Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Өзгеру ешқашан кеш емес (5 сынып, III тоқсан )

Сабақ: Қазақ әдебиеті
Бөлім: Адамгершілік – асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Өзгеру ешқашан кеш емес
Оқу мақсаты: 5.Б/С1.Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау
5.А/И2.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.
Сабақ мақсаты:
Шығарманың бөліктері арқылы эпизодтардың өмірдегі сабақ болатын тұстарын анықтау
Автордың кейіпкер жасау шеберлігін ескере отырып, осы тақырыптағы әлемдік шығармамен салыстыру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау Мұхтар Әуезов «Әбілмансұр» (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы:Шығарманы мазмұндау Мұхтар Әуезов «Әбілмансұр»
Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар шығарманың мазмұнын түсініп оқиды, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді, шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша таңдауына қарай мазмұндайды.
Көптеген оқушылар: шығарманы іштей, қажетті ақпаратты тауып оқиды, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздердің үлгілерін қолдана отырып жеткізеді, шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша толық мазмұндайды.
Кейбір оқушылар: шығарманы сын тұрғысынан бағалап оқиды, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып еркін жеткізе алады, шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша өз бетінше мазмұндайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау «Шайтанкөл» (Мысал) (4 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлімі: Менің Отаным – Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау «Шайтанкөл» (Мысал)
Оқу мақсаттары: 4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу
4.2.8.2 көркем шығарманы басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм, кинофильм) нұсқасымен салыстыру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды, мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу, ондағы эпизодтарды кинофильм нұсқасымен салыстыру.
Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды, мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдей алады, ойларын негіздейді
Кейбір оқушылар: негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігіне сүйеніп, ондағы эпизодтарды кинофильм нұсқасымен салыстыруда өзінің көргені бойынша байланыстыра алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Саңырауқұлақтардың морфологиялық сипаттамасы

Саңырауқұлақтардың морфологиялық сипаттамасы.
Саңырауқұлақтар және қарапайымдылар эукариоттарға жатады. Саңырауқұлақтар ірі бактериялар, эволюциялық жағынан өсімдіктерге ұқсас ( жасуша қабырғасында, хитин немесе целлюлоза , вакуолі жасушалық шырынмен, ауысуға қабілетсіз). Саңырауқұлақтардың ядролық материалы цитоплазманың ядролық мембранасынан бөлек. Ащытқы саңырауқұлақтар жеке сопақшалы торшалар түзеді. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Алтынайұлы Қарасай

Алтынайұлы Қарасай (1598-1671) — қазақтың қаһарман батыры, әйгiлi қолбасшысы, есiмi Шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнектi тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегiнде Қарасаз деген жерде дүниеге келiп, Арқа жерiнде Көкшетау үшiн болған қанды шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы айыртау сiлемiнiң Құлшынбай деп аталатын төбесiнен бұйырған. Қасына өзiнiң қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс-шапырашты Қарасай батыр мен арғын Ағынтай батырға және олармен бiрге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбездi кесене орнатылған (1999).
Қарасай батырдың шыққан тегi ұлы жүз Шапырашты. Шежiре дерегi бойынша, Шапырашты Шам (Ыстық), одан Малды, Желдi, Қалды есiмдi үш ұл туады. Малдыдан Екей, Емiл есiмдi екi ұл туған. Емiлден Жайық пен Есқожа туған. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш есiмдi үш ұл туған. Алтынайдың үшiншi әйелiнен
.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Ұлытау мұражай қорығы

Ақселеу Сланұлы Сейдімбеков бұрыны Жезқазған, қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданына қарасты «Дружба» совхозына 1942 жылы дүниеге келген. 1962 жылдан 1968 жылға дейін Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқып журналистика факультетің бітіріп шыққан. «Лениншіл жас» газетінде меншікті тілші, мұнан әрі «Социалистік Қазақстан» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің болған. «Орталық Қазақстан» газетінде жауапты секретарь болып қызмет атқарған, ғылыми көпшілік журнал «Білім және еңбектін» бас редакторы болып қызмет істеген. Қазіргі кезде Астананың тұрғыны, «Азия транзит» журналындағы ақылдастар алқасының мүшесіне кіреді......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Секіртпе

Секіртпе (Bradsot) — қойда болатын өте жұқпалы ауру. Ауру малдың аяқ асты өліміне соқтырады. Қоздырғышы — спора түзетін анаэробты микроб (Clostrіdіum septіcum). Секіртпе кенет пайда болады. Аурудың аса жедел түрінде мал қалтырайды, іші кебеді, аузынан көбік ағады, мұндай жағдайда 10 — 15 минуттың ішінде қой өліп кетеді. Секіртпенің аса жедел түріне ем қонбайды. Ал жіті түрінде — малдың мойын тұсында және тамағының астында ісік пайда болады, кейде тістерін қайрап, бір орнында айналшықтайды, қалтырайды. Ауру қозған кезде қойлар аяқтарын алға созып, бастарын шалқайтып құлайды, 2 — 12 сағаттан соң өледі. Секірпемен көбіне 2 жасқа дейінгі жас төлдер ауырады. Ауруды негізінен ауру және қайта ауырған қойлар қоздырады. Секіртпемен ауырған малдың 90%-ы өледі, өлген малдың өлімтігін өртейді. Емі: ауру созылмалы болса, көпәсерлі антибиотиктер, иммунді қан сарысуы қолданылады. Секіртпе шыққан отардың қонысын өзгертеді.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Мұстафа Шоқай | Түркия Кеңес достығы

(Уәли Нұралдин бектің мақалаларына орай)

Ыстамбұлда шығатын «Хабар» атты газетінің (14 және 15 і желтоқсанда шыққан) екі санында Уәли Нұралдин бектің мақаласы басылып шықты. Олардың екеуі «Дүние жүзіндегі түріктер ...танысыңыз!», біреуі «50 миллион түрік бұқарасы қауіп астында» деп аталады.

Аталған мақалалардың мазмұндары олардың аттарынан да анық көрініп тұр. Бұлар Нұралдин бектің кезінде «Яш Түркістанға» көшіріп басылған (48-санына) екі мақаласының жалғасы іспетті. Уәли Нұралдин бек түрік баспасөзі беттерінде түрікшілік мәселесін өз деңгейінде көтеріп, жүрген бірінші және қазіргі кезде бірден-бір түрік қаламгері...

Түркия сыртында әмір сүріп жатқан түріктердің жағдайларынан хабар алып тұру, олармен қалыпты қарым-қатынас жасау мәселесі әлдекімге немесе Түркияның әлдебір елмен орнатқан саяси байланыстарына қарсы бағытталған дұшпандық әрекет емес. Осылай деп есептелетін болса, мұндай көзқарас Түркияның таяудағы, өткінші мүдделеріне болса, оның алыс болашақты көздейтін идеологиялық негіздеріне немқұрайды қарағандық болып шығар еді. Кеңес Одағы шекарасы ішіндегі Түрік автономиялары бастан кешіріп отырған қайғы-қасіретін кеңестік құрылым мен Түркия арасындағы достық - ынтымақ арқылы үйлестірмек болып жүрген Уәли Нұралдин бек мұны жақсы біледі.

Кеңес құрылымы мен Түркия Республ.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Лайбаран


Иттен туып, іннен шыққан...

Дүрмегі мол дүр дүниеге дауа бар ма?! Ит етін жеген... жо-жоқ, ит етін жегізген итіс-тартыс қоғамда тірлік кешіп келеді. Ит болып, итаяққа тиіп жүргені тағы рас. Ит секілді жуынды-шайынды да емес, күл-қоқыстан қи терген қара қарғадай қалған-құтқан жұлмалап жүргені де шындық. Бірақ иттен туып, іннен шықпағаны хақ! Адамдар алшаңдай басқан қиямпұрыс қоғамда өмір сүріп жатқаны ақиқат.

“Иттен туып, іннен шыққан хайуан!” деді-ау! Өңешіне өт құйып жібергендей болды. Отыздың бел ортасына жеткенше талай тәлкек сөзді естісе де, дәл осындай кере кемсітушілікті құлағы шалмаған. БОМЖ* болғалы былапыт сөз бен былғаныш жер бұған жуық. Бірақ төбесінен балқыған қорғасын тесіп өткендей өзгеше бір сезім тұла бойын тіксінтіп, қара құсынан қара бақайына шейін қақ айырды. Құтты жай оты жарып өткендей болды.

Осы бір отты сезім Әкөннің өліп бара жатқан жан дүниесін астаң-кестең етті...

Мұның ар жағында әлдеқашан сөніп қалған намыс оты үрлеген шаладай шоқтанды. Иван-кочегардың көзі өңменінен өтіп, сөзі шымбайына батып кетіп еді... Қасындағы Болат-бұзау болса жұмған аузын ашпайтын әдетімен есінеп қойған.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Балалар БОЛАШАҒЫМЫЗ

БОЛАШАҚ ҰРПАҒЫМЫЗ ҮШІН 5 МИНУТЫҢЫЗДЫ БӨЛІП, СОҢЫНА ДЕЙІН ОҚЫП ШЫҒУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫН!

Қазіргі таңда бала тәрбиесіне көңіліңіз тола ма? Болашағымыз - балаларымызды дұрыс тәрбиелей алып жүрміз бе? Балаларымыздың тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлудеміз бе? Бұл сұрақтарға өзіңіз іштей ойланып, жауап беріп көріңіз. Ал, мен өзімнің тәжірибем бойынша түйген бірнеше ой-пікірімді сізбен бөлісіп көрейін.

Біздің қоғамда ата-аналардан «бала тәрбиесі дегенді қалай түсінесіз?» деп сұрасаңыз, көбінен «қарны тоқ, көйлегі көк, ел қатарлы өмір сүріп жатыр, басқа не керек?» деген жауап естисіз. Яғни, біз балаларымыздың жағдайын жасап, өз ортасында ұялмай жүре алуы үшін барымызды саламыз. Жағдайымыз қатты мәз болмаса да, «балам мұңаймасын» деп қалаған телефонын да алып беруге дайынбыз. Тіпті, көптеген ата-аналардан «соңғы киімімді сатсам да сені оқытамын, қатарыңнан қалдырмаймын» деген сөзді естисіз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0