Ғылыми жұмыс (жоба): Музыка | Сыйкәделік шертер аспабы

2. Тапсырманы орындауға бағытталған ой, еңбек, технологиялық іс - әрекеттерді дұрыс жүргізе білуге үйрету;
3. Оқушы мен мұғалім арасындағы шығармашылық қарым - қатынас жүйесін қалыптастыру.
4. Атқарған істерінен қанағат алуын көздеу.
Барысы:
Технология кез - келген өндіріс саласында белгілі бір өнімді жасап шығару үшін атқарылар жұмыстың, ережелердің және дағдылардың жиынтығы дейтін болсақ, «Технология пәнінде оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасауға бейімдеу» тақырыбының « Жоба» зерттеу нысаны мұғалімнің жұмысының жинақталуы және белгілі бір нәтижеге бағытталуын көздейді. Сонымен қоса оқушының ізденіс, зерттеу, дамыту жұмысын жүйелі түрде жүргізуіне үлкен көмегін тигізеді.
«Жоба» ізденіс жұмысы реттілікті және « Не істеймін, қалай істеймін, кімдер үшін» деген сұрақтарға оңай жауап табуға көмектеседі. Жобаның құрылымын әр тарауға арнап белгілі бір бөлігін өзгертуге болады. Одан жоба жүйесі бұзылмайды. Өйткені «Конструкциялық металл материалдарды өңдеу технологиясы» тарауы мен «Сәндік қолданбалы өнер технологиясы» тарауы жобасы бөлек, «Жеміс - көкөніс дақылдарына» арналған, кәсіпке арналған жобалар бөлек болады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Психикалық және физикалық дамулар

Зерттеулер нәтижелері көрсеткендей күрделі кемістігі бар балалардың саны аса көп емес, бірақ тәжірибелі дефектологтардың тұжырымы бойынша, арнайы мекемелерде осы балалардың саны 40% құрайды. Сондықтан, осы балалардың ерекшеліктерін білу, арнайы мекеменің жұмыс істеу әдістемелерінің нәтижесі болуына өте қажет. Осы балаларды толық зерттеп, және олардың ерекшеліктерін жақсы білу оларға тек түзету, дамыту әдістерін қолдану үшін ғана қажет емес, сонымен қатар олардың келешекте жағдайларының нашарлауының алдын – алу үшін де қажет.

Зерттеудің мақсаты: Бұл зерттеудің негізгі мақсаты болып күрделі кемістігі бар балалардың психикалық ерекшеліктерін зерттеу, бір ғана кемістігі бар баланың және бірнеше кемістігі бар баланың психикалық айырмашылығын көру. Ол бірнеше кемістіктің пайда болған себептерін анықтау және олардың оқыту принциптерін қарастыру.

Зерттеудің міндеті: Осы аталған мәселе бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Зерттеудің теориялық мәні: Арнайы психологияның күрделі кемістігі бар балаларды оқытудағы бар кемшіліктерді анықтау, оны балалардың психикасына әсер етуін зерттеп білу.

Зерттеудің практикалық мәні: Күрделі кемістігі бар балаларды оқыту біздің елімізде енді 10 жылдың ішінде қолға алынып жатқан мәселелердің бірі болып саналады. Олардың барлық психикалық
ерекшеліктерін мамандар әлі қарастырып зерттеп болған жоқ. Өйткені, кемістіктер әртүрлі болып келеді және де олардың түрлері көп. Бұрында егер күрделі дефектісі бар бала оқытылмайды деген атқа ие болса, ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Банктің инвестициялық операциялары

Банк қызметіндегі инвестициялаудың өзіндік ережелері бар. Кең мағынада, банктік инвестиция – пайда табуында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы.
Ал тар мағынада, банктік инвестиция – табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.
Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп негізгі капиталға жұмсаған қаражаттарды да түсінуге болады.
Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп негізгі капиталға жұмсаған қаражаттарды да түсінуге болады.
Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жасау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфельдің құрылымын оңтайландырудан тұрады.
Банктердің инвестициялық саясаты – банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелігін немесе пайдалығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамассыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталған шаралар жиынтығы .
Банктің инвестициялық саясатының басты бағыттары мынадай бөлімдерді қамтиды:
* инвестициялық саясаттың басты мақсаты;
* баланс активі мен пассивіндегі квазиинвестициялық операциялардың шегін (үлесін) анықтау;
* инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен атқарушылардың жауаптылығын;
* инвестициялардың құрамы мен құрылымы;
* бағалы қағаздардың сапасының деңгейінің және өтеу мерзімінің тиімділігі;
* инвестициялар портфелінің диверсифиакциялануына қойылатын негізгі талаптар;
* потрфельдің құрамына түзетулер енгізу механизмі;
* сақтау тәртібі және сақтандыру механизмі;
* пайдалар мен зияндардың есебі;
*компьютерлік қамсызданлыру бағдарламалары.....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Маған ұнайтын түстер (1 сынып, 2 бөлім )

Пән:қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өзім туралы»
Сабақ тақырыбы: Маған ұнайтын түстер.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Тыңдалым тәсілдерін қолдану
Баяу және анық айтылған сөзді тыңдап оған сәйкес әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау), хабарлы сөйлемнің интонациясын ажырату.
Орфоэпиялық нормаларды сақтау.
Мұғалімнің көмегімен қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялау.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
• Кейбір сөздерді түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі:
Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс дыбыстап айтып қолданады.
Кейбір оқушылар:
• Сөздердің орын тәртібін сақтап айтады ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қыздың сұлулығы неде? (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жасөспірім және заң
Сабақтың тақырыбы: Қыздың сұлулығы неде?
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.6.1 коммуникатив тік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу
8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып тезис құрастырып жазу
Сабақтың мақсаттары: Мәтінге өзгеріс енгізу арқылы жеке көзқарасын білдіру.
Символ мен кейіптеу түрлерін орынды қолдану......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

22 қыркүйек Қазақстан халқының тілдер күні қарсаңында...

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Рухани - адамгершілік тәрбие балабақшадан басталады. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі - жас ұрпаққа ұлттық патриотизмді қалыптастырып, адамгершілік – рухани тәрбие беру. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім....
KZ
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан «Қайта құрудың» бастапқы кезеңінде (1-сабақ) (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ҚР дамуы (1997 ж-бүгінгі күнге дейін)
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан «Қайта құрудың» бастапқы кезеңінде (1-сабақ)
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның «Қайта құрудың» бастапқы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтау
Оқу мақсаты: • 9.4.2.2 – нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарға әсерін талдау;
• 9.4.1.4 - аграрлық секторды модернизациялау бағыттарын талдау;
• 9.4.2.4 - сыртқы сауданың экономикаға әсерін зерттеу
• 9.1.2.1 – қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистикалық деректердің негізінде талдау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Авторадиография

Авторадиография (autoradiographies грек, autos — езім, өздігінен; лат. radio — сәуле; грек, grapho — жазамын) — зерттеу нысанындағы (жануарлар немесе өсімдік жасушалары, үлпалары, ағзалары) белгіленген радиоактивті изотоптардың жинақталу мөлшерін талдауға арналған цитологиялық әдіс. Зерттеу нысандарына енгізілген радиоактивті изотоптар жасушалардың, ұлпалардың немесе түрлі ағзалардың жұқа жонындылары бетіне қойылған радиоактивті сәулеленуге сезімтал фотоүлбір эмульциясы қүрамындағы бромды күмістің күмістенуіне, яғни таза күмістің түзілуіне эсер етеді. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Планетадағы заттардың айналымы Өзектілік қағидасы

Планетадағы заттардың айналымы. Өзектілік қағидасы

Жердің затымен төмендегі негізгі үш түрлі ішкі процестер үнемі жүрген және қазір де орын алып отыр:

1. Біз атқылаған вулкандардан лава түрінде бақылайтын, балқыған тау жыныстарының (магмалардың), ыстық заттардың қозғалысы.

2. Біз жыныстардың жоғары, төмен немесе жан-жаққа қозғалыстары арқылы ой - қорытынды жасай алатын қатты жынытардың қозғалысы.

3. Жердің терең қабатында орналасқан жыныстардың аса жоғары қысым және температура әсерінен әртүрлі өзгерістерге ұшырауы (бір түрден екінші түрге айналуы).

Сыртқы үрдістер Жердің қозғалмалы екі қабаты - гидросфера мен атмосфераның әсерлерінен жүреді. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Әбекеңнің сағаты


Бұл соғыс уақыты. Сүмбе дейтін жерде жеті жылдық мектепте мұғаліммін. Ер мұғалімдер аз, үшеу-төртеу ғана. Kөпшілігі әйел мұғалімдер.

Ішімізде жасы қырықтан ары еңкейген Әбдібай дейтін мұғалім бар. География пәнінен сабақ береді. Басқамызға қарағанда ересек ақсақалымыз болғандықтан біз оны сыйлап, Әбеке деп атаймыз.

Әбекең шарын денелі, әлжуаз сары кісі. Бет бітімі ұсақ, қолдары әйелдің қолы тәрізді кішкентай. Біреумен амандассақ қолын ала жүгіретін әдеті бар. Сөлбірейген ұзын жеңнің ішнен саусақтарының үшін әрең тауып ұстағанда, ап-арық, жіңішке саусақтары шүршиіп уысыңызға жұғып болмай қалады.

Жазы-қысы бірдей Әбекең шала туған баладай дімкестеніп, жанын күйттеп, қалың киініп жүреді. Әсіресе, қыстыгүні үйіндегі бар киімін үстіне қабаттап жапсырып алады.

Әбекеннің өзге мұғалімдерден бір артықшылығы — оның сағатының барлығы. Әбекеңнең басқа бір де бір мұғалімде сағат жоқ.

Мектепте бір сағат бар, арзанқол қабырға сaғат. Мұғалімдер бөлмесінің төр қабырғасында ілулі тұрады. Мінезім адам түсініп болмайтын ит сағат. Кейде кәдімгідей сақылдап жүріп тұрады, ел кейде мелшиіп тоқтап қалады. Ондайда оған жүр тізбек болып, мұғалімдер істемеген айланы істейді. Шаңға толып кеткен ішкі механизмін тазартып, табылса, машина майымен майлайды, табылмаса, шамның ішіндегі жермайдан құяды. Оған да жүрмесе, тасына тас қосып байлап, ол да па дық етсе, сыртқы есікке салынатын үлкен қара құлыпты қоса таңып тіркеп, әйтеуір қалай да жүрмесіне қоймайды.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0