Күні кешеге дейін еліміздің, тарихынан кесіп тұрып орын алатын қазақтың біртуар ірі тұлғаларының атын атап олардың есімдерін құрметтеу былай тұрсын оларды ескеруден де қалдық. Оған себеп жетпіс жылдан астам билік құрған кешегі Кеңестік идиологияның әсері болатын. Шындығында да олар ескеруге лайықсыз ба еді? Осындай тарихи тұлғалардың бірі Жәңгір хан Бөкейұлы еді. Жәңгір .....
Карпат пен Хинган тауларының аралығындағы Еуразиялық құрылықта, 40-50 ендікте созылып жатқан ұлы даланы мекендеген әлемдік өркениетті дамытуға өзіндік сүбелі үлесін қосқан түркі тілдес халықтардың қашаннан бір тармағы болып келетін, тармағы болғанда "қазақ түрік емес, қазаксыз түрік түрік емес" деген мәтелге өзек болған түрік тектес халыктардың ең іргелісі казак халқы болып саналады. Оның тарихы да, тағдыры да осы ұлы даламен тығыз байланысты: сабақтас, .....
Хамит Ерғалиев(1916 —1997) (14.10.1916 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат селосында туған) — қазақ ақыны. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыған. Ұлы Отан соғысына қатысты (1941-45). Тұңғыш өлеңдері Гурьевтің облыстық газетінде 1936 жылы жарияланды. Ол көптеген өлеңдер, публицистикалық мақалалар, эпикалық поэмалар, прозалық шығармалар жазды. Шығармалары
Хамит Ерғалиев — 20-дан астам кітаптың авторы. Ақын шығармашылығының тақырыбы әр алуан. Ол қазақ халқының өткен өмірін, Октябрь революциясынан кейінгі азат заманның, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдан мен тылдың бірлігін, жауынгерлердің ерлігі мен тыл адамдарының еңбегін, соғыстан кейінгі коммунизмге қарыштай қадам басқан бүкіл халықтық қозғалысты жырлады. "Әке сыры" (1947) поэмасында ақын совет адамдарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы .....
Түсінде түсік көрді. Түсік — түсік емес, түсікке айналған мұның өзі. Бармақтай ғана жан иесі екен. Ештеңемен ісі жоқ. Жөнімен жүзіп жүр.
Жүзіп жүрген мекені — жатыр. Биттің қабығындай жұқа жатыр іші – жұмбақ әлем. Жұқа жарғақ жарылып кетердей толқып-толқып қояды. Жұмсақ құрсақ баяғы балалық шағында шаңырақта үрлеулі тұрған қарындай шайқала толқығанда, көгілдір әлемде балықтай жүзген бұл бесіктей тербеледі. Бірақ тұншықпайды. Емін-еркін тыныстайды.
“Япыр-ау! Баяғыда бұған тіршілік суда пайда болды деуші еді, сол рас болғаны да... Пенде де көлкіген көгілдір дүниеде жаратылады екен-ау!” деген бір сұм ой орала кетті. Денесіндей жіңішке, шағын емес, алдымен пайда болған жұп-жұмыр, жуан басына келген түсініксіз ойдан түсік селк ете түсті. “Астапыралла! Өзің кеше гөр, жаратушы ием! Мұндай мұндар ой қайдан ғана келеді, осы?! Осындай орнықсыз жерде... О, күнәһар!” деп өз-өзін жазғырып та қойды.
Әлгінде ғана адам еді.Түсік емес еді. Бауырымен жүзбей, аяғымен жорғалап жүрген: жер бетінде, күн өтінде... Енді мына бір көлкіген көгілдір әлемге тап болды. Не күн жоқ. Не ай жоқ. Не бір жұлдыз. Торғындай жұмсақ бірақ. Жанға жайлы, тәнге майлы. Емін-еркін жүзе бер, жүзе бер.
Түсікке айналған адам көк теңіздей көлкіген әлемде армансыз жүзе берді. Алаңсыз жүзіп жүріп: “Әлгінде ғана адам едім. Неге түсікке айналдым? — деген оқыс ойға тағы келді. — Ал енді, саптан қапқа тамып түсер тамшыдан емес, бірден адамнан айналған түсікті жайлы жатыры жатырқап, жатсынып қалса қайтеді?! Онда тұқымының тұздай құрығаны – жатсынған жатыр сылып тастағаны”.
Түсік дір ете түсті...
Құрсақ та кенет қуықтай қусырылып, жыландай жиырылып жазылды. Сонда ғана түсік ұлы қауіпті сезінді. Жатыр жатсынса, мұны бойға біткен арам без ретінде сылып тастайды екен. Ал арамның аты да, заты да арам. Бұл бірақ арам ба? Бұл адам еді ғой.
Адам еді...
* * *
Жатырдағы жұмбақ әлемде емес, жарығы мол жұмақ әлемде жүргенде ұрынды ғой бұл. Ұрынды. “Түсік” деген қол-аяғы жоқ домалақ пәлеге сонда жолықты.
Түсік түлкі бұлаңмен өткенін шолды...
Пендеге тән түлкі бұлаң тірлік кешкені рас. Түсікке айналмай тұрып жалғанды жалпағынан басты ғой, шіркін! Шіркіннің шылауына кім ілінбеді, шаңына кім ілесе алды?.. Құба күндер, құла түндер сынаптай сырғыды......
Қолында аша ағашы бар сұр кепкалы бала жақындай түссе де, балапан торғай бейқам отыра берді. Тек аяғының дәл астындағы шарбақ ағаш сақ ете түскенде, ол селт етіп, шошып қалды. Жантас екінші рет атып үлгіргенше, балапан торғай жөндалбаса ұша жөнелді.
Балапан торғай алыс шырқап ұша алмайтын еді. Кешенің ар жақ бетіндегі бір шоқ талға талып, әрең жетіп қонды. Жүрен кеудесіне сыймай дүрс-дүрс соқты.
Әккі Жантас ентелеп тағы жетті. Рогаткасын жүгіріп келе жатқан бойда оқтап алды да, қалт тұра қалып және атты. Тас бұл жолы зу етіп, балапанның төбесін жалап кетті. Ол көзін жыпылық еткізіп, бұға қалды.
Балапан торғай ұша жөнелді...
Жантас балапан торғайдың қыр соңынан қалмады, ауылды шыр айналдырып қуа берді. Өкпесі өшіп, әлсіреген балапанда көтеріліп ұшуға енді хал де қалмады.
Үрейі ұшқан балапан жүнін үрпитіп, дуалға жабыса түсті. Әлсіз аяқтары сырғанақтап, сүріне құлап «Аяшы!» Атпашы!» деп жалынғандай шыр-шыр етті. Бірақ без бүйрек Жантас оған құлақ аспады. Қол созым жерде тұрып атқылай бастады.
Кенет Жантастың арт жағынан:
— Әй, о немене? — деген дауыс саңқ ете қалды. Жалт қараса, Қожа жүгіріп келеді екен. Жантас балапанды тездетіп тағы бір атып жіберді. Егер осы атқаны да тимесе, онда бас салып, Қожадан бұрын оны ұстап алмақ......
Ата-ананың ең үлкен уайымы, ең негізгі мақсаты баласын ең жақсы түрде жетілдіру болып табылады. Бірақ кейде жақсылық жасайын деп отырып зиян тигізуі де мүмкін. Бұған мысал ретінде «Кезінде біз көрмедік осылар көрсін, біз қиналдық осылар қиналмасын» деген көзқарастағы тым қорғаушыл, тым балажан, баланың сұрағанын дереу орындап, шектеу, қағида қоймай, баланы еркін жіберетін ата-аналарды атауға болады. .....
• Майлы бояумен сырланған есіктер мен терезе жақтаулары 1 л суға 1 шай қасық мүсәтір спирті қосылған жылы сумен сабындамай жуылады.
• Терезе жақтауларын қысқа жылылау үшін саңылауларға шприцпен сұйық парафин құйыңыз. Парафин мен шприц ыстық суда қыздырылады. • Терезедегі қырауды кетіру үшін 1 стакан суға 2 ас қасық ас тұзы салынған ерітіндімен жуыңыз. • Терезеге қырау тұрмас үшін шынысын глицерин мен спирт ерітіндісімен (1:10) сүртіп қойыңыз. • Қатты кірлеген терезе шынысын жууға арналған ерітінділер: 1 л суға 1 ас қасық крахмал; 1 л жылы суға 2 ас қасық сіркесу; 1:10 мүсәтір спирті мен бор қосылған су. Жуғаннан кейін жұмсақ шүберекпен құрғатылып, қағазбен сүртіледі. • Шыны сүртілгеннен кейін 30 г су, 70 г глицерин және бірнеше тамшы мүсәтір спирті ерітіндісімен сүртіліп алынса, ұзақ уақыт кірлемейді. • Терезені ыстық немесе жел күндері жумаңыз, шынысы тез кеуіп, айғыз болып қалады. ......
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Мен бұл бітіру жұмыс ретінде осы тақырыпты таңдаған себебім, ауырлатылған жағдайда адам өлтіру қазіргі заманның қатігез шындығы, өзекті мәселе. Демографтардың айтуы бойынша жер бетіндегі халықтың жартысы өздерінің уақытынан бұрын қайтыс болады, олардың көбісі зорлықпен қаза табады. ХХ ғасырдың 90 жылдары бүкіл әлемде зорлықпен қайтыс болған адамдар саны 750 мың . Ауырлатылған жағдайда адам өлтіру басқа адам өлтіру қылмыстарынан ажырата білу өте қиынға соғады, тіпті осы салада көп жылдар тәжірбиесі бар қызметкер немесе заңгер кінәлінің әрекетін саралауда жиі қателеседі. Сондықтан мен бұл қылмысты жан – жақты зерттеп, мағынасын дұрыс барынша ашуға тырысамын. Әрі бұл жұмыс өте қызық. Адам өлтіру – жеке тұлғаға қарсы бағытталған зиянның ....
Мен Курыстық жұмысымның тақырыбын ,,Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы,, деп алдым. Қазіргі жағдайда капитализімге ауысу жолында қоғамдық меншікті жекелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып ұсақ және орта мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы бағытта ірі кәсіпорындар жойылды .Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісі туралы . Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардын болуы дүниежүзінің практикада экономикалық тиімді ісі болып табылады . Қазіргі замандағы экономикадағы ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты.Орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысы, көптеген факторлармен байланысты. Шынында ірі фирмаларда зор материалдық, финанстық, еңбек ресурстары және маманданған кадорлар бар . Олар жоғары дәрежеде ғылыми – техникалық жаңа әдістер қолдана алды. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын және орта дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алады .Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін, жұмыс салаларында пайда болады .Шағын және орта кәсіпорындар, әсіресе ғылыми жұмысты көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болды. Шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы,клиентердің сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорынға,өндірістік және дербес тұтынудың сұранысының бөлінуімен байланысты өркендейді. Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді: • Бәсеклестік орта өркендейді • Қосымша жұмыс орны пайда болады • Тұтыну секторы ұлғаяды Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықта тауар және қызметтермен толтырады, экспорттың потенциалын артырады және мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде мңызды орын алады. Олтек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты механизімдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері және адамдар болуы да мүмкін.....