Ұлы Дала төсінде еркін көшіп, ен жайлаған байрақты бабаларымыз тоқымына басар жалғыз атын ел шетіне жау тисе, ер басына күн туса деп сақтайды екен. О шетінен, бұ шетіне дейін қыран қанаты талатын, сызып қойған шекарасы болмаса да «атажұрт», «атакүлдік», «кіндік қаны тамған жер» деген......
Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды. .....
ХІХ ғасырдың соңында клетка құрылысының зерттелуіне байланысты ядро мен оның құрамындағы хромосомалардың тұқым қуалаушылыққа қатысы бар екені анықталды. 1883 жылы бельгиялық зоолог Э.Бенеден мейоз процесіндегі редукциялық бөліну аталық және аналық хромосомалардың ажырауына байланысты деп жорамалдады.
Мендель заңдарын кейін 1902—1903 жылдары В.Сэттон редукциялық бөліну және ұрықтану кезіндегі хромосомалардың тәртібі мен будан ұрпақтардағы белгілердің тәуелсіз ажырауының арасында байланыс бар екенін анықтады. Өзінің "Хромосомалар және тұқым қуалаушылық” деген еңбегінде хромосомаларды цитологиялық тұрғыдан алғанда Мендель анықтаған тұқым қуалау факторларының таралуына сәйкес келетіндігін көрсетті. 1905 жылы Э.Вильсон жынысты анықтаудың хромосомалық негізін сипаттады. .....
Жар астынан жау шығып, тайпалы ел таусылып, аз үй қалған күйзеліс жанға батқан кез екен. Осындай бір кезеңде,арнасы кең өзенде, кісінеуік тайы бар, маңырауық ешкісі бар бір үйлі жан болыпты. Соның ішінде күйзелуден үһісі ұшып, күңіренуден есі ауысқан бір шал мен кемпір бар екен. Оған сай келте ақыл келіні болыпты. Жалғыз ұлы жан бағудың қамы үшін жалшы боп алыс отарда жүреді. Бір күні кемпір мен шал келінін жалғыз қалдырып, сол манда ас берген біреудің ауылына кетеді. Жалғыз қалған келін қарыны ашқан соң тоғайдан алма теріп әкеп жейді. Біраздан кейін кекіре бастайды. Ол кекіргенде үйдің жанында тұрған көк ешкі маңырайды. Ата-енесінен ырым-сырымды көп естіп, күпті боп жүрген келіншек күдіктене қалады.......
Кіріспе Қазіргі кезде магистралды мұнай құбырлары (ММҚ) мұнайды тасымалдау түрлерінің едәуір арзан және жоғары сенімді түрі болып табылады. Олар жоғары өткізу жолағымен, құбыр желісінің диаметрі 530 - ден 1140 мм дейін және 50 км кем емес ұзындығымен сипатталады. Мұнайды тасымалдауға жеткілікті құбыр желісіндегі қысымды тудыру және ұстап тұру үшін, мұнайды тасымалдаушы станциялары (МТС) қажет болады. Қазіргі кезде, мұнайды тасымалдаушы жүйелерін жетілдіру үшін, сорғы станцияларына қуатты жиілікті – реттеуші электр жетегі (РЭЖ) енгізіле басталды, олардың әмбебвп мүмкіндіктерін автоматтау мен қуатты үнемдеу мәселелерін кешенді қамтамасыз ету құралдары ретінде дәлелдеді. ЦН-ның өнімділігін реттеу кезінде пайдаланатын қуатты үнемдеуден басқа, жүйедегі гидравликалық соққылардан тыс, агрегат элементтеріне жүктемелер мен ағып кетулерді төмендетумен анықталатын, қорды үнемдеу әсері де өте маңызды болып келеді.....
Өзектілігі. Қазіргі заманғы балалар жас өспірім спорты спорт педагогтарының, морфологтарының және физиологтарының жете назарындағы объект болып табылады. Спортты анатомиялық-физиологиялық қамтамассыз етудің негізгі мәселелерінің бірі болып жас спортшылардың морфофункционалды құрылымы туралы білімнің жетіспеушілігі болып табылады. Жаттықтырушылар өсіп келе жатқан ағзаның өсуі мен дамуын табиғи заңдылықтар ретінде қабылдай бермейді, бұл көп жылғы жаттығулардың сәттілігін төмендетеді және кей кездері жас жеткіншектің спорттан кетуіне алып келеді. ....
Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын – ақша айналымы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып келедi. Сондықтан, ақшаның мәнiн, оның айналыс заңын, ақша айналысына қажеттi ақша массасының көлемiн анықтау және ақша массасын құраушы ақша агрегаттарының құрамдарын талдап, оны ұлттық экономика тұрғысында тиiмдi пайдалану жолдарын анықтау менiң бұл тақырыпты орындауымдағы мақсатым мен міндеттерім болып табылады. Сондықтан мен экономикалық теория пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын “Ақша айналысы және ақша айналымы” деп алдым. Осы ақша айналысының тұрақтылығын, бірқалыпты айналысын реттеуге мүмкіндік беретін ақща түрі және экономикалық шаруашылықтардың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайда болатын қызметтер мен өнімдердің ақысын кешіктіріп төлеуге мүмкіндік беретін айналыс құралдары несиелік ақшалардың маңызы зор балып табылады. Бұл тақырыптың өзектiлiгi басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика дамуы үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы ақша, ақша айналымын тиімді ұйымдастыру арқылы ақша нарығының қызмет етуiн жақсарту өз егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңызды атқарып отыратын шаралардың бірі болып табылады. Әсiресе ол ұлттық экономиканы ынталандыру және инфляцияны азайтып, тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзуге өз септiгiн тигiзедi.....
КІРІСПЕ Жұмыстың өзектілігі. Тіл – адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде туып, заңды түрде дамыған семантикалық жүйе. Тіл – адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзінде асырады. Әлем бейнесінің небір құпия сырларын ұғынып түсінуге әрқашан қадам жасаған әрбір этностың ғасырлар бойындағы жеткен жетістіктері бүгінгі күнге жеткен мол қазына. Әр алуан халықтардың әлем күмбезін өзінше жүйелеп, өзінше жобалап, қияли-ой құдіретімен бейнелеуге талпынған жалпы кеңістік пен уақыт туралы танымы, наным-түсінігі, сенімі қазіргі антропоцентристік және этноцентристік ұстанымдардың өріс алып отырған тұсында өзекті мәселелердің біріне айналуда. Адам баласының өзіндік субъективті пікірі мен теориялық ойлау қабілеті күллі тіршілік-тынысының, мән-мағынасы ретінде көрінетін біртұтас таным үрдісі арқылы ғана дүние сырын жете ашуға мүмкіндік алады. Жаңа дәуір – XXI ғасырға аяқ басқан тұста мейлінше жетілген, кемеліне келген ғылым мен өркениет рухани жүдеуліктен бас тартып, халықтың ішкі рухының берік сақтаушысы – тіл мен мәдениетке арқа сүйеуді мақсат етіп отыр. Лингвистика тілдің белгілі бір дәуірдегі статикалық қалпын да, әр дәуірді қамтитын динамикалық күйін де зерттейді. Тілдің тарихи дамуы, диахрондық қалпы сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған қоғам табиғатымен тығыз байланыста қарастырылады. Осы тұрғыда тіл білімінде халықтың рухани және материалдық мәдениетінің шындық- болмысын тілдік жүйе арқылы анықтайтын – лингвомәдениеттану саласы қалыптасқан. Табиғи шындық, ой мен сана тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан, адамзаттың таным үрдісі, өзін қоршаған дүние әлемді, ғарыш пен кеңістікті қабылдауды тілде қалай көрінеді деген мәселені ғылым ескерусіз қалдыра алмайды. Мәдениет пен тілдің ара жігі туралы алғаш сөз еткендердің бірі, американдық ғалым Эдуард Сепирдің пікірінше, "мәдениет – халықтың ойлауының, іс-әрекетінің көрінісі, ал тіл – қалай ойлаудың көрінісі". Тіл мен мәдениет – бір-бірінен ажырамайтын екі бірдей әлеуметтік құбылыс. Қоғамның өзі адамнан, ал адами жеке тұлғаның қалыптасуы тіл мен мәдениет бірлігінің тұтастығынан тұрады. Әр ұлт өз мәдениетін, ұлттық болмысын және тұрмыс тіршілігінің бейнесін тілінде сақтайды, тілі арқылы келер ұрпаққа жеткізеді. Тіл – мәдениеттің жемісі және оның құрамды бөліктерінің бірі, мәдениеттің қолданылуының бірден-бір шарты. Қазақ тіл білімінде тілдік бірліктердің этнолингвистикалық табиғатын зерттеу – бірнеше ғылым түрлерінің басын біріктіретін күрделі, ерекшелегі мол зерттеу салалрының бірі. Әлем бейнесінің небір құпия сырларын ұғынып түсінуге әрқашан қадам жасаған әрбір этностың ғасырлар бойындағы жеткен жетістіктері бүгінгі күнге жеткен мол қазынасы – тілдік бірліктердің этнолингвистикалық сипатын айқындаудың, яғни қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық зерттеулердің қазіргі жағдайы, кейбір лексика-семантикалық топтар этномәдени семаникасының жүйелі ғылыми-теориялық тұжырымдамасын жасау қажеттігін дәлелдейді. Диплом жұмысы тілдің мәдени лексикасындағы әшекей бұйым атауларының тілдегі көрінісін лингвомәдени, этнолингвистикалық аспектіде қарастыруға арналған.....
Кіріспе Мұнай қырық-елу жылда сарқылатын байлық. Ал жер бетінен алынатын өнім әлімсақтан бері халықты асырап келеді. Жейтін тамақ пен киетін киім жер астында емес, жер бетінде. Синтетикалық киімге қазір сұғына қоятын ешкім жоқ. Сондықтан, табиғи өнімдерге деген сұраным өсе түседі. Демек, Қазақстанның бір жағынан аграрлық ел болғанының болашақта пайдасы тиеді. Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.....
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. Жарнама тұтынушының тауар мен оның қызметі туралы алатын ақпаратын жарнама деуге боладыю Белгілі бір мөлшерде жарнама осы қызметті атқарады, бірақ бұл жарнаманың толық қызметі емес. Жарнама деген түсінікке біз бұдан да кең ұғым беруімізге болады. Жарнаманы жасауда көп шебірлікті талап ететін жұмыс. Жарнама – қазіргі заманға сай, барлық жерді қамтитын, кәсіптік жағынан жетілдірілген ақпарат. Қазақстан Республикасы сауда-өнеркәсіп палатасының одағы тауарлық белгілерді, фирмалық стилін және логотипін әзіреу бойынша қызметтер көрсетеді, тауарлық белгілерді және қызмет көрсету белгілерін тіркеуге көмектеседі. Тауарлық белгілер және қызмет көрсету белгілері интеллектуалдық меншік болып табылады және кәсіпорынның материалдық емес активтерінің құрамына енгізілуі мүмкін. Тауарлық белгілерді әзірлеуде өзінің ерекшелігі, ал эмблемаларды және коммерциялық емес символикаларды әзірлеуде айырмашылығы бар және «Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шыққан жерінің атаулары туралы» ҚР Заңымен реттеліп отырады. Ірі сауда орнының немесе кішкентай ғана сауда нүктесінің иесінің алдында тұрған мақсат біреу, өзінің тауарын тезірек сату, пайда табу және өзінің сауда орнын үлкейту. Ол үшін ол сатып алушылардың санын көбейтуге тиіс. Үлкен шақыру қағаздарын орнату, сауда орнының атын әдемілеп жазып қою, тауарларды жақсылап жаю немесе ілу, жұмыстары мен қатар ол өзінің тауарлары туралы ақпарат құралдарында мәліметтер берсе оның жұмысы алға басады....