Курстық жұмыс: Экономика | Меншік капиталының есебі мен аудиті

Кіріспе
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Бухгалтерлік есеп- ақпарат беру үшін, және бұл ақпарат пайдаланушылар үшін қызықты болуы үшін, анық, сенімге ие болатын, қажеттіліктерін қанағаттандыру керек. Қаржылық есеп есептік ақпарат дайындау процесі болып табылады, бұл процесті кез- келген заңды және жеке тұлғалар, сонымен бірге кәсіпорыннан тыс:
Менеджерлер, инвесторлар, кредиторлар, қаожылық органдар т.б пайдалана алады. Біздің республикамызда жұмыс істеп тұрған бухгалтерлік есептің халықаралық бухгалтерлік стандарттқа сай келеді.
Есептік мәліметтер шаруашылық субъектілер және олардың структуралық бөлімдерін оперативті басқару, мемлекеттік қаржылық есеп беру, экономикалық болжамдар және ағымдағы жоспар, және де мемлекетіміздің экономикалық дамуын зерттеу үшін пайдаланады.
1.1 Меншік капиталының экономикалық мәні
Экономикалық көзқарас бойынша бухгалтерлік есеп, кәсіпорын ақпарат беру процесі ретінде қарастырылады. Ол кәсіпорындарда бар ресурстарды тиімді пайдалануды, басқару шешімдерін дұрыс қабылдауға ықпалды әсерін тигізеді. Кез-келген заңды және жеке тұлғалар өздерінде бар ресурстарды қаржылық есеп беруіне қарап, белгілі бір бизнес саласына сала алады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы Герман мемлекеті

ХІ ғасырда барлық жердегі сияқты Германияда да шаруашылық дами бастады. Қалалар өсті, соның ішіндегі ең ірілері тұтас өлкенің қыстақтары мен шағын қалашықтарын өзіне тарта бастады. Дегенмен Германияның бірде-бір ірі қаласы Франциядағы Париждей немесе Англиядағы Лондондай бүкіл елге орталық бола алмады. Мұнда ірі қалалар өзара емес , көбінесе басқа елдермен сауда жасады. Сондықтан да немістің қала тұрғындары Англияның немесе Францияның қала халқы сияқты біртұтас мемлекет құруға оншалықты ұмтылған жоқ.
Басқа елдерде ұсақ және орташа феодалдар корольдің тірегі болып отырғанда, Германия князьдерге тәуелді болды. Олар бұл жерде орталық үкіметке сенімді тірек бола алмады. Өйткені өте әлсіз еді.
Германияны біріктіру жергілікті орталықтардың айналасында жүріп жатты. Мұнда біртұтас орталықтандырылған мемлекеттің орнына корольге тәуелсіз князьдердің басқаруымен көптеген мемлекеттер пайда болды.
1815-1848 жылдары герман мемлекеттеріде капиталистік қатынастар қарқынды дамыды. Пруссияда шаруашылық буржуазиялық-юнкерлік шаруашылыққа айнала бастады. Батыс және Оңтүстік-батыс Германияда ірі шаруашылықтардың пайда болуы және шаруалардың кедейленуі кең ауқым алды.
Жеке мемлекеттердің экономикалық бірігуіне 1834 жылы Пруссияның ынтасы бойынша құрылған Неміс кеден одағының зор маңызы болда. Неміс мемлекеттерінде өнеркәсіптік төңкеріс кең етек алып, теміржолдар салынды, тау-кен және металлургиялық өнеркәсіп өсті. Машина жасау және тоқыма өнеркәсібі дамыды.
Қалардың өсуімен бірге ауылшаруашылығының табысы артты. Қалаларға апарып нан мен етті, сондай-ақ жүн мен зығырды тиімді сатуға болар еді. Өз шаруашылығында өнімді көбірек алу үшін феодалдар шаруалар иеліктерін қысқартып, мырзалар егістіктерін кеңейте берді. Олар қауымдық жерлерді басып алды, шаруаларға рманнан қу ағаштарды жинауға, өзендер мен тоғандардан балық аулауға , жайылымдарға мал бағуға тыйым салды. Жер иесі қайтыс болған шаруаның қора-қопсысын оның екі-үш ұлына бөліп беріп, содан соң оның әрқайсысынан әкелері төлеп келгендей төлемді талап еткен жағдайлар да болды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы

Соғыстың басталуы. Екінші дүниежүзілік соғыс 1939ж 1 қыркүйекте Германияның Польшаға шабуылынан бастады.Польшаның Франциямен және Англиямен өзара көмектесу туралы келісім жасағанын білетін Германия Польшаны жылдам талқандауға тырысты.Қауырт соғысжүргізу мақсатында ол Польшаға қарсы барлық
әскерінің үштен екі бөлігін топтастырды.
1939ж 3 қыркүйекте Англия мен Франця Польшамен одақтасты міндеттерін орындау мақсатында Германияға соғыс жариялады.1939ж 19қыркүйекте Скандинавия елдері басталған соғыста бейтараптылық саясат ұстайтындарын мәлімдеді.
Польшаға қарсы қауырт соғыс жоспарын іске асыру үшін неміс әскерінің барлық түрлері бір мезгілде екпінді шабуылға шықты.Сонымен қатар неміс ұшақтарын поляк қалаларын үздіксіз бомбылаумен болды.Немістер алғашқы күндері-ақ поляк әскерлерінің қорғаныс шебін бұзып , Варшаваға бағыт алды. 16 қыркүйекте олар Варшаваны қоршап алды Ал 17 қыркүйекте шығыстан Польша жеріне Кеңес Одағының әскерлері енгізілді .Қоршаудағы Варшава 28 қыркүйеккедейін шайқасты ,алайда күш тең емес еді.
1939ж 28 қыркүйекте Достық және шекаралар туралы кеңес- герман келісіміне қол қойылды .Бұл келісім екі мемлекеттің Польшаны ықпал аймағына бөлісуін бекітті және КСРО мен Германияның арасындағы жаңа шекараны белгіледі 2 қазанда қорғаныс шайқастарын жүргізіп жатқан соғыс поляк бөлімдері берілді .Осылайша Польша мемлекеті төртінші түсті .
Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс. 1939жылғы 23 тамызда кеңес-герман келісім бойынша, Финляндия және Прибалтика Кеңес Одағының ықпал аймағы болуға тиісті еді. 1939ж қазанда КСРО Финляндияға Щығанағындағы бірнеше аралды Карел мойнағының және Рыбачий түбегінің бір бөлігін ауыстыру туралы және Ханко аралын жалға беру туралыталап қойды .Ханко аралында кеңес әскери –теңіз базасын салуды жоспарлады .Финляндия негізгі талаптарға келісті , бірақ Ханко аралын беруден бас тартты ,бұл Финлядияның қаіпсіздігіне нұқсан келтіретін еді .Қараша айында Финляндиямен шекараға кеңесә скерлері топтастырыла бастады.1939ж 26 қарашада Кеңес үкіметі Финляндияға әскерлерін шекарадан 25 шақырым алысқа алып кету туралы талап қойды . Фин үкіметі тура осындай қашықтыққа кеңес әскерлері шекарадан шегінсе ,бұл талапты орындаймыз деді .Алайда Кеңес Одағын қанағаттандырмады . 1939ж 30қарашада Кеңес Одағы ресми түрде соғыс жарияламай-ақ , Финляндияға шабуыл жасады. Бұл 1920 жылғы кеңес фин бейбіт келісімшартын , 1932 жылғы бір –біріне шабуыл жасамау туралы кеңес- фин келісімшартын және Гаага конвенциясын бұзу еді . Сонымен қатар бұл 1939ж жарияланған Финляндияға бейтараптылығын бұзу еді . Сондықтан бұл соғысты ірі мемлекеттің ұсақ мемлекетке күш көрсету деп есептеп , Ұлттар Лигасын Кеңес Одағына басқыншы деген айып тағып , оны 14 желтоқсанда Лига қатарынан шығарып тастады ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Құқық ұғымы

Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерге көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады.
Құқық дегеніміз – мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Құқық нормалары өзара үйлесімді жұмыс істеуі қажет. Осы мақсатта олар салаларға, салашықтарға және құқық институттарына бөлінеді. Мұндай құрылым құқық жүйесі деп аталады.
Құкық жүйесі құкық нормаларынан тұрады, аталған нормалар құқық саласын кұрайды, салалар ішінде құқық нормалары құкық институттарына топтастырылады. Біркатар іргелі құқық салалары құқық, салашықтарына бөлінеді.
Кез келген құкық саласы өзінің пәні мен құкықтық реттеу әдістеріне ие. Құкық нормалары арқылы реттелінетін біртектес қоғамдық қатынастар құкықтық реттеу пәні болып табылады. Құкықтық реттеу әдісі дегеніміз - біртектес қоғамдық қатынастарды сапалы құкықтық ретттеуді жүзеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер.
Құкықтық реттеудің мынадай негізгі әдістері бар:
 имперактивті (тегеуірінді түрде) - тыйым салу, міндеттеу және жазалауға негізделген жазбаша өкім әдісі;
 диспозитивті - рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандық пен теңдікке негізделген тараптардың тең құкықты әдісі.
Сондай-ақ қосымша әдістер де болалы:
 көтермелейтін – құрметтеуге лайықты іс-әрекет үшін марапаттау әдісі;
 ұсынылатын - мемлекет пен коғам үшін лайықты мінез-құлықты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.
Конституциялық құқық ұғымы
Құкық жүйесінің басты саласы - конституциялық құқық болып табылады (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқык, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, каржы құқығы және т.б. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Рахит (мешел)

Рахит — жедел өсіп келе жатқан организмніқ ауруы, онымен балалар көбінесе алғашқы 2 жасында ауырады, ол гиповитаминоздың салдарынан пайда болады. Рахит зат алмасуы, көбінесе кальций және фосфор алмасуьг бұзылып, остеогенездің (сүйек түзілуінің) және баісқЭі да мүшелер мен жүйелер функцияларының едәуір бүлі-нуіне байланысты жалпы ауру болып табылады. і
Біздің елімізде жүргізілген рахитқа қарсы күрес жө-ніндегі кең көлемді шаралар онымен ауырудың едәуір азаюына жәрдемдесті, рахиттың ауыр формалары жойыл-ды. Алайда аурудын, жеңіл формалары жас балалар арасында қазіргі кезде әлі де басым болған күйінде қалып отыр. Рахит бала организміне қолайсыз ықпал жасайды. Тіпті жеңіл формаларының өзінде бала орга-низмінде елеулі алмасу ауытқулары болып, оньщ реак-тивтілігі күйін езгертеді. Организмнің қарсыласуы те-мендейді, рахитпен ауыратындар басқа да бірқатар, өтуі мен нәтижесі едәуір ауыр ауруларға үшырайды. Рахит-қа қарсы күрес — педиатрияның маңызды міңдеті.
Этиология. Рахиттын. бел алуына негіз болатын Д гиповитаминозы тамақпен бірге кальциферолдың (Д ви-тамині) жеткіліксіз түсуі салдарынан немесе онрң ор-ганизмде түзілуінің бұзылуы нәітижесінде пайда бола-ды. Емшек еметін балалар рахитпен сирегірек ауырады. Аралас және әсіресе қолдан тамақтандырылған жағдай-да балалардың онымен ауыруы едәуір көп. Бұған кальций мен фосфор тұздарын сіңірудегі айырмашылық себеп болуы мүмкін.,Емшек сүтінде кальций мен фос-фордьщ арақатынасы бұл заттардың сіңірілуі үшін мей-лінше қолайлы болады. Оның сиыр сүтінен белогының, майының құрамы мен сапасы, ретинолдың, аскорбиң қышқылы мен В тобы витаминдерінің мелшері жөнінеи де айырмашылығы бар, мұнық да маңызы аз емес. Ем-шек емген жағдайда бала кальциферолды көп қажет ете қоймайды.
І Құрамында кальциферол бар өнімдер көп емес, ол бауырда, жұмыртқаның сары уызында, балық майында, уылдырықта болады. Осы өнімдерді қосып, қосымша тамақтандырудың мезгілінде енгізілуі бала-организмін-де кальциферолды молайтады^ Қолдан тамақтандырғанда жиі байқалатын ас қорытудың бүзылуы рахиттың бел алуына себепші болады, бұған углеводтарға бай тамақ та жәрдемдеседілБалалардың ауада қысқа уақыт, жет-кіліксіз болуы да рахиттың бел алу себептерінің бірі болуы мүмкін. Әсірекүлгін сәуленің немесе кварц шам-ньщ ықпалымен теріде холекальциферол (Д3 витамині) түзіледі. ^
Рахиттын, этиологиясында жоғарыда, көрсетілген экзогендік факторлармен қоса, зндогендік факторлар да роль атқарады. Шала туған балалардың рахитпен көбірек ауыратъшы аңғарылады, мүнын, өзі организмде кальциферолдың белсенді формаларының түзіуіне катысатын ферменттік және транспорттық жүйелер бел-сенділігінің жеткіліксіздіігімем байланысты болуы мүм-кін. Негізгі қышқылдық жағдайыяың ацидоз жағына қарай ойысуы байқалатын бірқатар аурулар да рахит-тың бел алуына жәрдемдеседі. Олар пневмония мен ты-ныс жолдарыньщ вируфық жұқпалы аурулары. >Б/ала;-лардың рахитқа шалдығуына ішінің жиі өтуі, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық жағдайлардын, нашарлығы да себепші болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1-сабақ Уақыт туралы не білемін (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Уақыт
Оқу мақсаты: 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
- үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады.
Оқушылардың көбі:
- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
- сөйлем құрылысын сақтап, іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады.
Оқушылардың кейбірі:
- сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
- түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
- болған оқиғаны сипаттап күнделік жаза алады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Науырзым қорығы) (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы көрікті жерлер
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы көрікті жерлер(Науырзым қорығы)
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.4.2.1. Орфоэпиялық норма
Сабақтың мақсаттары: Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Классикалық музыка (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Театр өнері мен мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Классикалық музыка
Оқу мақсаттары: О8.2.7.1 - ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• Әртүрлі дереккөздерінен алынған ақпараттарға сілтеме жасау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы 4-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 6.1.2.1 – Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау;
6.3.1.11 – қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр, жыраулардың қызметтерін сипаттау
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0