Сабақ жоспары (ұмж): Сарматтардың қандай археологиялық ескерткіштері бар? (2сағат) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар: 5.4В Сарматтар
Сабақ тақырыбы: Сарматтардың қандай археологиялық ескерткіштері бар? (2сағат)
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): 5.2.2.1 сарматтардың археологиялық ескерткіштерін салыстыру
5.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау арқылы, қоғамдық құрылысын тану
Сабақ мақсаттары: Қазақстанның батыс аймағында орналасқан сармат дәуірінің археологиялық ескерткіштерін зерделеп салыстыру; шаруашылығы мен әлеуметтік құрылымын анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Бақытым - Отаным

Елім!
Саған ғашықпын.
Ғашықпын саған:
Құмарымды қандырмап едім.
Батыр болып ,бақ қонып,асып тұрса адам,
Қаруы жоқ құлың ғой алдыңда сенің.
М.Мақатаев

Қазақстан, әскер, отаншылдық..... Бұл сөздер - мен үшін өте қымбат, менің өмірім
үшін өте маңызды. Бұл сөздердің аясында халқымыздың басынан өткерген қиын да
тартысты тарихы жатыр. Сонау жаугершілік заманда жоңғар-қалмақтарының тепкісінде
қалып, елінен, жерінен айырылған ата-бабаларымыз еркіндікті аңсады. Шамасы
келгенінше күресті, тартысты......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Кіші жүздің Ресей империясынын құрамына енуі

Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілхайыр (1693-1748ж.) Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.Әбілхайыр ханнын мақсаттары:
1. Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Міржақып Дулатұлы | Сол қыздың атын ұмыттым


Мен 1921 жылы Семей уезінде тергеуші болып қызмет еттім. Күз уақыты еді. Өзіме қараған аудандағы елдерді аралап жүріп, Қызыл Адырға келсем, аудан биі Қ. жолдас сессия құрып жатыр екен. Халық есепсіз көп жиналған: Семей уезінің 7-болысынан, Қарқаралы, Өскемен сықылды өзге уездерден, тіпті Жетісудың Аягөзінен де мал даулап, ақы сұрап келгендер бар екен. Қ. жолдас Семей уезінен қызметке жақсы, ұрыға рақымсыз атанған билердің бірі саналатын. Жұмыстың көптігінен Қ-ның басы қатып, дамыл көрмей, мезгілімен тамақ ішуге де уақыты болмай, ертеден қара кешке шейін сөйлеумен дауысы да қарлыққан екен.

Жиналысқа тіккен үйдің біріне біз де келіп түстік. Қандай жұмысты қандай адам (тергеуші ме, би ме) қарайтынын білмейтін, өздері неше күндей кезек тимей сарғайған, елдері алыс, сот маңайындағы ауылдарды қону-түстенумен әбден мезі қылып, жексұрын болған, Даукестер мені көрген соң, «тағы бір төре келді» деп, сыйғаны үйге кіріп, сыймағаны үйдің жабдығынан дауыстап, «тақсыр жолдас, арызымыз бар, пәлен күннен бері бізге есе тимей жатыр...» деп әркім өз басындағы мұңын шаға бастады. Халық соншалық көп, бұл елге біз келе жатқанда жолшыбай «сот арқылы өндіріп алдық» деп талай мал айдап бара жатқандарды көргенбіз.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Пісте шағу пайдалы ма зиян ба

✅ Пісте шақпайтын адам аз шығар, сірә. Бұл уақыт өткізудің бірден-бір жолы. Ал сол ермектің сізге қаншалықты пайдасы не зияны бары жайында білгіңіз келе ме? Ендеше, төменге көз тігіңіз.

Пісте шағудың зияны

✅ Күнді сүйіп өскен күнбағас пістесін зиян деуге де қимайсың. Көбі пісте шағуды мәдениетсіздіктің белгісі ретінде таниды. Кешірерсіз, бірақ кинотеатрда отырып поп-корн қытырлату мен сағыз шайнау мәдениетсіздікке жатпай ма сонда?......
Кеңестер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Жануартану | Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану

Жұмыстың көкейкестілігі. Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауданында тау шатқалында орналасқан.
Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі жұмыс түрлеріне байланысты уақыттың бөлінуі санақ жүргізуге, күзетуге, биотехнологиялық шаралар жүргізуге кеткен уақыттар. Нарынқол аңшылық шаруашылығы биотехникалық іс шаралар шаруашылығының дамуындағы негізгі принципке жетуге бағытталған бұл ғылыми негізделген аңшылық фаунаның экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған және фаунаның кейбір түрлерінің санын артыруға арналған іс шаралар жиынтығы. Қажетті биотехниялық іс шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен аңшылық фаунаның басты түрлерінің санын қысқартатын фаткорларды табу керек. Бұл факорлар әртүрлі болуы мүмкін. Биотехникалық іс шаралар аңшылық жануарлардың өмір сүру ортасындағы қолайсыз факторларды жоюға бағытталған. Қорықта жануарлардың көптеген түрлерінің тығыздығы адам игерген алқаптарда қарағанда төмен болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Балаларның сөйлеу тілінің дамуы

Кіріспе.
Еліміз егеменді, тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін ауқымды өзгерістер жүріп жатыр.
Саяси-экономикалық тағы басқа дами бастаған сайын, елімізде барлық жағынан елеулі өзгерістер енуде. Қазақстан Республикасы өзін бүкіл әлемге демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде танытты. Осы 15 жыл ішінде Қазақстан Республикасы табанды түрде күресіп, саяси-экономиқалық білім жүйесінің өзгеруіне алып келді.
Қазіргі жастар ертеңгі ел басындағы халық тағдырын шешетін азамат болады. Сондықтанда, мемлекеттің алдында тұрған міндеті-қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Адамды-адам қылған, ары қарай дамытып жетілуіне итермелеген, әр қашан жетелеу үстінде тұрған құбылыс ретінде ең алдымен-тілді алуға болады.
Тіл адам ойын жетілдіруші, халық мәдениетін таныстырушы, әлемді-қоғамды таныстырушы.
Тіл арқылы - әр адам өз ойын, өз пікірін жеткізе алады, қоршаған ортамен қарым - қатнасқа түсе алады. Тілді тиімді әрі дұрыс пайдалану алдымен сөздік қорына және орынды қолдануына байланысты. Сөз байлығы мол баланың ойы ұшқыр, шешен, әсерлі етіп сөйлейді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Х. Досмұхамедұлының психологиялық көзқарасы

Кіріспе
Егеменді қазақ мемлекетінің қалыптасуы өте күрделі тарихи кезеңдерде жүріп жатыр. Қазіргі мемлекетіміздің қалыптасуының әлеуметтік қиыншылықтары аз емес. Соның ішінен жекелеп айтып кетер бір саласы – қазақ халқының қоғамдық – саяси, әлеуметтік мұралары мен өскелең жас ұрпақтың туған халқының мәдениеті мен салт - дәстүрімен, ата – баба мұраларынан толық қол үзіп қалмауы елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі критерийлері екендігі даусыз.
Елдің елдігі мен ертеңін ойлап, қам жеген, туған халқының көкірегіне сәуле құюға мақсат еткен қазақтың асыл азаматтарының бірі – көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы ғалым – дәрігер, профессор Х. Досмұхамедұлының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары мен идеялары бүгінгі ұрпаққа баға жетпес мұра.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық интеллигенциясының көрнекті өкілі, республика ғылымы мен денсаулық сақтау ісінің Қазақстан мен Түркістан республикаларында талантты ұйымдастырушысы, кезінде заңсыздықтың құрбаны болып, қуғын-сүргінге ұшыраған, күрделі де тағдыр иесі, халқымыздың алып тұлғасы екендігін қарастыра отырып, Х. Досмұхамедұлының туған тіліне, ұлтына, әдебиетіне, тәлім - тәрбиесіне, ұлттық психологиясына деген көзқарастары бүгінгі тапңда зерттеу қажеттілігін туындатып отыр.
Ғұлама ғалым педагог ретінде Қазақстанда жоғары мектептің қалыптасуы мен дамуы тарихында, оны ұйымдастыруда алатын орнын ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар Х. Досмұхамедұлы қазақ мектептері мен оқу орындарына арналған бірнеше қазақша оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Атап айтқанда, I және II сатыдағы мектептерге арналған «Өлі табиғат» (1922ж), «Зоология» 1-бөлім, омыртқалылар, 2-сатылы мектептерге арналған (1922ж); «Зоология». 2-бөлім (1926) омыртқасыздар (192ж); зоология. 3-бөлім; оқушылдар гигиенасы (1925ж) қазақ тілінде жарық көрді. Осымен орайлас «Анатомия және физиология», «Адамның тән тіршілігі» сияқты оқулықтары жаппай бастап ашылып жатқан қазақ мектептері үшін ауадай қажет кітаптар еді. Сондықтан да бұл оқулықтар 1922-1928 жылдар аралығында бірнеше рет басылды. Х. Досмұхамедұлы қаламынан туған оқулықтардың өне бойындағы ұтымды қолданыстар, тың балама сөздер ұлттық ғылым тілін, ұлттық психологияны дамытудың сүрлеуін салуға септескені дау туғызбайды.
Х. Досмұхамедұлының басшылық жасап және тікелей тығыз араласыумен мектеп типтері, мектеп бағдарламалары, ғылыми терминология жасалды, қазақ мектептері үшін бірқатар оқулықтар тәржімаланды.
Санкт-Петербургтағы әскери-медициналық академияда шартты рефлекстер туралы әйгілі ілімнің авторы, академик И. П. Павловтан дәріс тыңдаған бар болғаны екі – үш қазақ екен. Оның бірі - Х.Досмұхамедұлы, екіншісі – С.Асфендияров.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Бет терісіне арналған табиғи нәрселер

Қарапайым ингредиенттердің өзі тері күтіміне арналған косметикалық құралдың (скраб) құрауыштары бола алады. Бет терісін таза әрі балғын ететін табиғи өнімдерді ұсынамыз.

1. Ас содасы теріні терең тазартып, безеу шығуға себеп болатын бактерияларды өлтіреді. Ол үшін аздап ас содасын алып, оған қоймалжың болатындай етіп су құйыңыз. Пайда болған қоспаны бет терісіне жағып, саусақтарыңызбен уқалаңыз. Бірнеше минуттан соң суықтау сумен шайып тастаңыз.

2. Бал мен аздап тұзды араластырыңыз. Егер теріні терең тазарту керек болса, тұз мөлшерін көбірек алыңыз. Қоспаны бетіңізде бірнеше минут ұстап, жылы сумен шайып тастаңыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Жаман ой жанды аздырады

Адам баласы туылған сәтке дейін, таза ақ парақтай періште болып келеді. Өмірге келгенен кейін өмірдің түрлі кезеңдері мен қиындықтары адамды құлазуға жалғыздыққа итермелейді.Соның салдарынан жаман ойлар мен үмітсіздік ұялап жанын азаптап аздыруға және соңы түрлі қиындықтарға соқтырады. Ойыңызды жаман әдеттен арылтып жақсы ойлауға тырысу үшін, психологтың көмегіне құлақ салыңыз:

Әр күннің бастауын түн кезінде жоспарлап ертеңгі күнге қадам басыңыз.
Таңды әдемі күлкіден бастаңыз.
Күніңіз жақсы өтсін десеңіз бір жақсылық жасауға тырысыңыз.
Адамдардың сізге жаман айтқан пікірін қабылдамауға тырысыңыз.
Адамдармен сөйлесу барысында, жақсы пікір айтуға тырысыңыз.
Ойыңыздағы жаман ойды арылту үшін де, спортпен айналысуға тырысыңыз.
Ренжіген болсаңыз мән бермеңіз.......
Кеңестер
Толық
0 0