Шығарма: Бабалар ерлігі– ұрпаққа өнеге

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын
Бауыржан Момышұлы
Батырлық пен ерлік – әр адамның бойында кездесе бермейтін қасиет. Бұл қасиет кей адамда жылдар өте келе қалыптасуы мүмкін. Өмірдегі сан қилы оқиғалар, тосын жағдаяттар өз әсерін тигізіп, адамды көзсіз ерлікке , қайсар батырлыққа итермелейді. Батылдық – бұл адамның бойына ержүректілік, қайсарлық, еркіндік, сенімділік, табандылық секілді қасиеттерді сіңіре білуі. Батылдық – адамның бір сәтке ғана батыл болып көрінуі емес. Батыл болу – игі мақсаттар жолында табанды, өз ісі мен сөзіне сенімді болып, жасқанбай әрекет ету деген сөз. Мақсатың мен мүмкіндігің, көздеген мүддең, армандаған тілегің, күткен нәтижең барлығы өзара үйлесе қабысқанда ғана түпкі мұратың – батылдыққа жетесің. Қазақ халқының ұлдары ежелден-ақ өжет, рухты болған. Атабабаларымыз дүниеге ұрпақтары келісімен оларды табандылыққа, шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеген. Көне жазба деректерден , тарихи аңыздардан қазақ халқының арғы тегі – сақтардың да ерекше батыл халық болғанын білеміз. Сақ патшайымы – Томирис, оның ұлы Спаргапис сол кездегі хас батырлар, өршіл рухты қолбасшылар.
Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ерліктің негізі – сүйіспеншілік, Отанын сүйген азамат ол үшін отқа да, суға да түседі. Бірақ нағыз азамат оны ерлік жасадым деп есептемейді. Азаматтық міндетімді атқардым, Отан алдындағы перзенттік борышымды өтедім деп қана біледі» деген. Демек, әрбір ерліктің бастау алар қайнар көзі – Отанға деген сүйіспеншілік. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында қызыл аяқ қар кешіп, жалаң аяқ жар кешіп елін қорғаған Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырлар, «қара қазан, сары бала қамы үшін» деп туған жерін қызғыштай қорыған Махамбет пен Исатайлар, екінші дүниежүзілік соғыстың сұрапыл жылдарында да қаныпезер жаудан қаймықпаған қазақтың қайсар ұл-қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рахымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы соның нақты дәлеліндей.........
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4А XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.3.4 – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау
Сабақтың мақсаты: Ш. Құдайбердіұлы, М. Көпейұлы және Қ. Халидтің тарихи дерек негізінде жазылған шығармаларының мазмұны мен мәнін зерттеу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Иінтіректің тепе- теңдік шарты (Физика, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күш моменті
Сабақ тақырыбы: Иінтіректің тепе- теңдік шарты
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7. 2.4.3 тепе-теңдік жағдайда тұрған дене үшін күш моменттері ережесін тұжырымдау және есептер шығару
Сабақ мақсаты: Иінтіректің тепе- теңдік шартын түсіндіру
Күш моменттері ережесін тұжырымдау
Күш моменттері ережесін қолданып есептер шығару.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Дінтану | Исламдағы әртүрлі ағымдар

Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүниежүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып, шамдасып жатады. Бірақ, ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты, психологиясына, көңіл-күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің бар екенін аңғарғанымыз жөн.
Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде шықты. Арабия елі бірқатар бай елдердің орталығы болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Арабия жерін басып өтетін. Осыған байланысты Араб феодалдары жер келері боуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп отырды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақ шаруаларының феодализмге және отаршылдыққа қарсы күресі

Бұл жұмысым Қазақстаннның Ресейге қосылғаннан кейінгі болған түрлі көтерілістердің бірі - Сырым Датұлының 1783-1797 ж. көтерілісі туралы жазылған. Негізгі мақсат осы тарихи оқиғаның маңызын, негізгі ерекшеліктері мен сипатын айқындап көрсету. Сырым көтерілісі қазақ шаруаларының сол уақыттағы мүшкіл күйіне сәйкес, отаршылдыққа және қазақ ақсүйектерінің қысымшылығына қарсы күрес ретінде ерекше сипат алды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Үсіген кездегі алғашқы көмек

Төмен температураның әсер етуінің нәтижесінде ұлпаның зақымдануы үсік деп аталады. Үсудің себептері тиісті жағдайларға (суықтың, желдің ұзақ уақыт бойы әсер етуі, жоғары ылғалдылық, аяқты қысатын немесе дымқыл аяқ киім, қозғалмайтын қалыпта болу, зардап шегушінің жалпы нашар халы – ауруы, әлсіреуі, алкоголмен мас болу, қансырау) байланысты әртүрлі болады. 3-7°С температурасы кезінде үсік болуы мүмкін. Үсуге саусақтар, қолдың буындары, табан, құлақ, мұрын тез шалдығады.

Алғашқы көмек зардап шегушіні, әсіресе дененің үскен жерлерін дереу жылытумен байланысты, бұл үшін зардап шегуші мүмкіндігінше жылы жерге жеткізіледі. Алдымен, дененің үскен жерін жылытып, ондағы қан айналымы қалпына келтіріледі. Егер үскен аяқ-қолды 20°С температурадағы жылы ваннаға салса, бұл ең тиімді және қауіпсіз болады. 20-30 минут ішінде су температурасын біртіндеп 40°С көтереді .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Түс көрген патша

Ескі заманда бір патша «түс көрдім, түсімде не көрдім?» деп, өзіне қарасты жұртын жинап, қинай береді. «Не көрдіңіз?» десе, айтпайды. «Көргенімді табасың» деп ашуланып, ақыры қырық күн мерзім қояды.
«Осы күнге дейін табасың, таппасаң бәріңнің басыңды аламын. Маған қарасты бірің аман қалмайсың, – деп уағда берген. Бұның жұрты күңіренеді, жылайды, теңселеді, тебіренеді. Құмырсқадай қара қалың ел біреуі де таба алмайды, сонда мерзімді күнде патша бәрін жиып, сұрап, таппаған соң, қыратын болып: «Маған қарасты жаннан есін білген, ақылын таныған, қартайып алжығаннан бөлек адам, ішкері-тыскері жолаушы жүрген, шажау-шайғы келмей қалған адам бар ма?» – деп сұратады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | Айғырларды пішу

Бұл курстық жұмыс мына бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, техника қауіпсіздігі, қорытынды. Кіріспе бөлімінде айғырларды пішу туралы жалпы түсінік қамтылған.
Негізгі бөлімінде айғырларды пішу, айғырларды жатқан жайда пішу, айғырларды түрегеп тұрған жайда пішу, ашық тәсілмен пішу операциясының техникасы, жабық тәсілмен пішу операциясының техникасы, еркек малды пішу және піштіру әдістері туралы жалпы түсінік қамтылған.
Техникалық қауіпсіздік бөлімінде малдарға операция жасайтын хирургия бөлімінде операцияны дұрыс орындау, және оны орындағанда сақтық шаралары, қауіпсіздік ережелері жөнінде айтылады.
Қорытынды бөлімінде өз ойымды тұжырымдап айғыр пішу кезіндегі операцияның тиімді жолын қарастыру туралы айтылады.
Тіркелген мәліметтер бөлімінде айғырларды пішу, айғырларды пішуге арналған аспаптар туралы графикалық суреттер көрсетілген ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Әлеуметтік саясат

Кіріспе
Баянды дамудың аса маңызды құрамдас бөлігі күшті әлеуметтік саясат жүргізу.
Әлеуметтік саясаттың басты нысаны – халық және халықтың әртүрлі бөліктерінің әлеуметтік жағдайы.
Әлеуметтік саясаттың негізгі субьектісі – осы саясатты жүзеге асыратын мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы белгілі бір әлеуметтік кезеңге есептелген қаржылық ресурстар мен ұйымдық насихаттаушы күштермен нығайтылған, нақты тарихи жағдай мен мақсаттарға негізделген қызметі болып табылады.
ХХ ғасырдың 30 жылдарында мемлекеттер қатарында әлеуметтік шиеленісушіліктің тез жоғарылап өсуімен сипатталатын әлемдік дағдарыс мемлекеттің нарықтық үрдістерге сонымен қатар, әлеуметтік сфераға араласу қажеттігін дәлелдейді.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – қоғам өмірінің әлеуметтік – экономикалық жағдайларын реттеу бойынша мемлекеттің қызмет бағыттарының негізгі бағыты болып есептеледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ірімшік қосылған баялды

Баялдының көмегімен түрлі тағам дайындауға болады. Қызанақпен араластырып, майонез қосып салат дайындасақ, енді бірде ішіне фарш саламыз. Бұл жолы кезекті мәзірімізде баялды мен ірімшік дәмін үйлестіруді жөн көрдік. Етті тағамдар денсаулыққа зиян болғандықтан, олардан бас тартып, көкөністерді көбірек жегеніміз жөн. Олай болса, іске кірісейік!

Ірімшік қосылған баялдыны дайындау үшін бізге:

- 3 баялды;

- 4 қызанақ;

- 1 бас сарымсақ;......
Кеңестер
Толық
0 0