Арапа күні – күндердің ең қадірлісі. Сол күні жасалған ізгі амалдардың сауабы бірнеше еселеніп беріледі. Расында, оның нағыз мөлшерін Алладан басқа ешкім білмейді. Дәл сол сияқты, ол күні жасалған күнәлар да бірнеше еселеніп жазылады.
Арафат тауына келер болсақ, ол – Алла Тағаланың қажыларға тарту еткен жері, ал Арапа күні – Алланың, олар қай жерде болмасын, Өз құлдарына берген сыйы. Сол себепті, қажылық жасай алмай, Алланың....
Ертеде барлық Сібірді билеп-төстеп жүретін бір Байқал деген бай адам болыпты. Оның байлығына қоса, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс екен. Байлығына батырлығы сай болып, барлық Сібірді аузына қаратыпты. Сондықтан Байқалдың лақап аты «Сібір» атаныпты.......
«Таңертеңмен бір сұлу қыз суға барады о-о» деген ән біздің ауылда өтпейді-ау. Жо-жоқ, ауылдың қыздары ұсқынсыз деп тұрғам жоқ. Оның орнына «таң ертеңмен бір көк есек суға барады» деген жөн. Бізде есектің арқасына екі флягті артады да жібере салады. Жай басып ол бейшара құдықтың басына қарай өзі кетеді.
Осы біздер «Миы жоқ ЕСЕК» деп ұрсып жатамыз, ал ол бейшараның миы болмаса суға өзі бармас еді ғой. Құдықтың басына барады да тұрады салбырап, «қашан нетеді, қашан су құйып береді» деп. Шлангіні салып су құйсаң, қайта кетеді үйіне қарай. «Есектің өзі арам, еңбегі адал» деген. Ал біздің үйде есек жоқтұғын. Су әкелу сары айғырдың мойнында. Өзі асау айғыр. Онымен суға барған-экстрим. Біздер-вольный смертниктерміз. Көшеде өзімен өзі, ешкіммен шатағы жоқ ұшып жүрген салафан, қағаздардан үркіп, байтал көрсе шайтан көргендей делебесі қозып тұратын. Жазда арқасына екі флягты байлап, қыста дәәәу ат шанаға 6 флягты, 2 кателок, 1 бедон, 1 шәйнек...т.с.с салып алатынбыз. .....
Ертеде Атырау бойы тұрғындарының батагөй ақсақалы – Бақан дейтін балықшы қарт болыпты. Күн райын бақылап, дауыл мен жауын-шашын болатын күндерді алдын ала болжап отыратын көреген кісі екен. Күндердің күнінде Атырау бойына бір саудагер шал келіп, сол арадан қоныс тебеді. Оның да аты Бақан екен. Әлгінің қулық-сұмдығын байқаған жұрт: — Саудагер Бақан деген аттан садаға кетсін. Ол Бақан емес, бақалшы, – депті де солай атап кетіпті.......
Топ – топ. Қаз-қаз басқан екі аяқ – тас жолмен ілгері жүріп бара жатып – қалт тоқтады. Әдетте шалқасынан ашық үлкен жарма қақпа бүгін тиегінен байланып жабық тұр. Ол кідіріп, дағдарып қалды. Топ, екінші аяғын көтерді, топ. Сосын, қапылыс топылдап қайта жүріп бара жатты. Бәтеңкенің жерге тиген дыбысы құмығып шығады. Топ. Жөпелдемеде топатайды қағып, сүрініп кетті, алдына тізерлей құлады. Әдемі топы ақырын сырғып, басынан сыпырылып түсті.
Жерден созалаңдап тұрып, еңселі дуалға түсінбей көз салды. Қарсы алды тегіс бояма, әсем сырланған биік тақтайлар. Белдік темір бекітіп тастаған – зілдей, тастай берік дарбаза. Тыстан әредік жайдарман топырлап өтіп бара жатқан топ-топ балалардың ертеңгі ауа райын топшылаған майда, жарқын дауыстары естіледі. Көне топографияны, қадім заманды әңгіме қылады. Ертедегі уақыт, өткен дәуірде – жаһанда тынымсыз күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Дауылдап, борап жауған бұршақ толастамайды, ғаламды жаңғырыққан күшті дабыс көміп кетеді, тұс-тұстан әлемдік тасқын құйылып, топан су кең байтақ жазық өңір қыр далаға аңдыздап қаптап, дүниежүзін сел басқан деседі. Жайма-шуақ күлкі, шат үндер бірсін-бірсін алыстап, жойылып барады. Ол іркіліп, айналасына зер аударып, абайлап төңірегін шолды.
Қымбат тастармен кестелеп шимайлаған топы Close-Up мөлшерінде ірілене көрінді. Red One жүзін сипай жылжып киіміне тоқтады да, ескі бәтеңкесіне ауысты, сосын шұғыл тайқып, шегініп кетті. Кадрда дала келбеті ашылды, мөлдіреп жалпы кескін шықты. Әлсіз үн, көмескі сыбдыр, күңгірт дыбыс тегіс жаңғырып анық жазылады.
Аудармалық өрнекті Абай тек орыстың классик поэзиясын қотаруға жұмсайды. Байрон, Гете сияқты өзге Европа елдер классиктерінен бірер өленді аударса, оны да Лeрмонтовтың аудармаларынан алып қазақшылайды. Анық орыс классикгерінен Абайдың аудармалары: Крыловтың бір топ мысалдары, Пушкиннің "Евгений Онегинінен" алып аударған үзінділері және Лермонтовтан жасаған көп аудармалар. Тағы бір жалғыз өленді Буниннен аударған. Ең соңғы зерттеушілердің айтуынша, А. Мицкевичтің кейбір өлеңдеріне үйлес келетін аз аударма да бар делінеді.
Абай жинағында бөлек аттармен әр жылдарға бөлініп бастырылған аудармалардың барлық саны — қырықтың ішінде. Сол қатарда Крыловтың төрт-бес мысалын аударган. Лермонтовтың өз шығармалары мен аудармаларынан алганын қосқанда, отызға жуық өлең аударган.
"Евгений Онегиннен" жасалған аудармалар Абайдың толық жинағында бұрынғы Мұрсейіт қолжазбасында жекеше аталып журген ретпенен жеті бөлек болады.
Міне, қазір біздің жалпы түрде тексеріп өтетініміз — Абайдың осындай мұрасы. Ақындық еңбегінің айрықша тарихтық, мәдениеттік және ағартушылық өзгеше бағасы бар зор еңбектері.
Енді жеке ақындардан жекеше жасаған аудармаларды айрықша талдаудан бұрын, біраз жалпы ойлар айта кету керек. .....
1.1.Алакөл ойысының географиялық орны, аумағы және шекарасы Алакөл ойысы Қазақстанның оңтүстік – шығысында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі және Алматы облысының солтүстік – шығыс бөлігі осы ойыс үстінде жатыр. Алакөл ойысының көлемі 30000 км 2 -қа тең. Ойысты үш жағынан таға тәріздес жоталар қоршап жатыр. Солтүстігінде – Тарбағатай, оңтүстігінде – Жоңғар Алатауы, ал шығысында Барлық және Майлы жоталары орналасқан. Алакөл ойысы батысында Балқаш ойысымен, ал оңтүстік шығысында тау аралық өткел – Жоңғар қақпасы арқылы Қытай халық Республикасының территориясындағы Ебінұр көлінің ойысымен ұласады. Ойыс өзінің пішіні жағынан көп бұрыштылығымен және тегіс еместігімен ерекшелінеді. Ол оңтүстік – шығыстан солтүстік –батысқа қарай 300 км-ге созылып жатыр. Оның жазық бөлінің ені оңтүстік – шығысында 10 км – ден, солтүстік – батысында 100 км – ге, ал орталық бөлігінде Жоңғар Алатауынан Тарбағатай жотасына дейін 150 км – ге дейін барады. Алакөл ойысының жазық бөлігінде үстірттер мен ұсақ шоқы тәріздес жекелеген аласа таулар кездеседі. Ойыстың оңтүстік бөлігінде, яғни Жоңғар Алатауының батысындағы аласа таулар Сайқан, Арқарлы – Арғанаты, солтүстігінде яғни Тарбағатай тауының оңтүстігінде батыстан-шығысқа қарай Сиректас, Көрпебай, Жайтөбе, Бахты, Балтабай – Арқарлы және тағы да басқа аласа таулар орналасқан. Ойыстың аласа бөліктері – Алакөл және Сасықкөлдегі аралдарда палеозойлық ірге тастары жер бетіне шығып, жекелеген төбе болып кездесіп отырады. Ойыстың көп бөлігі құмды массивтермен көмкерілген. Сасықкөл көлінің оңтүстік- батысында Қарақұм, Сарықұмдар бірте-бірте Тасқара құмдарына ауысады. Алакөлдің солтүстік шығысында Биікқұм, Бармаққұм және тағы да басқа құмдар жатыр. Алакөл ойысының жазақ бөлігі тау алды беткейлерде 800 м – ден батып, Алакөл көлінің бассейндерінде 347 м – ге дейін төмендейді. Алакөл ойысы Солтүстік Кавказ тауларымен, Қырым түбегімен, Румыниямен, Солтүстік Италиямен, Франциямен бірдей бір ендік бойында жатыр. ....
Кіріспе Еліміздің халық шаруашылығында жеміс-жидек және жүзім өсімдіктерінің маңызы зор. Жеміс пен жидек және жүзімде жеңіл сіңімді қант көп. Алма мен алмұртта қант 13—14% дейін, жүзімде 20% дейін болады. Жемісте белок, май өте көп және ол өзінің калориясы жағынан еттен кем түспейді. Витамикдер әсіресе қарақатта, бүлдіргенде, алмада мол болады. Сондықтан да олардың халық шаруашылықтық маңызы да өте үлкен. Жүзім, бүлдірген, алма, қарақат бағалы және пайдалы азық қана емес, сонымен қатар бұлардың емдік қасиеттері де зор. Жеміс-жидек тамақ өнеркәсібі үшін өте бағалы шикізат. Тосаптың, джемнің, мармеладтың, пастиланың, конфеттің, компоттың, шырынның және басқа тағамдардың түрлі сорттары жидектен, жемістен және жүзімнен алынады.....
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, Шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев есімі елге ғана емес, әлемге белгілі. Ол өз басына дарыған жігер - күш пен ақыл - парасатын шығыс халқының кемел келешегіне бағыттады. Егер сарғайған тарих парақтарына көз салсақ, он бес жасар баланың аласапыран кезеңде мәртебелі де лауазымды ұйымның мүшелігіне қабылдануы тектен - тек болмаса керек. Тұла бойы қайсарлық пен қайратқа, намыс пен жігерге, ойы ақыл мен парасатқа толы Ғани шығыс жастарының кемел келешегі үшін өмірін сарп етті......
Кейде адамның бірнеше уақыт бойы мазасыз күйге түсетіні бар. Ондайда адам қалжырап, тез шаршағыш болады, ұйықтай бергісі келеді, тіпті басы айналуы да мүмкін. Мамандар мұндай мазасыздықтың себебін ағзада витамин жетіспеушілігінен болатынын айтады. Ал ағзада қай витаминнің жетіспейтінін қалай білуге болады?
* А витамині жетіспегенде тері құрғап, түрлі қабынулар пайда болады. Тамаққа тәбетіңіз болмай, түнге қарай көздің көруі нашарлайды және түйіліп ауыратын болады. Бұл Сіздің тамақ рационыңызда майдың аз болуының белгісі. Артық салмақтан арылу үшін қатаң диета ұстаған адамдарда көбіне витаминнің осы түрі жетіспейді. Себебі диета кезінде адамдар А витамині мен майларды жеуден бас тартады. Ал бұл витаминнің ағзаға майсыз сіңуі мүмкін емес. Мұндай жағдайда көкөністер мен ірімшік қосылған омлет жеген пайдалы. Оның қуаты аз, бірақ май жеткілікті. Сондай-ақ А витамині бауырда, сары майда, жұмыртқаның сарысында, қаймақта, балық майында болады.......