аталған конституциялық ережелер мемлекет жүйесінің саяси-қоғамдық қалыптасуы мен дамуына бағытталып, адам құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымын және оларды қамтамасыз ету мен қорғаудың механизмін бекіту арқылы жүзеге асады.....
Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық реформаларды тереңдету, ұлттық және аймақтық деңгейде экономикалық және әлеуметтік даму мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен, сондай-ақ өтпелі кезеңде табиғи ресурстарды сарқылмастай тиімді пайдалану аса маңызды болып табылады,биологиялық әр алуандылықты сақтау, экологиялық қауіпсіздікті сақтау, қоршаған табиғи ортаны қорғау және халықтың экологиялық жағынан денсаулығын қамтамасыз ету. Іс жүзіндегі экономикалық құралдардың бағалануы негізінде олардың тиімділігі мен үйлесімділігін арттыру бойынша шаралар қолданып, сондай-ақ арнаулы экономикалық құралдарды әзірлеу керек. Сараптық бағалаулардың және экономикалық құралдарды өткізудің әлемдік тәжірибесінің негізінде олар табиғатты қорғау саясатын жүргізуде маңызды құрал болып табылады. Қоршаған ортаның ластануы көп жағдайда шығынның артуына, жоғалып кететін немесе ортаның ластану нәтижесінде өндірілуі мүмкін болмайтын өнімді қайта өндіру (қалпына келтіру) үшін қажеттіліктердің өсуіне әкеледі. Басқаша айтсақ, су қоймаларын сауықтыру, балықтарды қайтадан өсіріп-өндіру, пайдалы жерлер, ауыл шаруашылық мәдениетінің өндірісі және т.б. бойынша шараларды өткізу үшін қажеттіліктерге шығындар көбейеді. Қолданылып отыран шараларға қарамастан республикадағы экологиялық жағдай күрделі күйіне қалып отыр. Қоршаған ораның ахуалы жалпылама шаруашылық жұмыстардың нәтижесінде экологиялық апат шегінде тұрған аймақтарды анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Олардың ішінде Арал мен Каспий жағалаулары, Балқаш көлінің бассейні және Шығыс Қазақстан т.б. Қазіргі кезде экономикалық және экологиялық жағдайдың ушығып тұрған сәтінде экологиялық апаттан өтудің жалғыз ғана жолы бар. Ол экономикалық даму процесін экологияның мүддесіне сай үйлестіре есепке алып жүргізу, яғни экономиканы экологияландыру деген сөз. Үйлестіру жұмыстарын іске асыру жаңадан экологиялық экономика саясатын жасауды талап ететіні белгілі жайт. Оның мақсаты – табиғатты пайдаланудың және оны меңгерудің экономикалық мүлдем жаңа жүйесін құру, әрине, ол жүйе табиғи ресурстарды пайдалану барысында экологияға зиян келтірмейді, қоршаған ортаны бүлдіру ахуалынан, осы заманға сай әдісіне біттіндеп кезеңмен ауысуы. Курстық жұмыстың мақсаты: Нарық жағдайында өндіріс саласында экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жоспарлаудың мазмұны мен міндеттерін анықтау. Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Нарық жағдайында өндіріс саласында экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жоспарлаудың міндеттерін жүзеге асыру жүйесі. Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Қазақстанда өндіріс экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жоспарлау жұмыстары . Курстық жұмыстың міндеттері: - Өндіріс саласында экологиялық іс-шаралар туралы түсінік; - Қазақстанда өндіріс саласында эколгиялық іс-шараларды ұйымдастыру; - Мемлекеттің экологиялық бағдарламалары, олардың мазмұны; ....
К і р і с п е Курстық жұмысын мазмұндамас бұрын, осы тақырыптың бүгінгі күндегі өзектілігіне тоқталған жөн. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде Азаматтық құқықтық қатынастарды, әр түрлі күрделі шаруашылық байланыстарды реттеу тәсілі ретінде азаматтық құқықтық шарттардың ролі жоғарлай түсті. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында әртүрлі жаңа қатынастар туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес шарттардың екі немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды реттеуге болады. Азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген ол жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да болашақта болу мүмкін қатынастарды да реттеуді көздейді. Бұл қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасын өтпелі кезені үшін аса маңызды, себебі күніге бір жаңа шарттың пайда болатынын көріп отырмыз. Нарықтық экономика жағдайында шарттардың басым көпшілігі еркін жасалады. Азаматтық кодекстің жалпы бөлімін сипаттауда тауарларды өткізу жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуді сонымен бірге тепе-тең айырбас негізінде құралатын кейбір қатынастарды реттеу шарт еркіндігін қамтамасыз ететіндей болып құрылғанын жалпылай атап өтуге болады, сонымен қатар оларға қатысушылардың құқығы бүтіндей салады және соған сәйкес шарттың қатынастардың жекеленген түрлеріне жауапкершілік тетігін толықтап реттеу және бекіту арқылы жоғары кепілді қорғалады.....