Реферат: Тарих | ХХ ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция

ХХ ғасырдың басында Қазақстан Россия империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы-отарлық шет аймағы болды.
Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ , олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: халықты тілінен,діннен,ділінен айыру бағытында қатыгездікпен ойластырған шаралар жүйесін жүзеге асырды.Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған «Қазағым менің,елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді.
«... Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа, тіпті, керек, емеснәрселерге жұмсалды... Енді чиновниктер (патшаның отарлау жүйесінің ресми өкілдері – Қ.Н.) біздің дінімізге,атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға,біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады,діни кітаптарды тұтқынға алды»
Қазақ ауылының басқаратын әкімшілік жүйе патша үкіметінің отарлау-өміршілдік аппаратымен біте қайнасып кеткен байшонжарлар өкілдерінің қолындаболды.
Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік – экономикалық және саяси хал-ахуал,негізінен,аграрлық,ұлттық және белгілі дәрежеде таптық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленеді.Қазақстанда осы шиеліністен туындаған аграрлық және ұлттық-азаттық қозғалыс ең алдымен отаршылыққа қарсы бағытталды.
Басқа сөзбен айтқанда, ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары бірінші орыс ревалюциясы жылдарында империяда,оның ішінде Қазақстанда да, қалыптасқан қоғамдық-саяси хал-ахуал жағдайында орталықтың(центристік) позицияда болуға тырысты. Өз бастамаларын халыққа түсіндіріп,оларды жүзеге асыру үшін әрекет жасау барысында ұлттық интеллигенция жетекшілері екі жақтан – сол және оң бағыттардағы саяси күштерден сынға ұшырап, қарсылыққа кездесті.Солшыл бағыттағы саяси күштер (социал – демократтар мен социалист-революционерлер) қазақ интелигенттердің орталықтық позициялары ревалюциямен халыққа қарсыпозиция депайыптады.Ал,оңшыл бағыттағы саяси күштер(монархистер мен оларды жоқтаушылар) қазақ интеллигенттерін солшылдарды қостаушылар және біртұтас империялық мемлекеттің негізін шайқалтуға бағытталған саясат жүргізушілер деп байбалам салды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Қазақстандағы Шымбұлақ тауы

Қазақтың жерi - ұлан-ғайыр ұлы атырап. Қазақтың жерi - таулы қамалдың алақан уысы да, сулы жайлаудың жайнаған үлгiсi. Көк белдегi көп елге жетсең де - Қазақтың жерi, шөлейттегi құм белге жетсең де - Қазақтың жерi, көз мұнартқан шыңды елге жетсең, ол да - Қазақтың жерi. Алатау мен Арқа арасындағы ұлы дала да қазақтың, тек қана ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРI!!!
Елiмiздiң бес бөлiгi де берекелi баурай мен әсем табиғатқа бай. Солтүстiкте буырқанған Бурабай мен Оқжетпес шыңы, Жұмбақтас, тарихи жәдiгерлердiң ошағы Баянауыл бар. Оңтүстiктегi Шарын, Түрген шатқалдары, Бесшатыр, Есiк қорғандары, әншi аталатын Айқайқұммен мақтануға тиiспiз. Қиялыңа қанат бiтiретiн Бозкөл сарқырамасы, ақбалығымен танымал Асы бар, Қарқараның төсi мен Көлсайдың көк суын атаймын. Хан-Тәңiрiне бас имей, халқым деп сөз айту да күнә Шәлкөденiң шалғынына жетер жер жоқ.
Иә, бұл екi сөзге сыйдырмақ боп iлiп айтқанымыз, терiп айтсақ, тоғыз шақырым сайын жолықтыратындай тұмса табиғат пен тарихи ескерткiштер еселеп саналады. Жер жаннаты - Жетiсу. Жетiсудың жүрегiнде - Алматы. Алматының асқарында Шымбұлақ бар.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Үшарал)

Сайран салам сағынышпен келем де,
Қарлығаштар айналады төбемде.
Қырымнан да, Римнен де артықсың,
Сенен ыстық жер жоқ маған әлемде.
Баладай пәк бауырың да, досың да,
Бауырыңа бас, шұрқырасып қосыл да.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Су-биосферанаң аса маңызды элементі

Табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бірі-су.Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен суды алмастыратын зат табылған жоқ.Су адамдар мен жануарлардың дене құрамына кіріп,онда болатын зат және энергия айналымына қатысады.Денедегі су мөлшері 10-12 процентке кемісе адам әлсіреп,шөлдеп,аяқ-қолы дірілдей бастайды,20-25 процентке кемісе өмір сүруі тоқтайды.Бір адам70жылда орта есеппен 50тонна су ішетіні көрінеді.
Су-түсі,исі және дәмі жоқ сұйық зат,жақсы ерітуші,үстіңгі кернеуі өте жоғары,айқын капиллярлық(жіңішке түтікпен сұйық заттын жоғары көтерілуі)қасиеті бар.Осы қасиеті топырақтағысу ерітінділерін өсімдіктер бойына сорып алып күн көруі үшін өте қолайлы.Жер шарында сулар үнемі қозғалыста болып,барлық бос сулар.олардың агрегаттық(сұйық,бу, мұз түрлерінің,жиынтық атауы)күйіне қарамастан,жердің гидросфера деп аталатын қабатына жатады.Жер шарының сулы аудандарының жиынығын гидросфера деп атайды.Гидросфераға мұхиттар,теңіздер,өзендер,тоғандар,ми батпақ,топырақтығы,жер астындағы және атмосфералық ауадағы сулар кіреді.Дүние жүзінің3/4бөлігі су.Мұхит пен теңіздердің жалпы аудандары құрғақ территорияның ауданынан 2,5есе артық.Гидросфера биосфераның басқа бөліктері-литосфера(жер асты сулары),атмосфера(булы дымқыл)және оларда тіршілік ететін тірі организімдермен тығыз байланысты.Гидросфераның жалпы көлемі 1455миллион километр квадрат.
Жалпы су қорының 97,5проценті тұзды минералды болып келеді.Теңіз(мұхит)суларын ерітінді деп есептеуге болады,себебі бұл сулардың құрамындағы тұздардың мөлшері орта есеппен 35г/кг.Менделеев периодтық системасындағы барлық элементтер жер бетіндегі сулардың құрамында кездеседі.Бірақ та олардың ішінде теңіз суларының негізгі тұздылығын құратындарға натрий,магний,кальций катиондары мен хлорид, карбонат…сульфат аниондарын жатқызуға болады.Басқа химиялық элементтердің мөлшері негізгі иондардікімен салыстырғанда анағұрлым төмен болғанымен,олардың теңізбен теңіздегі тірі организімдерде жүретін химиялық процестерге қосатын үлесі өте зор.Олардың ішінде тірі организімдер өз тіршіліктеріне пайдаланатын азотты,фосфорды,кремнийді ерекше атап өтуге болады.бұл элементтердің теңіз суындағы мөлшерін реттеп отыратын теңізде тіршілік ететін жан-жануарлармен өсімдіктер.
Тұщы сулардың қоры жалпы су қорларының 2,5процентің құрайды,немесе35млн.км3.Бұл сулардың орташа тұздылығ 1г/л аспайды.Планетаның әр тұрғынына келетің тұщы су мөлшері шамамен 8 млн.м3.Тұщы сулардың 30проценті жер астындағы сулар.Тұщы судың негізгі қоры тау бастарындағы мұздықтар,Арктика мен Антарктида мұздарында-97процент.Антарктидада мұздың ең қалың 4.78 км тең қабаты және дүние жүзі бойынша ен таза суы бар теңіз Уэддела осы Антарктидада тіркелген.Оның мөлдірлігі тазартылған судікіндей.Жер шарыедағы барлық өзендер 650-700жыл ішінде қанша су берсе,тау мұздарында да сонша су бар ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төрт мезгіл туралы оқу (1-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы:Төрт мезгіл туралы оқу (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың/ сөйлемдердің мағынасын түсіну.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың мағынасын мұғалімнің көмегімен түсінеді.
Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында қолданады. ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Досымның сүйікті тамағы… (7 сынып, III тоқсан )

Бөлім: Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар
Сабақтың тақырыбы: Досымның сүйікті тамағы…
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау
Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау.
ӘТН1. Орфографиялық норма
Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу
7.ӘТН 5. Пунктуациялық норма
Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексереді;
 Синонимдік қатармен ауыстырады;
 Лексикалық түзетулер енгізіп, редакциялайды;
 Үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады
 Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Биссимилләдан бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилләдан бастайын,
Тездете айтып саспайын.
Иманды болғыр, әкежан!
Аузымнан қайтып тастайын.
Есік алды қос арық,
Екеуі де бос арық.
Иманды болғыр, әкежан!
Қалдық қой біз бозарып.
Дүние, шіркін, жалған-ай!
Өте шығар алдап-ай.
Әкешім, сенен айрылып,
Артыңда қалдық зарлап-ай!
Алдым биік, артым жар,
Айналатын жерім тар.
Иманды болғыр, әкежан!
Бір көруге болдым зар.....
Өлеңдер
Толық
1 0

Әңгіме: Тоқаш Бердияров | Жастық кешуі

Жастық жылдардың аумалы-төкпелі, бейжай күндері — елеусіз бір дүние. Менің көзіме жастық шақтың тек қана жылы шуақты, тамаша кезеңдері елестейді. Бейкүнә балалық, шақтың ебедейсіз, сәтсіз һәм беймаза күндерінің өзін мен дайын тұрған бақытқа ешқашанда айырбастамаған болар едім...

Мың тоғыз жүз қырық екінші жылдың ауыр айлары ілбіп өтіп жатты. Соғыс жылдарының қытымыр, көңілсіз күндері өкпеге түскен құрттай тіршіліктің ажарын алған. Әншейінде будақтап тұратын ауыл оттары бұл күндері жалқау көлеңдейді, сөніп бара жатқанға ұқсайды. Арбалардың доңғалағы қиралаңдап жолдың ыстық шаңын аспанға көтереді. Оған жегілген арық аттар аяқтарын сылбыр басып, жүре ұйықтайды. Майданға кеткен ересектердің ауыр кетпені жас өспірімдердің иығына батты. Бірі тары суырып, бірі мақта баптап, әркім өз ісімен әбігер. Есік-терезесі аңғал-саңғал иесіз мектепті көлеңкелеп сиырлар тұр.

Көше бойлап жүре қалсаңыз, көңілсіз жәйттерге тап боласыз: қыр-қыр еткен қол диірменнің мылқау үні, келі-келсаптың тақ-тұқ еткен қатқыл даусы қазан басының, жомарт дастарқанның сәнін кетіріп, қалың ауыл-аймақты құлазытып жіберген. Жұрттың қорегі шай мен жүгері талқан, қара тентек, қала берді быламық...

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Іpі қapa мaлының қapacaны және ветеpинapиялық шapaлapы

1.1 Тaқыpыптың өзектілігі және пpaктикaлық мaңыздылығы. Қapacaн - жедел өтетін, безгек cияқты дене қaлтыpaуымен, aғзaның етті жеpлеpін бacқaндa cықыpлaп дыбыc беpетін іcіктеpдің пaйдa бoлуымен cипaттaлaтын індетті aуpу бoлып caнaлaды. ҚP Aуыл шapуaшылығы миниcтpлігі Ветеpинapиядaғы бaқылaу және қaдaғaлaу Мемлекеттік инcпекция кoмитеті мәліметі бoйыншa 2013 жылы Бaтыc Қaзaқcтaн, Пaвлoдap, Oңтүcтік Қaзaқтaн, Қызылopдa, Aлмaты oблыcтapындa елді мекенде aуpу тіpкелгені aныұқтaлғaн. Зеpтхaнaлық зеpттеулеpдің нәтижеcі мaлдapдың қapacaн індетімен aуыpғaнын және oдaн кейін aдaмдapғa жұғу фaктілері бoлғaнын білеміз. Aдaмдapдың aуpуды aуpу мaлды coйғaн кезде жұқтыpғaндықтapы мәлім бoлып oтыp. Қapacaн індетінің шығуынa біp ғaнa cебеп бap: cиыpлap өлген мaлдapдың қaлдықтapы көмілген өpіcте жaйылғaн. Әдетте, мұндaй aуpу тoпыpaқ apқылы жұғaды.
Қapacaн – мaлдaн aдaмғa жұғaтын aca қaуіпті жұқпaлы aуpудың біpі бoлы caнaлaды. Негізінен бұл aуpумен 4 жacқa дейінгі іpі қapa мaл aуыpaды. Cиpек те бoлca қoй-ешкі, бұғылap дa aуруғa шaлдығaды. Aуpудың тapaлу көздеpі aуpу мaлдap және микpoб cпopaлapымен зaлaлдaнғaн тoпыpaқ, шөп, жaйылым, aқпaйтын бaтпaқты cу көздеpі (көл, тoғaн т.б.) бoлып тaбылaды. Aуpу бейім aнуaрлaрғa aлиментapлық жoлмен (жем-шөп, cу ішу, жaйылу кезінде) жұғaды. Бұғaн aуыз қуыcы кілегейлі қaбaтының зaқымдaнуы, ac қopыту жүйеcіндегі қaбыну aғымдapы ықпaл етеді. Aуpу қoйлap теpі қaбaтының зaқымдaнғaн жaрaлaр apқылы жұқтыpaды (қыpқым кезінде, піштіpу caлдapынaн бoлғaн жapaқaттap apқылы). Aуpуды жұқтыpғaнның белгілеpі бaйқaлғaнғa дейінге жacыpын кезеңі 2 күн шaмacындa бoлaды. Aуpу белгіcі біpден бaйқaлaды дa және жедел түpде кездеcеді. Жaнуaрдың мoйнындa, жaқ acтындa, көкіpегінде, жaмбac, иық еттеpінде (кейде aуыз қуыcындa) тез үлкейе бacтaйтын іcіктеp бaйқaлaды. Іcіктеp бacтaпқыдa қaтты, ыcтық, aнық білінетін, ұcтaп көpгенде мaл aуыpcынaтын, қыpтылдaғaн дыбыc беpетін бoлaды. Кейін іcіктеp мұздaп, ұcтaп көpгенде мaл cезінбейтін жaғдaйғa ұшырaйды. Іcіктеpге жaқын бездеpдің ұлғaйғaнын бaйaуғa бoлaды. Іcіктеp иық еттеpінде, жaмбacындa бoлғaн кезде мaл aқcaңдaп қимылдaйды. Қapacaнғa диaгнoз індеттaнулық деpектеpіне ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0