Географиядан сабақ жоспары: Құрлық суларының экологиялық проблемалары №2 (8 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Физикалық география.
Сабақтың тақырыбы: Құрлық суларының экологиялық проблемалары №2
Оқыту мақсаты; 8.3.3.5 құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде).
Сабақтың мақсаты: Құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанның саяси-интеграциялық үдерістердегі мүдделері бағыттары және бастамалары №3 (8 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Елтану және саяси география негіздері
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның саяси-интеграциялық үдерістердегі мүдделері бағыттары және бастамалары №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.6.1.6 Қазақстанның саяси интеграциядағы мүдделері мен мақсаттарын талдайды
Сабақ мақсаттары: Қазақстанның әлемдік саяси интеграциядағы орнын анықтайды
Қазақстанның әлемдік саяси интеграциядағы мүдделері мен мақсаттарын талдайды
Қазақстанның саяси интеграцияға қатысына баға береді ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Кеңістіктегі векторлардың координаталары 1-сабақ (Геометрия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар
Сабақ тақырыбы: Кеңістіктегі векторлардың координаталары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.11 - вектордың координаталары ұғымын білу, вектор координаталарын бірлік векторлар бойынша жіктеп таба білу;
Сабақ мақсаттары: Оқушыларда коллинеар, компланар және компланар емес векторларды ажырату дағдысын қалыптастыру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | ЖАЛҒАНАЯҚТЫЛАР КЛАСЫНА ЖАТАТЫН ЖӘНДІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЖАЛҒАНАЯҚТЫЛАР КЛАСЫНА ЖАТАТЫН ЖӘНДІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жалғанаяқтылар класына жататын жәндіктер теңізде және тұщы суларда, кейбір түрлері паразит ретінде еркін тіршілік етеді. Топырақта, сондай-ақ батпақты жердегі мүк арасында мекендейтін түрлері де бар. Олардың денесі бр ғана жасушадан тұрады.
Жасушасы қабықшасыз болғандықтан, жалғанаяқтылардың денесінде тұрақты пішін болмайды. Электрондық микроскоппен ғана көрінетін өте жұқа жарғақша немесе плазмалемма жасуша ішіндегі цитоплазма қозғалысынан бірде созылып, бірде қайтадан қалпына келіп, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Байғұлан

Ертеде бір батыр болған екен. Оның байлығы тоғыз-тоғыздан айналып жатқан құла шұбар жылқысы болса керек. Бұл байдың үш баласы болыпты. Екеуі – ер, біреуі – қыз. Ең үлкен баласының аты – Байғұлан өзі ер, әрі сал болса керек. Мұның барлық істейтін кәсібі – ертеден кешке шейін аң аулау. Сөйтіп жүргенде, әкесі қайтыс болып, қалған дүниесі ер баласының қолына қарайды. Бұдан кейін Байғұлан өзіне елінен таңдап жүріп бір әйел алады. Байғұлан бұрын төртеу болса, енді бес жан болады. Тағы да бұрынғы қалпында аң аулап жүре береді. Аңнан келген сайын, өзімен бірге туысқан......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Рабиндранат Тагор | Үзілген үміт


Мен Дарджилинге жаңбырлы күні келген едім, Көше қыдыруға зауқым соқпады. Алайда үйде отыра беру де көңілді болмады.

Қонақ үйде тамақтанып алдым да, қалың табан бәтеңкемді, жалбағайлы плащымды киіп, не болса да көшеге шықтым.

Қала үстінде қалың бұлт төніп тұр. Жаңбыр шелектеп құйғандай. Құдай тағала әлемге топан суын қаптатып жіберген сияқты.

Мен есіз де көңілсіз Калькутта көшесімен жүріп келемін. Тұман мен бұлт патшалық құрған мына меңіреу дүниеден құтылғым келеді, шу-думаны бар жарық дүниеге шығып табан тіресем деймін.

Жақын бір жерден жылаған әйел даусы естілді. Қайғы-қасірет пен көз жасына толы бұл дүниеде жылау деген немене, дағдылы құбылыс емес пе! Мүмкін мен басқа бір ретте көңіл аудармай да өткен болар едім. Ал мына тұман мен бұлт өктемдік жасап тұрған бұлыңғыр дүниеде жылаған әйел даусы ғайып болған бүкіл әлемнің жоқтауы сияқтанып кетті. Мен өтіп кете алмадым.

Жақындай келе жол қапталындағы таста отырған, басында алтын түстес байлары бар қызыл киімді бір әйелді көрдім. Ақырын өксіп жылап отыр.

Бұл тегі көптен бері шемен болып көкірекке қатқан ескі құса болса керек. Торыққан көңіл, басқа түскен жалғыздық, мына бүгінгі күннің күңгірт аспаны — бәрі қосылып сол ескі дертті қозғап жіберіпті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Артур Конан | Дойл Көгілдір жақұт

Рождествоның үшінші күні мерекемен құттықтау үшін Шерлок Холмсқа барғам. Үстіне қызыл халат киіп кушеткада жатыр екен; оң жағында қорқорларына арналған үйкөк тұр, сол жағында мыж-тыжы шыққан бір құшақ таңертеңгілік газет жатыр - бұларды осы жаңа ғана қарап шықса керек. Кушетканың жанында орындық түр, арқалығына әбден ескіріп, байырғы түрін біржола жоғалтқан киіз қалпақ ілініпті. Холмс мұны барынша мұқият зерттеген секілді, өйткені осы арада, орындықтың үстінде, пинцет пен үлкейткіш шыны да жатыр.

— Қолыңыз бос емес пе? Бөгет жасаған жоқпын ба? - дедім.

— О не дегеніңіз, - деді ол - Қайсыбір ізденістерімнің нәтижесін бірлесе талқылауға болатын досымның барына сондай қуаныштымын. Бұл ауыз толтырып айтуға тұрмайтын іс, бірақ таңданарлық әрі тағылым аларлық бірқатар оқиға мынаған, - ол саусағымен қалпақты нұсқады, - тығыз байланысты боп тұр.

Мен креслоға жайғасып, сытырлап жанып жатқан каминге қолымды жылыта бастадым. Аяз күшіне мініп тұрған; терезе әйнегіне қалың мұз қатып, түрлі-түрлі өрнек салып тастаған-ды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Астана қаласының географиялық және саяси экономикалық орны

Астана қаласы – Қазақстан Республикасының астанасы – оны сипаттау диплом жұмысының мақсаты болып саналады.
Далалы зонада қазіргі заман үлкен қаласының, астанасының пайда болу себептерімен және іздерін анықтау, оның халқын, шаруашылығын және болашақта даму перспективаларын талдап жазу жұмыстың міндетіне жатады.
Қазақстан Республикасының астанасы тәуелсіздік және өркендеу символы ретінде экономикамен халықтың молшылығын табысты өсуінің көрсеткіші болғандықтан оны баяндау, анықтау тақырыптың актуалдылығы болып табылады.
Астана жаңа тәуелсіз мемлекеттің Астанасы ретінде соңғы уақытқа шейін әлемге мүлдем таныс емес еді. 1997 жылы бұрынғы шағын қала Астаналық мәртебені алғанан кйін көз алдымызда бурқана жаңа қалалық рухани, сипатқа ие болып, есікілік пен жаңалықты үйлестіре өскені сөзсіз. Мұны саясат, мәдениет және тарих үлгісі ретінде біздің қаламызбен танысқысы келетіндерге неге көрсетпеске.
Қазақстан саяси картасында 1991 жылы КСРО құлағаннан кейін пайда болады, ал 6 жыл өткен соң призидент Назарбаевтың жарлығымен Республиканың астанасы Аламатыдан Астанаға көшірілді. Астананың ауысуы өте жылдам уақыт аралығында жүзеге асырылды, ол тіпті шығыста ештеңе жылдам салынбайды жақсақ пікірге қарама – қайшылық тудырып еді. 1997 жылы Үкімет шешім қабылдасымен Алматыдан Астанаға мемлекеттік шенеуниктер мінген пойыздар ағыла бастады. Қалаға салтанатты түрде – Мемлекеттік рәміздер - Ту мен Елтаңба әкелді, ал 1998 жылы Қазақстан Астанасының ресми презентациясы болды. Жоғарда айтқандай тоқсаныншы жылдары ортасында Қазақстан Республикасы Призиднет Нұрсылтан Назарбаев көпшілік көптеген алаида шұғыуыл түрде, оңтүстікте орналасқан Астананың Республиканың орталығына ауыстыруды қажет деп тапты. Астана ауыстырудың скбептері аз айтылған жоқ, тек бір нәрсе анық еді ештеңеге қаракмаи қазақстанның жаңа Астанасы қалыптасты. Астана елдің эканомикалық саяси және мәдени өмірінің орталығына аиналды. 1998 жылы 6 – мамырда Ел басы Нұрсылтан Назарбаевтің Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өгертілді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Қора өзенігің бастауындағы тау мұздықтарының туризмді дамыту мүмкіндіктері

Орографиялық рекреациялық ресурстардың ішінде таулы алқаптардың табиғат байлықтары жетекші орын алады. Қора өзені аңғарының табиғат жағдайларының алуан түрлілігі, қолайлы эстетикалық тартылымдылығымен қатар 2500-3300 метр биіктегі тау мұздықтары шоғырланған биік таулы бөлігіндегі экстримальды қолайсыз жағдайларының өзі рекреациялық іс әрекетте асқан шеберлік пен ептілікті қажет ететін спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Халық жиі қоныстанған Талдықорған-Текелі өнеркәсіпті ауданына жақын орналасқан Жетісу Алатауының солтүстік-батыс бөлігінің табиғат байлықтарын рекреациялық тұрғыдан тиімді пайдалану Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы дәстүрлі халыққа жолдауына сәйкес туризм кластерін құруды жүзеге асыра отырып, шетелдік және отандық туристерді тартуға мүміндік береді.
Бітіру жұмысының өзектілігі: Өлкетану-ізденіс жұмысы халық жиі қоныстанған өнеркәсіппен ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған Талдықорған -Текелі өнеркәсіпті ауданына жақын орналасқан Қора өзенінің бастауындағы тау мұздықтары мен эстетикалық тартылымдылығымен ерекшеленетін моренналы көлдерді рекреациялық тұрғыдан игерудің ғылыми-танымдық, спорттық, бұқаралық сипаттағы сауықтыру, альпенизммен тау туризмін дамыту мүмкіндіктерін анықтауымен өзекті.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0