Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Мәліметтер базасындағы Футбол командалары

КІРІСПЕ
Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат :
• қайшылықсыз
• артықсыз
• тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді .....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қаржы нарығы

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногінің құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын соңды болған емес.
Қаржы рыногы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және басқа рыноктармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. рыноктармен) етене байланысты ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудиті

Кіріспе
Осы курстық жұмыстың тақырыбы “ Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудиті ” болып табылады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста тауарлы – материалдық қорлар есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықталады. Осы курстық жұмыста келесідей мәселелер қарастырылады: бірінші бөлімінде “ Тауарлы – материалдық қорлардың есебінің аудитінің теориялық негізі, тауарлы - материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері, тауарлы - материалдық қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі. Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты- олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады. Өндіріс үрдісінде бірақ - рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына құны түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын тауарлы-материалық қорлардың алатын орны өте зор. Екінші бөлімінде тауарлы – материалдық қорлар есебінің аудиті, тауарлы – материалдық қорлар аудитінің бағдарламасы, тауарлы-материалдық қорлар есебінің аудиторлық бағдарламасы қамтитын басты мәселелеріне тоқтала кетеміз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Турбо Паскальдағы функция

I. Кіріспе бөлімі:
Қазіргі кезде кеңінен қолданатын программалау жүйесінің бірі-
Turbo Pascal. Американың Borland Internation корпарациясының бұл өнімі сол корпарацияның қызметкеі Адерсон Хейсбергтің жетекшілігімен құрастырылған. Turbo Pascfl-дың түп нұсқасы швейцария ғалымы Нуклаус Вирт жасаған Паскаль программалау тілінен тарайды. Сол кездерде кең тараған АЛГОЛ, ФОРТРАН,
БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы, программалауды алғаш үйренушілер үшін өте тиімді
құрал болып табылған. Паскаль тілінде жазылған пограмманың дұыстығын компьютерде тексеру және жібеілген қатені түзету оңай.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады(машина тіліне аудаылады), объект программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі- алгаритімдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі-объектік кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған прогамма арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгаитмдік тілде жазылған алғашқы нұсқасы өңделеді.
Қазіргі кезде Паскаль тілі кез-келген күрделі есептерді шығара алатын , кең тараған стандартты оқу тіліне айналды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Кәсіпкерлік | Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдану

І. Кәсіпкерлік қызмет өндіріс факторы ретінде
Кәсіпкерлік - бұл меншік формасына тәуелсіз, азаматтар мен заңды тұлғалардың, таза кірісті, тауарларға деген сұранысты өз атынан, өз тәуекелі мен өзінің мүліктік жауапкершілігі арқылы қанағаттандыру жолымен алуға бағытталған белсенді қызметі. «Кәсіпкерлік» пен «нарық» өзара тығыз байланысты. Нарықтық экономиканың жалпы да қысқа анықтамасы «еркін кәсіпкерлік экономика» деген ұғымды білдіреді. Шынында да нарық кәсіп иесі мен ортасын, ал кәсіпкерлік нарық қатынасының сипаттамасын көрсетеді. Кәсіпкерлік – азаматтардың өз атынан, өз тәуекеліне, өз мүлік жауапкершілігіне, яғни пайда мен жеке кіріс алуға бағытталған тәуелсіз қызметін керсетеді. Мемлекеттік заң кәсіпкерлікке шаруашылық қызметтің барлық түрін, сонымен қатар коммерциялық-делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, кеңес берушілік қызметтерді, құнды қағаздар операцияларын жүзеге асыруға рұқсат береді. Кәсіпкерліктің алғашқы формасы жеке және ұжымдық кәсіпкерлердің қызметі. Жоғарыда келтірілген анықтамалар жеке табыс пен пайда табудағы кәсіпкерліктің басты қасиеті мен белгісі болып табылады......
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: : Жаңа жыл

Тәрбиеші: Эрика Сергеевна Гросс, Карлығаш Кабиденовна Утеубаева, Көктөбе ауылы, «Ақбота» балабақшасы
Тақырыбы: Жаңа жыл
Мақсаты: Балаларға жыл басы туралы түсінік беру. Балалардың тілдік қорын байыту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеуге, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке, әсемділікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Білімділік: Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге, аялауға, еңбек етуге үйрету, тәрбие беру. Жаңа жыл мерекесіндегі өзгерістер жайлы түсініктерін молайту.
Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Қатысушылар: Бауырсақ, Түлкі, Қоян.
Жүргізуші: Армысындар, ағайын!
Бармысыздар,ағайын!
Сіздерді жаңа 2013 жылымен құтықтаймыз, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке бақыт әкелсін!
Ақ көңілмен айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады.
Сол кезде «Бауырсақ» жүгіріп кіріп, шыршаны айнала қашады. Артынан түлкі қуа жөнеледі.
Бауырсақ: Тимеші мені,
Жемеші мені.
Жаңа жылды тойлауға барамын.
Асыр салып, би билеп, .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Тыныстың жіті жетіспеушілігі

Тыныстың жіті жетіспеушілігі деп, сыртқы тыныс аппараты қызметінің ағзадағы газ алмасу қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмауын айтамыз. Осының салдарынан гиперкапния дамиды (артериялық қандағы көмір қышқылының парциалды қысымының жоғарылауы).
Тыныстың жіті жетіспеушілігін (ТЖЖ) механизміне, газ алмасудың бұзылыстарына карай 4 топқа бөледі:
1. ТЖЖ-нің механикалық түрі. Ол тыныс жолдарының жоғарғы бөліктерінін обструкциясына (тілдің тыныс жолдарын бітеп қалуы, жедел эпиглоттит, ларингоспазм, жедел ларинготрахеит, көмей және кеңірдектегі бөгде заттар), төменгі бөліктерінің обструкциясы (жедел эндобронхит, жедел бронхиолит, жүрек жетіспеушілігі, бронхтағы бөгде заттар), қабырғалардың сынуына байланысты.
2. ТЖЖ-нің бөлу-диффузды түрі. Оның дамуы альвеолярлық қабырғалар арқылы газдардың бөлінуі мен диффузиясының бұзылуына байланысты: өкпенің ісінуі, ателектаз, альвеолит, жанармаймен улану.
3. ТЖЖ-нің желдендірулік түрі. Олардың себептеріне: даму ақаулары (кеуде клеткасының деформациясы, көкеттің жарығы), әр-түрлі этиологиялы комалар (бассүйек-ми жарақаты, менингит, энцефалит, уланулар, тыныстың жүйке-бұлшық еттік регуляциясының бұзылуы (тырысу статустары, тырысқақ, полимиелит, полирадикулоневрит), рестриктивті процесстер (құрғақ плеврит, көк еттің ауру сезіміне байланысты қимылының тежелуі, асқазанның мөлшерден тыс толуы, ішектің парезі).
4. ТЖЖ-нің аралас түрі. Бұл тыныстың тоқтауына, ТЖЖ-нің барлық ауыр түріне, өкпенің қабынуына, экссудативті плевритке, пневмотораксқа, пиоторакска, гидроторакска, бөліктік немесе толық өкпе ателсктазына, ФОҚ-мен улануға байланысты. ТЖЖ барлық түрі өршуіне қарай мынадай 3 патогенетикалық сатылардан өтеді: компснсациялык. субкомпенсациялык және декомпенсациялық.
Компенсациялық. Мұнда желдендірулік тыныс жетіспеушілігінде дамитын тыныстық көлемнің біріншілік азаюы тыныстың жиіленуіне (тахипноэ) байланысты толтырылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Бір құдірет бар дейді)

Бір құдірет бар дейді асқан дана,
қайда онысы Жерде ме, аспанда ма?
Құрығы ұзын деседі сол біреудің
дөп тиетін бұққанға, қашқанға да.
Қайда өзінің мекені? Ұлы ма анық?
Жарылқағыш адам ба нұры жарық?
Тірі жанға көрінбей отыр ма әлі
жалғыз өзі аспанға шығып алып?
Қүнге қызып жатыр ма, қарап Айға,
әлде бір кез жерді де аралай ма?!....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сыныптағы мені қоршаған заттар (3-сабақ) (1 сынып, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Күні
Сабақ тақырыбы:Сыныптағы мені қоршаған заттар (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.5.1.2 Мұғалімнің қолдауымен көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын ауызша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын ауызша тілде қолданады
Көптеген оқушылар көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын ауызша тілде қолданады
Кейбір оқушылар: көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын ауызша тілде өздігінен қолданады...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Спорт тұлғаларымен сұхбаттар (3-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақ тақырыбы: Спорт тұлғаларымен сұхбаттар (3-сабақ).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.3.1 тыңдалған хабарлама (ұзақтығы 1 – 1,5 минуттан артық емес) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/ сюжетті суреттер/ сызба таңдау.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: тыңдалған хабарлама мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап береді және оған сәйкес суретті таңдайды.
Көптеген оқушылар: тыңдалған хабарлама мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және оған сәйкес суретті таңдайды.
Кейбір оқушылар: тыңдалған хабарлама мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап береді және оған сәйкес суретті таңдайды. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0