Сабақтың мақсаты: Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру;құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру; ой-өрісін дамыту, адам құқығы туралы Конвенция шарттарын меңгерту; белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту; балалардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру. Көрнекіліктер: нақыл сөздер,суреттер,слайд.....
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер Сабақ тақырыбы: Көркем шығарма элементтерін салыстыру «Сенім» Машқар Гумеров Оқу мақсаттар: 3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау 3.3.2.1* шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: әңгімедегі эпизодтерін салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды, кейіпкерге хат жазады Көптеген оқушылар: сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтап, талдау жасай алады, сыни хат жазады Кейбір оқушылар: әңгіме мазмұнының ретін сақтай отырып, жинақтап, хат жазуда ескереді.....
Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков (10 наурызда 1945 жылы, Қазақ КСР Алматы облысы Сарқант ауданы, Екіаша ауылы - 17 желтоқсанда 2017 жылы Қазақстан Алматы) — кино және театр актері. Қазақстанның халық әртісі (1993). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1976). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері. Өмірбаяны 1969 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік факультетін (педагогы – профессор Х.Бөкеева) бітірген. Қазақ академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Оның алғаш ойнаған рөлі – “Қыз Жібек” фильміндегі Төлеген (1970). Бұдан кейін “Қыс – мазасыз маусым” “Ағам менің” “Ерекше күн” “Аққулар ұшып келеді” “Махаббат жаңғырығы” “Ағама арналған қалыңдық” “Қараша қаздар қайтқанда”....
Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол-Отанға деген сүйіспеншілік. Б.Момышұлы Соғыстың аты соғыс қой, Жалмады талай арысты. Мылтықтың оғы босқа ұшпай, Өлім мен өмір алысты. Міне,Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін,тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туғантуысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске алады. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды.Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтармен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. ......
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею Сабақ тақырыбы: Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері (өздігінен, айқас, жасанды). Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.3 айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Гүлдің құрылысы және тозаңдану түрлерін анықтайтын болады Қатысушылардың көпшілігі: Айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың арасындағы айырмашылықты түсінетін болады Кейбір оқушылар: айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттайтын болады.....
Кіріспе Кез келген тілдің дамуы, ең алдымен, сөзжасам жүйесімен байланысты. Тілдің байлығы-кірме сөздер есебінен сөздік құрамның толығуымен емес, төл сөздердің мағыналық және тұлғалық дамуы негізінде, жаңа сөздердің туындауы арқылы анықталады. Сондықтан тілдегі төл сөздердің ұғымдық, мағыналық және тұлғалық даму жүйесін зерделеу қажет. Тіл дамуы әлем бейнесін танып-біліп, олардың әр түрлі белгісі мен қасиеті, сапасы мен саны, қимылы мен әрекеті, амалы мен сипатына атау беруі арқылы орындалады. Заттар мен құбылыстардың белгілеріне атау, есім беру халық танымымен, ой-санасының өсуімен, ұлттық психология мен менталитетіне байланысты анықталады. Болмыстағы кез-келген зат не құбылыс ұғым тілдік таңба арқылы таңбаланып, өзінің сөздік бейнесін жасайды. Бұл таңбаланған бейне сөзжасамдық процесс арқылы жасалып, атау ретінде танылады. Атаудың жасалу, қалыптасу процесі-сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны. Яғни сөзжасам-ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасын жасау процесін айқындайды. Сөзжасам-атау жасау процесі. Процесс нәтижесі-туынды сөз. Сөзжасам туынды сөздің жасалу сипатын, әдіс-тәсілін, уәжділігін, жасалған жаңа ерекше мағынаның ішкі құрылымын талдайды. Туынды сөздің құрылымын тұлғалық және мағыналық деңгейде қарастыра отырып, мағынаның белгіленуіндегі ұғымның, танымның рөлі мен маңызы зерттелді. Жаңа сөз жасау, белгілі құбылыс пен затқа атау беру-номинация мен сөзжасамның зерттеу нысаны. Тілдің сөздік қорын байытуда грамматикалық тәсілдер бойынша тілдегі қалыптасқан модельдер мен құрылған жаңа сөздер жетекші рөль атқарады, нәтижесінде оның лексикалық қоры толықтырылады. Бұл тілдің маңызды функциясы-коммуникацияның кемелденуіне ықпал етеді. Тілдің барлық даму сатыларында сөзжасам мәселелерін зерттеу тіл білімінің өзекті мәселесі болып саналады. Сөзжасам семантикалық, синтетикалық, аналитикалық тәсілдер арқылы туынды сөз – атау жасайды. Атауды коммуникациядан және танымдық қызметтен бөліп қарауға болмайды. Ойлаудың кез келген материалдық бейнесі, ең алдымен, хабарлауға байланысты. Ал сөзжасам мен оның нәтижесі болып табылатын атау тілдегі лексикалық бірлік ретінде ғана емес, әлем бейнесін жасауға қызмет ететін номинативтік қызметімен бағалануы қажет.Атаудың қалыптасу тарихында тілде ортақ сөзжасамдық қалыптар түзіледі. Осы сөзжасамдық қалыптар кешені сөзжасамдық тәсілдердің жіктелуін туғызады. Тіл дамуы көнеден келе жатқан күрделі әрі кешенді құбылыс. Оның өзіндік ішкі және сыртқы даму заңдылықтары бар, бұларды зерттеу сөзжасамның мақсаты болып табылады. Сөзжасам атаудың жасалу сипаты мен мотивациясын (негізделуін) жасалу тәсілі мен жаңадан туындаған мағынаның ішкі құрылымын анықтайды. Сөзжасам процесінің көнелігі тілдің шығу кезеңімен қарайлас, себебі әлемдік әр түрлі бейнеге атау беріп, алғашқы атаудың жасалу сипаты мен одан туындайтын басқа ерекше мағыналарынан бастап, бұл процесс тілде үнемі жүреді. Сондықтан сөзжасам тарихы күрделі, өзіндік ішкі даму заңдылықтары, жаңа сөз туғызатын тәсілі мен қалыбы бар тіл білімінің кешенді бір саласы ретінде бағаланады. Жаңа сөз жасаудың сипаты мен құрылымын тану күрделілігі атау бейнелейтін заттың, құбылыстың және олар туралы ұғымның қатынасын анықтау қиындығымен байланысты. Туынды сөз жасау, көбінесе басқа тілдік құбылыстар арқылы негізделіп орындалады. Себепші (мотивтендіруші) сөз арқылы негізделіп, әр түрлі сөзжасамдық тәсілдер арқылы пайда болған жаңа мағыналы тұлғалар туынды сөздер болады, мұндай жасалымдар – сөзжасамдық процесс негізінде орындалғандықтан, сөзжасамның негізгі зерттеу нысанына айналады. Туынды сөздер екі не бірнеше морфемалар мағынасы арқылы жасалып, күрделі құрылымға ие болады. Сөзжасамдық аспектіде туынды сөздердің мағынасын айқындау – олардың ішкі семантикалық құрылымын зерделеу деген сөз.....
Анфилофий Петрович Шилков (14.3.1917, Ресей, Түмен облысы Исет ауданы Турушево селосы - 1990, Екатеринбург қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант, батарея командиpi. Орыс. Қаржы-экономикалық техникумын бітіріп, Амур облысының Благовещенск қаласында бухгалтер болып жұмыс істеген. Кеңес әскері қатарында 1938 жылы және 1941 жылдан әскери борышын өтеген. 1938 жылы Хасан көлі маңындағы кақтығысқа қатысқан. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың ақпан айында келді. 624-жаяу әскер полкінің .....
Аш қасқыр аңға бару үшін орнынан тұрды. Үш бөлтірігі бірдей үйме-жүйме болып, бірін-бірі жылытқан күйі қатты ұйықтап жатыр. Аш қасқыр оларды бір-бір жалап алып, жүріп кетті.
Көктемгі март айы, алайда түнде, декабрьдегідей, ағаштар шытынып тұратын еді де, тілінді болар-болмас шығарсаң-ақ, қатты шымшып әкететін-ді. Қасқырдың денсаулығы нашар, әрі өзі сужүрек. Болар-болмас дыбыстан селк ете түсетін, үнемі біреу-міреу келіп, бөлтіріктерімді жәбірлемесе игі еді деп ойлайтын. Адамдар мен жылқылардың іздерінің иісінен, ағаштың түбірлерінен, үйілген отындардың, малдың қиы түсіп қарауытқан жолдан қатты қорқатын. Ағаштардың сыртында қаракөлеңкелерде адамдар тұрған сықылданатын, орманның бір шетінде иттер үріп жатқан тәрізденетін.
Қасқыр қартайыңқырап келген-ді, сондықтан сезімі нашар тартқан еді. Жас кезінде алданып, жолдан адасу деген өмірі болмайтын ғой, міне, казіргі кезде ара-тұра жолдан адасып та кетіп отырады, түлкінің ізін иттің ізі деуі де болып қояды. Денсаулығының нашарлығынан ол бұрынғыдай бұзаулар мен ірі қойларды аңдуды қойған, үйірлі жылқыны көрсе, анадай алыс жерден орағытып өтетін, содан тек өлексені ғана азық қылатын. Жас етті де сирек жейтін, жас етті тек көктемде үстінен түсіп қалып, қоянның жас көжектерін ұстап алғанда ғана, болмаса, қозылары тұрған мұжық қорасына ұрланып түскенде ғана жейтін. .....
Бағана ғана осы кафедрадан кіріп-шығып жүрген бір оқытушыны көрген еді. Бұған түсі суықтау көрінген. Мына қағазда осы оқытушының сабағы болмай-ақ қойса екен деп тіледі.
Кафедраның есігін қағып, кіріп барғанда әлгі оқытушының дәл қарсы алдында отырғанын көріп, дағдарыңқырап қалды. Ол бір жігітпен шахмат ойнап отыр екен. Түскі астың уақыты болған еді. Оқытушы мұны көре салып:
Бұл келген жұмысын айтты. Оқытушы қағазды қолына алды. Сонан соң:
- Ой, айналайын, мына сабақтарға бір ай жүресің ғой, - деді. - Ішінде менің сабағым жоқ па екен? - деді сонан соң оқытушы. Қағазға қайта үңілді де: - Менің сабағым жоқ екен, - деді.
Әлгі бір әзірде ғана осы оқытушының сабағы болмай-ақ қойса екен деп тілеген еді. Енді болмай қалғандығына өкінді. Оқытушы енді кафедра есігінің қайырылысындағы бұрышқа көз тастады да, қыз баланың есімін айтқанда, аядай ғана кафедраның ішінде, бұл ойлағандай, екі адам емес, үшінші адамның барын енді ғана аңғарыпты. .....
Жеміс шаруашылығы ауыл шаруашылығы салаларының бірі. Бұл саланың негізгі зерттейтін объектісі-көп жылдық ағаш және бұта тектес өсімдіктердің жемістерін, жидектерін алу үшін өсірілетін дақылдар. Жеміс шаруашылығы негізінен жеміс-жидек дақылдарының өсуін, дамуын, көбеюін, өнім салуын, сапалы өнім салу заңдылықтарын зерттейді. Жеміс-жидектің құрамында органикалық қышқылдар, қант, хош иісті илік заттар, витаминдер өте көп болады. Адам денсаулығы үшін жеміс-жидектің маңызы өте зор. Медицинада кеңінен қолданылады. Қазақстанның таулы жеріндегі ормандарда алуан түрлі жеміс ағашы өседі. Жабайы өсетін жеміс-жидектердің көпшілігінің құрамындағы ағзаға пайдалы заттар мәдени түрлеріндегі әлдеқайда көп болады. Жабайы жеміс-жидектердің сапасы жоғары болғандықтан олардың мәдени түрлерін шығару қолға алынды. Жеміс-жидектерде жеңіл сіңімді қант көп. Алма мен алмұртта 13-14 пайызға дейін, жүзімде 20 пайызға дейін болады. Жемісте ақуыз, май өте көп. Витаминдер әсіресе қарақатта бүлдіргенде, алмада көп болады. Сондықтан да олардың халық шаруашылық маңызы да өте үлкен. Жеміс-жидек тамақ өнеркәсібі үшін өте бағалы шикізат болып табылады. Жеміс ағаштарының санитарлық-гигиеналық та маңызы бар. Бақтар ауылдар мен қалаларды желден, шаңнан қорғайды. Мұның өзі Қазақстанның ыстық, қуан аудандарына өте қажетті. Қазақстан территориясында жеміс-жидек өсімдіктерін егу өте ерте уақытта басталған. Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында мұнан да ертерек уақытта жеміс ағаштары егілгені туралы мәлімет бар. Алайда ағаш егілген жердің көлемі аз және сорттарының сапасы да төмен болған. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жеміс-жидек дақылдарынан аса сапалы мол өнімдер алатын экономикалық тиімділігі зор арнайы фермерлер, жеке шаруашылықтар саны көбейіп келеді.Мысалы, 1991 жылы республикада осындай шаруашылық саны 0,3 мың гектар болса, 2001 жылы бірмыңға жетіп отыр. Жеміс шаруашылығына көп еңбек сіңірген ғалымдар қатарына А.Ж.Жанғалиев, А.П.Драгавцев, А.Н.Кацейко, В.П.Пономарчук, В.И.Васильев, А.П.Андронов, Б.Г.Матаганов, К.Г.Карычев, Е.Г.Раузин, С.Н.Олейченко, К.Ж.Аяпов, О.А.Укібасов тағы басқалар жатады.....