Болған оқиға Флоренциядағы Грандук алаңының төңірегінде, ұмытпасам, Порта-Росса – деп аталатын шағын көше бар. Сол жерде жеміс дүкенінің алдында қоладан тамаша қылып құйған қабанның ескерткіші тұр. Қабанның аузынан мөп-мөлдір салқын су атқылайды. Ескерткіш әбден ескіріп қошқыл тартқан, тек тұмсығы ғана сырлап қойғандай жып-жылтыр. Өйткені қаптаған бала-шаға, үлкен кісі еңкейіп, аузын тосып, су ішкен сайын, әлгі тұмсықтан қолдарымен ұстайтын. Жартылай жалаңаш сүп-сүйкімді балалардың......
Қасқағым ғұмыры қалғандардың енді бұл жалғаннан жоғалтары жоқ.
Филлип Кино. Атис
Отаным мен туған-туыстарым туралы айтарым аз. Әділетсіздіктің әлегінен жат жерге қуылдым, ұзақ жылдар бойы шет жерде жүргендіктен — жат туыспын. Еншіме тиген мол мұра сол кездегімен салыстырғанда әжептәуір білім алуыма мүмкіндік берді, ал бойыма туа біткен алғыр зеректік жас шағымда талмай тырбанып жиған мағлұматымды жүйелеуге жағдай жасады. Мен бәрінен де немістің философ-моралистерінің шығармаларын оқуды жақсы көруші едім, әрине, онда мені қисынсыз қызыл сөз емес, логикалық ойлауға дағдыланған адамға олардың құрылысындағы жасандылықты оп-оңай шығаруға болатындығы шектен тыс ынтық ететін еді. Мені әдетте тақуалықтан таймайды деп айыптап, қиялымның қарымы үшін қылмыскердей кінәлайтын, мені жұрт қашан да Перронның ізбасары санайтын. Тұрпайы философияға тым әуестігім шынында мені де біздің ғасырымыздағы мейлінше кең таралған қателіктің құрбаны етті ме деп қорқамын — мен бұл жерде барлық құбылыстарды, тіпті оған қатысы шамалы құбылыстардың өзін сол ғылым принципімен түсіндіруді айтып отырмын. Жалпы айтқанда, мен сияқты адамдарды ырымшылдықтың алдамшы сәулесі еліктіріп, шындықтың шегінен шығады дегенге сенудің өзі қиын. Мен өз әңгімемді осындай шағын алғысөзден бастауды орынды көрдім, өйткені мен баяндағалы отырған бұл әдеттен тыс оқиғалар қисынсыз қиялдың нәтижесі емес, қайта қиялды құр жаңғырық пен жансыз әріптердің құбылысы деп біліп, оны мүлдем жоққа шығаратын адамның ақыл-ойының шынайы тәжірибесі болып табылады. .....
✅ Әр халықтың адамның жасына байланысты атаулар берген. Қазақ халқы адамның жасына қарай мынадай атаулар берген:
1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте, сәби 1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек 2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін 3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса 6 жастан 7 жасқа дейін – бала, балақай 8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек ......
Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген қауіп - қатер төнуі мүмкін. Бұл қатерлер бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен, еддегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен байланысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды басқарудан басқа да, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтары жүктелетіні сөзсіз. Бұл мәселе терең және көп қырлы болғандықтан, біз зерттеу жүмысымызда кәсіпорынның тек қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету сұрақтарына тоқталамыз. Қаржылық - экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіптік кәсіпорындардың әлеуетіне кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар өндірістен кетеді. Кәсіпорын алдына өзіне тән өндірістік қызметтерді орындауына байланысты өзінің жағдайын бағалау мен болжау сияқты, яғни кәсіпорынға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардан қорғау, қауіптілік индикаторларының мониторингі жүйесін құру, олардың шектерін анықтау, қатерлерге қарсы шаралар қабылдау сынды өзекті мәселе туады....
Қазақ әдебиетінің кеңес дәуірінде өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан және Абайтану ғылымы саласында өзіндік із қалдырған негізгі өкілдерінің бірі- З. Ахметов. Ғалымның қазақ әдебиетіндегі алатын орнын, жеткен жетістігін, шыққан биігін, өзіндік қасиетін жарыққа шығарып, өскелең ұрпаққа паш ету бүгінгі жас ұрпақтың еншісінде десек, біздің бүгінгі ғылыми жұмысымыз осындай ірі жұмыстың бір шеті ғана болып табылады. Жұмыста З. Ахметовтің қазақ әдебиетіне сіңірген еңбектері және оның маңызы тұрғысында сөз болады. Ғалымның Абайтану ғылымындағы жемісті еңбектері жинақталып нақтыланады және маңызы айқындалады. Зерттеудің өзектілігі. Біздің ғылыми жұмысымызда бүгінгі таңда зерттеу әлі де қолға алына қоймаған, кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінде жемісті еңбек еткен, артында мол мұра қалдырған ірі тұлға З. Ахметовтің салған сүрлеуін жарыққа шығару. Осының негізінде төмендегідей міндеттердің шешімін табуға талпындық: 1. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің негізгі көрсеткіштері, 2. З.Ахметовтің қазақ әдебиетіндегі өзіндік салған сүрлеуі, 3. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы, 4. З. Ахметовтің Абайтану ғылымындағы өзіндік қолтаңбасы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы. -Абайтану ғылымының өркендеп дамуындағы еңбектерді топтастырып бір жүйеге түсіру; -Егемендік алғанға дейінгі және егемендік алғаннан кейінгі Абайтану ғылымының өзара байланыстығының негізгі арналарын анықтап көрсету. Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу барысында сипаттама, жүйелеу, түсіндіру сияқты әдіс - тәсілдер пайдаланылд ....
Саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Сурет салу Мақсаты: Балалардың шығармашылық ынтасын ояту, түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істеу іскерлігіне баулу. Дамытушылық: Ұжым сурет салуға үйрету, балалардың шығармашылық қасиеттерін сурет салуға деген қызығушылық қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік: Балалардың табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезім - деріне тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: серуен - саяхат, ғажайып. Көрнекілігі: қысқы орман көрінісі, сурет салатын түсті қағаз, тіс пастасы, қол сүртетін шүберек. Блингвалдық компонент: қыс - зима, қар - снег. .....
Бөлімі: Сауат ашу және жазу Мақсаты: 1) «Дд» дыбысы және әріп таңбасымен таныстыра келіп, балалардың сөздің мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету; 2) Сөйлем ойлап табуына назар аударып, сөздік қорын толықтыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру. 3) Ертегі - саяхаты арқылы балалардың оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру. Көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе әріптер, касса, карточка, суреттер, текшелер .....
Стратегиялык проблемалар жөніндегі мамандар қашыктан оқыту формасын 21 ғасырдың білім беру жүйесі деп атап жүр. Бұл күні оған үлкен мән беріліп отыр. Бұрьш технологияларға бағытталған қогамдық прогрестің нәтижелерінің бүгінде ақапараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны кашыктан оқытудың маңыздылыгын арыттырды. Информатика дәуірі басталды. Оның қазіргі мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялык деп сипаттауға болады. Бүл ақпарат пен білімнің қатынас аймағы. Кәсіби білім тез ескіретіндіктен оны тұрақтытүрде жетілдіріп отыру керек. Қашықтан окыту формасы бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, озара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан баска, кашыктан оқыту жүйесі әлеуметтік жагдайына (окушыға, студентке, азматтар мен әскерилерге, жүмыссыздарға ...) карамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында түрса да адамның білім және ақпарат алу қүқығын камтамасыз етеді. Ел азаматының білім алу құқығын қамтамасыз етуде және қоғам қажеттілігін өтеуде, тек осы жүйе мейлінше тиімді әрі икемді. Жоғарыда айтылған факторларга сүйеніп айтқанда, мамандарды дайындау мен олдардың жоғары квалификациялық деңгейін үстап тұруда кашыктан окыту 21 ғасырдағы ең әсерлі жүйе болып табылады. Зерттелетін проблеманың мәнісі мынада: Қашықтан оқытудың нормативтік-кұкыктык негіздері кабылданбаған және жасалмаган; Осы себептен кашыктан оқытуға дәл анқытама беріп, оның теориялык жақтарын әртүрлі деңгейлерден қарастыру керек. Соңғы кездері педагогикалык әдебиеттерде кашыктан оқтудың педагогикалык проблемаларына көп назар аударылып жүр. Қолданыстағы алгашкы көздердің сипаттауларында гылыми көзкарас (терминологияны пайдалану, оны ашып көрсету, баст жәйттерді шығару және негіздеу, айтып жеткізудің ойға қонымдылығы) байқалады, бірак, әр жылдардагы авторлардың еңбектерінде кейбір сұрактар бойынша айырмашылыктар ....
Кіріспе. Қожа Ахмет Яссауи Ибраһимұлы ибн Махмұт (1104-1167) XII ғасырда Түркістан маңындағы Сайрам жерінде дүниеге келген көрнекті ақын. Түркістан X—XI ғасырларда Шауғар, XII—XIV ғасырлар арасында Ясы, ал XIV ғасырдан Түркістан деп аталған. Осы күнгі Сайрам жерінде Қожа Ахмет Яссауидің әкесі Ибраһим мен анасы Қарашаштың екі ағасы Латиф пен Мүстафақұлының мазары болған. Жасында атадан жетім калған Қожа Ахмет Яссауи Түркістандағы (Шәуілдір) апасының қолында өсіп жетіледі. Балалық шағынан ғылымға, білімге деген құштарлығы оянып, болашақ ақын Бұхар шаһарындағы мадан атты софыдан діни оқу үйренген. Хамадан Мервтегі селжүк сұлтандарымен тығыз байланысты болған. Одан иршат алған Ахмет Түркістан жеріне оралып, софылық кәсіпке түседі. Қазақ арасындағы кейбір аныздарда Ахметтің атасы Фатимадан тараған қожа, араб деп көрсетеді. Осы негізде оның тегін Ысқақбаптан таратушылары жоқ емес. Өзінің бесінші хикмет сөзінде ақын: «Затты ұлық қожам, сағынып келдім сені» дейді. Бірақ мұнымен Қожа Ахметті араб акыны деп дәлелдеуге болмаса керек. Оның сыйынып отырғаны — Арыстанбап. Жасында Ахметтің осы Арыстанбап тәрбиесінде болғаны туралы да деректер бар. Акынның Сайрам өлкесінде өскендігінде күмән жок. Ел аузында сақталған бір аңызда, оның әкесі Ибраһим Сайрамда егін салады екен. Бір күні егіннің отағын отап жатса, баласы келіп бір ауыз дұғамен отақ атаулыны жоқ кылыпты. Ахмет Түркістанға келіп асасын жерге шаншып қойса, сол жерден бұлак көзі ашылып, егіншілік кәсіпке жағдай туады екен.....