Пән: Қазақ тілі Бөлімнің тақырыбы: Сүйіспеншілік пен достық Сабақтың тақырыбы: Дос - ажарың, жолдас - базарың. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: ӘТН 3.Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану. Сабақтың мақсаттары: Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, айтылым мен жазылым кезінде қолдана алады......
Пән: Қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа! Сабақтың тақырыбы: Абай қарасөзінің тәрбиелік мәні Оқу бағдарламасына сілтеме: 6.2.3.1 - шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлығы орындай алады: Жазылымда аллегорияны қолданып, екі түрлі кейіпкермен диалог құрастыра алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Көркем ауыстыруларды қолданып, екі түрлі кейіпкерді айтыстырады. Кейбір оқушылар орындай алады: Үзіндіні жалғастыра отырып, теңеулерді, көркем ауыстыруларды қолданады.....
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Махаббат және абырой Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: 8.1.2.1. Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу. Сабақтың мақсаты: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.....
Ерке Есмахан 1986 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ата-анасы қызының өнерге бейім екенін бірден байқап, оны музыкалық мектепке берген. Мектепті бітірген соң, Ерке Ақтөбедегі музыкалық колледж бен Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алды. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң, продюсер Баян Мақсатқызының назарына ілігіп, «Іңкәр» тобына қабылданды. Ерке халыққа бірден таныла қойған жоқ. Алдымен, «Іңкәр» тобында ән салды. Одан соң, жеке шығармашылығына ден қойды. «Асыл арман», «Айша бибі», «Бал сезім», «Жаным болшы», «Еркемін», «Әйел бақыты» әндерін жарыққа шығарды. Десе де, бұл әндердің барлығын әншінің биыл орындаған «Қайда?» әні басып озды. Еркенің көптен күткен жұлдызды шағы енді келді десе болғандай. Олай дейтініміз, «Қайданың» бейнебаяны «Youtube» арнасында қазақ әндері арасында бұрын-соңды болмаған рекорд көрсеткішті жинады. Желіге маусым айында жүктелген бейнебаянды 5 айдың ішінде 40 миллионнан астам көрермен тамашалаған. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандар қазақша әнге reaction жасап, өздерінің ой-пікірлерін білдіріп жатты. ....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері Сабақтың тақырыбы: Тарих және мәдениет ескерткіштері 2-сабақ Оқу мақсаты: • 10.4.1.5 дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеу • 10.4.1.6 типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тарихи және мәдени ескерткіштерді классификациялау Сабақ мақсаты: Тарих және мәдениет ескерткіштерінбілу, бағалау, қорғау......
Мен Болат Айсұлтан Қызылорда қаласындағы №101 Әли Мүсілімұлы атындағы лийцейдің 3 «А» сынып оқушысымын. Биылғы оқу жылы лицейімізге Әли Мүсілімұлының есімі берілді. Ашылу салтанатына қаламыздың зиялы өкілдері және Әли атамыздың туыстары келді. Менің сыныбымнан жеті оқушы салтанатты жиынға қатысып, атамызға арнаған өлеңдерімізді оқыдық. Қатысқан барша қонақ ризашылығын білдірді.......
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасындағы туындап жатқан әлеуметтік - экономикалық өзгерістер, еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуі жағдайында, жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес білім беру мазмұны мен оқытудың әдістемелік жүйесін қайта қарау мәселесін талап еткен еді. Қазіргі оқулық білім мазмұнын тасымалдаушысы, оқушылардың осы білім мазмұнын меңгеру процесін үйымдастырушысы ретінде мүғалімнің саралап оқытуды жүзеге асыруына, оқушылардың ақпараттар алу білігін қалыптастыруға, білімін тереңдетуге, білімін Iпрактикалық іс - әрекетке қолдана білу біліктілігін қалыптастыруға мүмкіндік беру, үилестіруші қызметш жүзеге асырып, оқушыны тиянақты білім мен қаруландырып, жүйелеушілік қызметін орындауы керек еді. Осы талапқа сай жазылған жаңа буын оқулықтарының бірі жалпы білім беретін мектептің 3 - сыныбына арналған Т. Әбдікәрімова, С. Рахметова, Б. Қабатаеваның "Ана тілі" оқулығын зерттей отырып "Ана тілі оқулығындағы мәтіндердің теориялық негіздері" деген дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдап алдық. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде білім мазмұнын жаңарту, жетілдіру мәселелері өзекті мәселелердің бірі болып саналады. жаңарту оқу материалының теориялық негіздерін жан - жақты терең Аталған дидактиктер мен психологтардың пікірлері төрт жылдық бастауыш білімінің дәстүрлік мазмұны оқушылардың интеллектілік дамуын жасанды түрде тежеп отыр, шын мәнінде олардың танымдық мүмкіндігі анағұрлым жоғары деген қағидаға топталды. Сондықтан, білім мазмұнын өте жеңілдетіп жібермей, қиындата отырып оқыту керек деп дэлелденген. Психолог П.П. Блонский "Ақылсыз бас ойлай да алмайды, оның неғұрлым тәжірибесі мен білімі мол болса, солғұрлым ойлауға да қабілетті", - дейді. С.М. Языковтың пікірінше, дамыту-ол оқушылардың туа біткен қабілеттерін дамыту ғана емес, мүғалімнің алдына мақсат қойып жүйелі жүргізген жұмысының нәтижесі. Дамыту кезінде оқушыларды біліммен каруландыру, дағдыны меңгерту, білімге құштарлықты қатар жүргізу....
Туған еліміз Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлемде тәуелсіздіктің дәлелі ретінде алтын бедері бар көк байрақтың желпілдегеніне де міне 15 жыл толайын деп қалды. Осы уақыт ішінде мемлекетіміздің өсіп, дамуына аз шаралар жасалған жоқ. Заң мәселесі де бұдан шет қалмақ емес. Жаңа саяси-құқықтық жағдайға байланысты көптеген заңдар, кодекстер қабылданды. Бұл жерде ерекше атап өтетін жағдай — 1995 жылы 30-тамызда еліміздің Ата заңымыз конституцияның қабылдануы. Осы конституция негіз болып, еліміздің заң ғылымдары мен заңдамасында көптеген ірі-ірі бастамашылық идеялар жүзеге асырылды. Азаматтық істер жүргізу қүқығы да осы тізімнен белді орын алғандай. 1999 жылы 13-шілде күні Қазақстан Респуликасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексі қабылданды. Бұл кодексте азаматтық істер жүргізу мәселесіне қатысты барлық жағдайлар көрініс таптық десек, артық айтпағанымыз болар. Бұл бітіру жұмысында қарастырылып отырған мәселе — тараптар. Азаматтық процессте іске қатысушы түлғалардың ішінде тараптардың ерекше орынға ие екені даусыз жайт.....
«Өнер шыңы – тері илеу» Зерттеудің мақсаты: Бұрынғы өткен ата - баба, шебер әжелеріміздің ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңартып жаңғырту, бізге қалдырған асыл мұраны кейінгі ұрпаққа аманат ету. Табиғи терінің денсаулыққа пайдалы, жылулығы мол, ыстықтан, суықтан қорғайтын талшықтың қадірін білу. Тұрмыста қолдана білу. Пайдалы кеңестер: Теріден жасалған бұйымдар - Ревматизм, остеохондроз, радикулит т.б. ауруларға ем. Мәлімет: Жануарлар терімен бірге ланолин шайырын бөледі. Ланолин – бағалы өнім, ол түрлі майлар мен кремдердің негізі ретінде қолданылады. Ланолин 35 - 37 градус температурада ериді, әрі теріге тез сіңеді. Бұлшық етке, тамырларға, омыртқаға, тыныс алу жүйесіне оң әсер етіп, қан айналысын жақсартады. Тері үш қабаттан тұрады. 1. Эпидермис – терінің сыртқы берік, жылтыр қабаты. Ол ылғалды клеткалардан түзіледі де ұсақ қан тамырлары мен тері тесіктері арқылы қорек алады. Терінің түгі эпидермис қабатын тесіп өтіп негізгі қабатынан басталады. .....
КІРІСПЕ Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас аралығындағы, балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең, «қиын жас», «проблемалы» т.б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалык шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады. Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Бельский (1917 ж., 1924 ж.) болды, ол өз мінез-қүлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырады. П.П.Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л.И.Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З.Фрейд пен К.Левиннен бірталай мағлұматтар алды.....